Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3005 0 пікір 11 Ақпан, 2014 сағат 05:43

Жетістірер сені жалаң төс «Уолл-стрит»!

Жексенбі. «Мега». «Кинопарк». Сағат 14:40. 6-зал.

Даңқты актер Леонардо ди Каприо шақырып еді. «Волк с Уолл-стрит». Мәңгілік тілімізде әзірге кино көрсетілмейтіндіктен, атауын сол қалпында жазып отырмыз. Жарнамасы дүниені дүрілдетіп тұр. Оның үстіне режиссер – Скорсезе.

Алдын-ала...

...аңдатпасынан 16 жасқа толған көрерменге арналғанын аңғарғанбыз. Кәмелетке жеткенімізді ескеріп, жұрттан қалғандай, жұртта қалғандай болмай, жетіп бардық. Жаңа әлем танимыз, талғам байытамыз, өнер туралы көкжиегімізді өрістетіміз, өмір салты еркін елдің ендігіне енеміз... дегендейін-дегендейін дәмедеміз.

Көрсетілімнен кейін...

Әттең. Бірақ. Әй, қап... секілді өңкей өкініш өзекті өртеді. Әңгіме – экранның арғы бетіндегі көріністе емес, бергі бетіндегі көріністе.

Жексенбі. «Мега». «Кинопарк». Сағат 14:40. 6-зал.

Даңқты актер Леонардо ди Каприо шақырып еді. «Волк с Уолл-стрит». Мәңгілік тілімізде әзірге кино көрсетілмейтіндіктен, атауын сол қалпында жазып отырмыз. Жарнамасы дүниені дүрілдетіп тұр. Оның үстіне режиссер – Скорсезе.

Алдын-ала...

...аңдатпасынан 16 жасқа толған көрерменге арналғанын аңғарғанбыз. Кәмелетке жеткенімізді ескеріп, жұрттан қалғандай, жұртта қалғандай болмай, жетіп бардық. Жаңа әлем танимыз, талғам байытамыз, өнер туралы көкжиегімізді өрістетіміз, өмір салты еркін елдің ендігіне енеміз... дегендейін-дегендейін дәмедеміз.

Көрсетілімнен кейін...

Әттең. Бірақ. Әй, қап... секілді өңкей өкініш өзекті өртеді. Әңгіме – экранның арғы бетіндегі көріністе емес, бергі бетіндегі көріністе.

Кино басталмас бұрын монитордан «18+» деген ескерту берілді. Оны көріп, залдан шығып бара жатқан ешкім байқалмады. Көзге шалынғаны –бесіктегі бөпесін қолына көтеріп кірген жас жігіт қана. Есесіне біз санаған жүз елудей көрерменнің жартысы – кәмелетке толған-толмағаны күмәнді ұл-қыздар. Тапа-тал түсте моральдық азғындық шегіндегі кинотуынды Қазақ елінің барлық кинопаркінде айналымда жүр. Оны тамашалайтын аудиторияға бақылау болмағаны қатты қынжылтты. Көкейде көп сұрақ туындатты.

Біріншіден, бізге мұндай жалаң төсті, жат қылықты кинолар керек пе? Артық емес дерсіз. Олай болса, аудиторияны мұқият қадағалау қажет.

Екіншіден, кез келген кинотуынды ел аумағында көрсетілу-көрсетілмеуі жөнінде сүзгіден өте ме? Өтсе, жөн екен, бағыты «дұрыс» екен.

Үшіншіден, депутаттарымыз телеэкран шетіне қай бағдарлама қай жастағыларға арнап көрсетілетінін нақтылап, заң қабылдап берді. Мақұлданды. Қолданыста. Ал үйдегі шағын телеэкран емес, қоғамдық орында алып монитордағы «16+», «18+» дегендей жазуды ескермей жүрсек, қайтпек керек? Кім жауапты?

Төртіншіден, білуімізше, жыныстық қарым-қатынасты, есірткіні ашықтан-ашық насихаттайтын кинофильмдерді жасөспірімдерге ұсыну анатомиялық, психикалық тұрғыдан әжептәуір келеңсіздікке ұшыратады. Сонда дейміз-ау, зал тола шықылықтап отырған әлгі шикіөкпелердің ата-анасы баласының 180 минут бойы қайда жоғалып кеткенін сұрады ма?

