Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5456 1 пікір 6 Ақпан, 2014 сағат 07:52

Жемісбек Дулатбекұлы. Қапал батыр

 «Ана тілі» газеті, 2014 жыл, 23-29 қаңтардағы № 3 саны, «Дулығалы дала перзенттері» айдарында «Қапал батыр» атаулы көлемді мақала жарияланды. Авторлары Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ақын-аудармашы Көпбосын Панзабеков пен Халықаралық Жамбыл атындағы және Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты Есенәлі Ералы. Соған пікір білдірейін.

Мақалада: «Оның (Қапал батыр) туған, өскен ортасы, бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданы жеріндегі Ешкіөлмес, Баянжүрек тауларының өңірі», - делінген. Аталған өңірде дулаттар қоныстаған деген деректер жоқ. Дулаттар Құлжа, Қашқариядан Шу, Сыр, Самарқан өңіріне ХV ғасырда ойысқаны тарихта бар. Оңтүстік Қазақстан облысы сайтында: «Қапал батыр бiздiң облыстағы қазiргi Төле би ауданы аумағында туылған», - делінеді. «Жетісуым - жеті құтым, ырысым» кітабында: «Қапал батыр Оңтүстік-Қазақстан облысы, Леңгір ауданында өмірге келген», - деп жазылған. Ендеше, «Қапал батырдың туған, өскен ортасы Қапал өңірі» деулері шындыққа жатпайды. Мақалада: «Бабаның Шоқандай сұңғыла этнограф-ғалымның назарына ілігуінің өзі көп жайды аңғартса керек», - дейді. Ш.Уәлихановтың өз еңбектерінде Қапал батырды назарына ілгені кезікпейді. Сонда көп жай қайдан аңғарылды.

 «Ана тілі» газеті, 2014 жыл, 23-29 қаңтардағы № 3 саны, «Дулығалы дала перзенттері» айдарында «Қапал батыр» атаулы көлемді мақала жарияланды. Авторлары Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ақын-аудармашы Көпбосын Панзабеков пен Халықаралық Жамбыл атындағы және Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты Есенәлі Ералы. Соған пікір білдірейін.

Мақалада: «Оның (Қапал батыр) туған, өскен ортасы, бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданы жеріндегі Ешкіөлмес, Баянжүрек тауларының өңірі», - делінген. Аталған өңірде дулаттар қоныстаған деген деректер жоқ. Дулаттар Құлжа, Қашқариядан Шу, Сыр, Самарқан өңіріне ХV ғасырда ойысқаны тарихта бар. Оңтүстік Қазақстан облысы сайтында: «Қапал батыр бiздiң облыстағы қазiргi Төле би ауданы аумағында туылған», - делінеді. «Жетісуым - жеті құтым, ырысым» кітабында: «Қапал батыр Оңтүстік-Қазақстан облысы, Леңгір ауданында өмірге келген», - деп жазылған. Ендеше, «Қапал батырдың туған, өскен ортасы Қапал өңірі» деулері шындыққа жатпайды. Мақалада: «Бабаның Шоқандай сұңғыла этнограф-ғалымның назарына ілігуінің өзі көп жайды аңғартса керек», - дейді. Ш.Уәлихановтың өз еңбектерінде Қапал батырды назарына ілгені кезікпейді. Сонда көп жай қайдан аңғарылды.

