Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2252 0 пікір 18 Қыркүйек, 2009 сағат 11:40

Қаржы министрлігінің басшысы Болат ЖӘМІШЕВ: АГРАРЛЫҚ БАНК ҚҰРЫЛМАЙТЫН БОЛДЫ

Бюджет қаржысын аударуды қазіргі  қорладың өздері  жақсы атқарып жатыр

Астана. 18 қырқүйек. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Егін орағы қарсаңында ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді несиелеу тетіктеріне қанағаттанбай отырған парламент депутаттары мамандандырылған Аграрлық банк құруды ұсынды. Олардың пікірінше, бұл үшін жүйе құраушы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бірін алуға болады. Қаржы министрі Болат Жәмішев ҚазТАГ агенттігіне осындай қаржы мекемесін құрудың орындылығы туралы үкіметтің пікірін жеткізді.

- Мемлекет басшысының Аграрлық банк құру туралы тапсырмасын жүзеге асыру қандай кезеңде?

- Аграрлық банк құру туралы тапсырма болған емес, оны құру мүмкіндігін қарастыру деген тапсырма болды. Аграрлық банк құрылмайды. Шын мәнінде Аграрлық банк ештеңе де бермейді. Егер ол бюджет қаржысын қайта бөлетін қарапайым институт ретінде емес, нарықтық жағдайларда жұмыс істей бастаса, ол кез-келген коммерциялық банк сияқты жұмыс істеуге тиіс. Ол өз портфелін, қорландыру көздерін әртараптандыруға тиіс, бұл жағдайда оның басқа коммерциялық банктерден еш артықшылығы болмайды. Ал егер бюджет қаржысын бір жерден басқа жерге аудару туралы әңгіме болса, мұны қазіргі қорлардың өздері-ақ атқарып жатыр.

- 2009 жылғы республикалық бюджетке түзетулер енгізіле ме?

- Биылғы жылы бюджет нақтыланады.

- Мұнайдың әлемдік нарығындағы жағдайдың жақсаруын ескере отырып, Brent қоспалы мұнайдың орташа жылдық бағасына қатысты 2009 жылға жасалған болжамды қайта қарау жоспарда бар ма?

- Жоқ, жоспарланып отырған жоқ. Бюджетті нақтылаудың мақсаты - сыртқы экономикалық қызмет бөлігіндегі оның кірістерін түзету, өйткені импорт пен экспорттың көлемі болжанғаннан да көп төмендеп кетті. Шығыстар бойынша бюджеттің орындалуын қарау жоспарланған, егер ақша тиімді пайдаланылмаған жерлер анықталса, олар қайта бөлінеді. Бұл өткен жылғы тәжірибе және бұл нақтылаудың мақсаты - бюджеттің толығымен және тиімді орындалуын қамтамасыз ету.

- Түзетулер жобасын парламентке қашан енгізу жоспарланып отыр?

- Бұл қазан айында жасалады.

- Қаржы министрлігі (МАОКАМ) арнайы орташа мерзімді мемлекеттік құнды қағаздарын (МҚҚ) алдында айтылғандай номиналды құны бойынша емес, дисконттық бағамен сатуды ойластырып отырған жоқ па?

- Жоқ, ойластырып отырған жоқ. Айырмашылығы неде? Бәрібір сыйақы төлеу туралы әңгіме болып отыр емес пе.

- Сіз, азаматтарға МАОКАМ-ды атаулы бағамен сатып алған тиімді деп ойлайсыз ба?

- Егер ол өзі есептеген кірісін алса, айырмашылығы неде? Кез келген құнды қағаздардың мәні 100-ге сатып алып, сол 100-ге қосымша қандай-да сыйақы алатындығыңызда.

МАОКАМ келесі мақсатты аудиторияға есептелген: олар шетелдік нақты валюта түрінде жинақтағанын ешқандай кіріс бермейтін ЕДБ депозиттерінде емес, үйінде не басқа жерде ұстағысы келетіндер. МАОКАМ-ға салу арқылы азаматтар өз валюталарын айырбас пункттерінде қаншаға айырбастай алатын болса, сонша теңге ақша алады, себебі МҚҚ валютаға телінген, оған қоса - сыйақы алады. Бұл дегеніңіз валютаны жастықтың астында сақтағаннан тиімді емес пе... Бірақ, сыйақы мөлшерлемесі шетелдік валютадағы депозиттер мөлшерлемесінен аздап төмен болады.

Біз, қаржы министрлігіне онша қиын болмаса да, банк депозиттерімен бәсекелесейін деп отырған жоқпыз. Біз сыйақы мөлшерлемесін көтере алған болар едік, онда барлығы да депозиттерін ЕДБ-лерден алып, МАОКАМ сатып алған болар еді. Сіздіңше, бұл үкімет тарапынан дұрыс бола ма? Меніңше, жоқ. Біз мөлшерлемені халық тек осы МАОКАМ сатып алғысы келетіндей етіп көтеруімізге де болады.

Біз бюджет тапшылығының елеулі бөлігін МАОКАМ есебінен толтырайын деп отырған жоқпыз. Ия, мұның барлығы бюджет тапшылығын толтыруға кетеді, бірақ біздің міндетіміз - ең алдымен халыққа шетелдік нақты валютадағы жинақтауларын сақтаудың балама жолын ұсыну.

- Сіз депутаттардың МАОКАМ-ды долларға емес, бүгінде одан гөрі тұрақтылау еуроға телу туралы ұсынысына қалай қарайсыз?

-  Біз халықтың таңдауына қарадық, ал олар белсенді түрде долларды сатып алуда. Банктердегі де депозиттедің елеулі бөлігі еуромен емес, доллар түрінде салынған. Айырбас қосындарындағы да сатылып-сатып алынып жатқан валютаның басым бөлігі еуро емес, доллар.

ҚазТАГ анықтамасы: Үкімет МАОКАМ шығару туралы шешімін жаздың соңында жариялады. Қаржы министрлігі қыркүйекте оны орналастыру агентін таңдау бойынша ашық тендер өткізетінін жариялады.

МАОКАМ-ның атаулы бағасы теңгемен көрсетіліп және $10-ға балама болды. Алғашқыда оларды 15 млрд теңге көлемінде шығару жоспарланған. Өтелу мерзімі 2 және 3 жыл.

Алғашқы орналастыруында құнды қағаздарды тек жеке тұлғалар - Қазақстан резиденттері, ал екінші саудада - заңды тұлғалар да сатып алатын болады.

Агенттері - қатысуға ниет танытқан банктер мен «Қазпошта» АҚ.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2072
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2499
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2112
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1609