Бесіншіден, «айтып отырғаныңның аясы тар, кинотеатрдан қусаң, интернет бар емес пе?» дейсіз ғой. Оның да тұсауын табу керек.

Алтыншыдан, бұл күнде не көп, оқушылар арасында түрлі сұлулық байқауы көп. Солардың бірін жуырда телеарнадан бес жасар қызымызбен бірге көре қалайық. Сайыстың кезекті шарты бойынша сахнада әбүйірінен басқа жері жалаңаш 12-14 жас шамасындағы қаракөздер билей бастады. Күймей көр! Сөйтсем, бекер екен. Әйтпесе не мынау?!

У жұтқызар «Уолл-стритт».

Ерболат ҚАМЕН

P. S. Аталған орталыққа кіреберісте 3-4-сынып оқитын екі сұйық шаш кезікті. Әрі кетсе, 3-4-сынып! Әңгімелерін құлағым шалып, аңырып қалайын:

«Ты знаешь, Лэйла тебе изменяет. Знаешь, с кем?»...

Кинозалдан шыға берісте сол екеуін де көрдім.

Жөнелте беріңдер бөлтіріктерңді Уолл даңғылына қарай. Жолы болады!

P.S.

Кез-келген мәселе кешенді шешімге зәру. Яғни, бұл да солай.

 

Сауалнама

Анайылыққа қалай тосқауыл қоямыз?

Астана кинотеатрларында «Волк с Уолл-стрит» фильмінің еліміздегі премьерасы жүріп жатыр.  Кісі қысылатын көріністері көп киноның рецензиясында 16 жасқа толмаған балалардың  көруіне тыйым салынған.  Дегенмен, елорданың кинопарктерінде шетелдік киноны мектеп оқушылары емін-еркін тамашалауда. Бұған қалай тосқауыл қою  керек?

Жібек МОЛДАШБАЕВА, дәрігер-сексопатолог:

– Анайы фильмдер кәмелетке толмаған балалардың ағзасында жыныстық гармондардың ерте жетілуіне және психикалық ауруға әкеледі. Жыныстық гармондар ерлерде «андрогендер», әйелдерде «экстрогендер» деп аталады. Бұл гармондар медициналық жолмен жетіліп отыруы тиіс. Жалаңаш бейне, эротикалық кадрларды көрген балада уақытынан бұрын жетілу процесі жүреді. Нәтижесінде жасөспірім айықпас дертке ұшырайды. Яғни, некеден тыс жүктілікке, қан арқылы таралатын жыныстық ауруларға ұрынады. Ең қатерлі гонорея, сифилис, трихомонез, АИВ, ВИЧ сынды ауру түрлерін жұқтыруы мүмкін. Ресми деректерге сүйенсек, эротикалық фильмдердiң әсерiнен елімізде жылына 200 мыңға жуық қыз түсiк тастайды екен. Олардың басым бөлігі жоғары сынып оқушылары, студенттер. Ал, бір рет түсік жасатқан қыз жиырма пайызға дейін жүктi болу мүмкiндiгiнен айырылады.

Лимана ҚОЙШИЕВА, психолог маман:

– Бала әлемі өте нәзік, арманшыл болып келеді. Оның үстіне мектеп жасындағы оқушылар кез келген ақпаратқа талдау жасап, оны сүзгіден өткізбейді. Жуырда ғана Батыс Еуропа ғалымдары жасөспірімдерге зерттеу жүргізген болатын. Яғни, мектеп жасындағы оқушыларды жинап, оларға анайы фильм көрсеткен. Нәтижесінде, олардың санасы есірткі қабылдаған адаммен бірдей өзгеріске ұшырайтынын анықтады. Жеткіншектердің масаң күйге түсіп, кез келген нәрсеге жеңіл қарайтынын білді. Жастарды улайтын, жаман жолға сүйрейтін анайы фильм деген байламға келген. Енді қалай күресудің жолын өздері таппай дал болуда.