 Мақалада: «Оның (Ш.Уәлиханов) «Жоңғар очерктері» жазбаларындағы «Қапал стансасы Қапал батырдың есімімен аталған» деген бірауыз пікірі Қапал батырдың қабірін тауып, анықтауға түрткі болды», - делінеді. Ш.Уәлихановтың «Жоңғар очерктері» жазбасы емес, «Шығыс Түркістан, саяхат күнделігі» бар. Онда Қапал батыр туралы ештеңе жазылмаған. «Іле өлкесінің географилық очеркі» атты шығармасында Ш.Уәлиханов: «1853 жылы орыс отрядының Іленің арғы жағында өткізген бірінші қысы өте қатал болды. Мұндайды қазақ ақсақалдары бұрын сонды көріп білмеген еді. Олар Қапалдың іргесі қаланғаннан бері, қысы қаттырақ, ал қары қалыңырақ бола түсті», - деп жазған. Бұл Қапал Верныйға таяу салынған станция. Станция емес. Алматы қаласындағы қазіргі Сүйінбай атындағы көше бертінге дейін Қапал деп аталып келді. Қазір Алматыда «Қапал-14» деген шағын көше бар. Ш.Уәлихановтың еңбектерінен «Қапал қаласы Қапал батырдың есімімен аталған» деп жазған пікірін шаммен  іздесең де таппайсың. Ш.Уәлихановтың ондай пікірі болмаған соң, «Қапал батырдың қабірін анықтап, табуға түрткі болды» деу фәлсапалық. Қасиетті «Тамшыбұлақты» орыстар «Капелька» деп атаған. Қапал бекінісінің атауы осы Тамшыбұлақтың орысша атауынан шыққан. Үш Қопалы аталуынан бұрын Қапал өңірі «Жике алабы» деп аталған.  Барлыбек Сырттанов өзінің естелігінде: «Қапал» атауы орыстың «капать» деген сөзінен шыққан», - дейді. «Жетісу өлкесін орыстың алуы» деген тарихында Ілияс Жансүгіров: «Қапал» сөзі орыстың «капал» деген сөзінен шыққан», - деп жазады. Қолжазбаларында М.Ермектасов, Б.Жидебаев, Б.Құсмолдин аталар: «Тамшыбұлақтың сұлу көркіне қызыққан орыстар «капелька как слезы капает», «капелька часто-часто капала» деген сөздерден, орыстардың «капал» деп айтқан сөзі бекіністің «Капал» деп аталуына негіз болды. Қазақтар ол атауды өз тіліне орамдап «Қапал» деп айтқан», - деп жазады. Ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон бір баласының есімін «Алатау-Тамшыбұлақ» деп атаған. Яғни, Қапал бекінісінің атауы Қапал батыр есіміне байланысты болмаған.

 «Шоқан Қапал бекінісіне 1854 жылы Қашқария сапары қарсанында келген» деп жазғандары да тарихи дерекке сай келмейді. Ш.Уәлиханов алғаш рет Қапалда іс сапармен 1855 жылы Гасфорттың адьютанты болып жүргенде болған. «Қарамола – Қапал батыр жерленген жер» деп Шоқан айтты деген сөз бекер. Ш.Уәлихановтың жазба еңбегінде «Қарамола - жалпақ қоңыр үстірт» деп қана айтылған. Қоңырдағы зират төртсары, бұқабай Қарамолданікі. Жер атауы оның моласына байланысты Қарамола деп айтылған. Қазір Қоңыр ердің есімімен аталады. Қарамоладан Шоқан 1858 жылы 28 майда Қашқарияға баратын сапар керуеніне қосылған. «Қазақ молалары мен жалпы көне ескерткіштері жөнінде» деген зерттеуінде Ш.Уәлиханов: «Аягөздегі Қозы Көрпеш-Баян сұлу зиратының төңірегінде қиралған тек топырақтан үйіліп, үстіңгі жағына ұсақ тас салынған молалар көп жатыр. Олардың қатарында Қапал деген батырдың да зираты бар», - деп жазған. Тегін айтып түстемеген. Мақалада: «Төле бидің бәйбішесі Қарамоладағы Қапал жатқан қорымға жерленген. Төле би Қарамолаға қамқорлық жасаған», - делінеді. Қарамоланың жалғыз мола екені атауынан аңғарылады. Қаптағай төртсары елі қайтыс болған аталарын Қарамола маңына жерлегенше, ол мола жалғыз тұрған. Аталары Қожамберді, Құдайберді, әкесі Әлібек, Төле бидің өзі Шу, Сыр, Шыршық, Ташкент, Жиделі-Байсында өмір кешсе, қалай Қарамоладағы қорымға бәйбішесін жерлеп, молаға қамқорлық жасайды. Қарамола Төле бидің қонысы болды дегендеріне сену қиын. Бұлақ рас әлі бар. Бұлақ суының жиналған жері ежелден қоға-қопалы келеді. Оның әу баста қалай аталғаны ұмытылған.

 Мақалада: «Ел аузы дерегімен Қапал батыр 1513 жылы туылып, 1606 жылы 93 жасында дүние салған. Тәуекел (1583-1598 ж.ж) мен Есім (1598-1628 ж.ж.) хандардың тұсында қолбасшы болған», - деп жазады. Қапал батыр қолбасшы болса тарихта айтылса керек еді. Өмір сүрген жылдарына сүйенсек, 85 жастағы Қапал батыр Есім хан тұсында қолбасшы болуы неғайбіл. Дана Ақтайлақ бидің: «Сексен жас аузымдағы тісімді алды,

Бір-бірлеп бойымдағы күшімді алды», - немесе Шал ақынның: «Бұл сексен қойды-ау мені қалжыратып», Бұқар жыраудың:

Тоқсан деген тор екен,

Төңірегі қазып қойған ор екен», - деп айтқандарын ескерсек және тарихта Тәуекел мен Есім хандар дәуірі ұзақ өмір сүретін тыныш заман болмағанын ойласақ. Есім ханның қолбасшысы Самарқанды билеген Жалаңтөс баһадүр болғаны тарихта айтылған.