Осы ретте айтып өтейін, бір кездесуде елордалық тоғызыншы сыныптың қыздарымен әңгімелестім. Бәрінің арманы – кәріс сериалдарында ойнайтын жігіттер.  Қолдарында – шашы жалбыраған кәріс ұлдардың фотосы. Тіпті, біреуі  «Кореяға іздеп барып, бәрібір тауып аламын» дегенде таң қалдым. Міне, бұл – фильмнің «жемісі».

Ал, «Волк с Уолл-стрит» фильміне келсем, әрине, ересектерге арналған туынды. Ақша, жыныстық қатынас, есірткіге тәуелділік жиі көрсетіледі. Бұл ретте әрбір ата-ана өз баласын қатаң қадағалау керек. Олардың мұндай фильм көруіне алдымен өздері тосқауыл болғаны абзал.

Венера БАЯДИЕВА, «Арсенал» ойын-сауық кешенінің әкімшісі:

– Ия, ол фильм бізде көрсетіліп жатыр. Бағасы  1000-1200 теңге аралығында.  Ал, студенттерге 700 теңгеден. Бірақ, оқушыларға билет сатқан емеспіз. Біздің  кассада адамның  жасына байланысты сұрақтар туындағанда қосымша құжаттар талап етіледі. Дегенмен, үлкендер сатып алып, өздері мектеп жасындағы балаларды ертіп келуі әбден мүмкін. Сондықтан, алдағы уақытта  бақылаушыға жастарды құжат бойынша кіргізуін ескертеміз.

Ілияс ҚОЖАБЕКОВ,  заңгер:

– «Здравствуйте, я – Джордан Белфорт! Я – алкоголик. А еще я наркоман. Бабник» деп басталатын фильмді оқушылар қайдан түсінсін? Сөз жоқ, бұл жерде құқық бұзушылық орын алып отыр. Мұны кез келген адам сол мекеменің басшысына ескертіп, құқық қорғау органдарына хабарласуы керек. Себебі, мұндай мәселені бейжай қалдыруға болмайды. Бұл , ең алдымен, әлемдік киноөндірісінің талаптарына да қайшы. Киноиндустриясы дамыған мемлекетте адам құқыларының қорғалуына баса назар аударылады. Ондағы фильмдердің көрсетілімі барлық стандарттарға сәйкес болуы маңызды. Егер бізде құқық бұзушылық дерегі анықталып жатса, еліміздің киноиндустриясының дамуына шек қою талаптары қарастырылуы әбден мүмкін. Менің айтарым, кинотеатрларда арнаулы қадағалау тобы болғаны жөн. Бұл фильм 16 жастан бастап көруге рұқсат етілгенімен, Ресейдің өзінде 18 жасқа дейінгілерге тыйым салынған.

Асылтас ҚОЖАХМЕТОВА, Білім басқармасының әдіскері:

– Оқушылардың демалыс күнгі уақытына ата-ана жауапты. Мектеп уақытынан тыс олардың қайда баратынын, қандай кино көретініне бақылау жасай алмаймыз. Бірақ, өз тарапымыздан мұндай фильмдерді көрмеуге, бос уақыттарын тиімді пайдалануға үндейміз. Түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргіземіз.

P.S.

Бұл мәселе жөнінде Астана қаласының прокуратурасына хабарласқан едік. Прокуратура өкілі Бас прокуратура тапсырмасымен немесе ішкі бұйрық бойынша азаматтардың арыз-шағымы негізінде тексеру жүргізе алатындықтарын айтты. Яғни, кез келген ата-ана осы мәселеге қатысты прокурордың атына шағым түсірсе, міндетте түрде тексеріс жүргізіледі. Кинотеатрларды жауапкершілікке тарту, айыппұл салу немесе қандай да бір шара қолдану тек прокуратура өкілдерінің құзіретіндегі шаруа.

Сауалдаманы жүргізген: Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

«Астана ақшамы» газеті, №16 (3074), 11 ақпан  2014 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2085
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2505
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2150
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612