 Мақалада: «Қапал қаласының іргесі 1843 жылдан бастап қалана бастағаны бұл өлкеге орыс отаршыларының келуімен байланысты екенін тарих растайды», - делінеді. Ең алғаш 500 жауынгерден жасақталған Сібір казак отряды алты зеңбірек және пулеметтермен қаруланған, есаул М.Абакумов, генерал-майор Вишневский басқарған, Әли, Сүйік, Бөлен сұлтандар, қырғыз Қарақ манап қостаған, олар 600 сарбазбен, 1846 жылы 14 тамызда үш Қопалы өңірін отарлап келген. Сол жылы үш Қопалы өңірінде орыс отряды жер төлелер қазып, қыстап шығады. Содан бері олар  қыстаған жер «Солдат сайы» деп аталған. «Солдат сайынан» төмен 4 шақырым жерден қала емес, Қапал бекінісінің іргесі 1847 жылы салынады. Есаул Абакумовтың өтінуімен бекініс салатын орынды жер білгірі, 1846 жылдан үш Матай елінің бірінші болысы болып сайланып келген Досетұлы Тәнеке (Нұралы) батыр көрсетіп береді. Бекініс ағаш шарбақпен қоршалғандықтан, қазақтар ең басында «Шарбақты» деп атайды. Сондықтан «Қапалдың іргесі 1843 жылдан қалана бастады» дегендері ағаттық.

 «Қапал қытаймен қызу сауда жасайтын орталық болып қалыптасқаны 1847 жылы тарихқа енген» деулері де қателік. Қапал Қытаймен сауда жасайтын орталық болмаған. Қапал 1850 жылдан Іле-Алатауына жіберілетін әскери экспедициялардың орталығына айналған. 1850 жылы Қапалда бас штабтың капитаны Гутковский отряд жасақтаған. 1851 жылы подполковник Карбышев жаңадан отряд құрған. Сол жылы генерал-адъютант Анненков Қапалға келіп, Іле бойына отряд аттандырған. 1853 жылы Қапалдан Іле аймағына Перемышленский  отряд шығарған. 1854 жылы Семей облысы құрылып, Қапал округтік қала болған. Ш.Уәлихановтың Қапалды қала деп жазатыны сол. 1855 жылғы шілдеде Алатау округінің әкімшілік орталығы Қапалдан Верныйға көшірілген. Жетісу облысы құрылғанда Қапал Қопалы уезінің орталығы болған. Ал Қытаймен сауда жолы Құлжа мен Шәуешек қалалары болған. Арда журналист Нұрғали Омарқұлов «Қапал батыр туралы зерттеп, келбетін ашуға көмектесті» дегендерімен, не зерттеу мен келбет ашқанын келтірмепті.

 Манаш Қозыбаевтың Қапал батыр туралы сарабын келтіріп, сарабына «жер» деген сөзді өздері қосқан. М.Қозыбаевтың сарабында тек «ел атауы» деп айтылған. «Жер» деп айтылмаған.

 Мақалада: «Шоқан бастаған ұлы миссияны індете зерттеп, оны бабалар ұрпақтарына аманаттап кеткен тарихшы Марат Әлібаев Қапал қаласының бұрынғы әкімі болған», - деп жазады. Кеңес дәуірінде Қапал қала емес, «село» делінген еді. Марқұм Мараттың сойы Әлібаев емес, Алыбаев. Ш.Уәлихановтың «Қазақ молалары мен жалпы көне ескерткіштер жөнінде» атты зерттеу еңбегін орысшадан қазақшаға тәржімелеген автор Қ.Алдажұманов «Қапал атауы кішкене өзен мен бекініске берілген» деп қосып жібергендіктен М.Алыбаев  шатасуы мүмкін. Түпнұсқада ондай сөздер кездеспейді.

 Қопалы өзенінің бойындағы Қапал елді мекені орныққан жерден тауға қарай бір ескі зират орны беріге дейін болды. Мүмкін іздесе әлі табылар. Оны бұрындар өткен білікті құймақұлақ кәриялар Қапал батыр зираты дейтін. Жазбаларында Баянды Құсмолдин: «Қапал қалашығының тұсында қоңырат Қапал деген батырдың зираты бар. Бірақ, ол туралы ешкім анығын білмейді», - деп жазған. Қапалдың тұсындағы зиратты Барлыбек Сырттанов та қоңырат Қапал батырдікі деген. Бұл қай қоңырат, Елтадан тараған найман-қоңырат па, жоқ орта жүз қоңырат па, ол жағы әзірге беймәлім.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2072
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2499
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2113
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1609