Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2976 0 пікір 15 Қаңтар, 2014 сағат 14:51

Мусин мүлдем кетті...

Мемлекет басшысының жарлығымен Аслан Есболайұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен босатылды деп хабарлайды Akorda.kz. Естеріңізде болса, «Жаңа өзен» оқиғасымен іле-шала назарға іліккен Рысқалиевтер ісі елді біраз дүрліктірген еді. Олардың тізгін ұстары ретінде Асланның аты аталған. Енді сол Мусиннің өзі де мүлдем кеткен көрінеді...

Аслан Мусиннің биографиясы: 

1954 жылғы 2 қаңтарда Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылында дүниеге келген.

Үйленген, үш баласы бар.

1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1975 жылы Ақтөбе облысының статистика басқармасында бастады.

1976-1977 жылдары Кеңес армиясы қатарында азаматтық борышын өтеді.

1977 жылғы мамыр-1979 жылғы қаңтар аралығында Ақтөбе облысының статистика басқармасында қызметін жалғастырды.

1979-1991 жылдары Ақтөбе облыстық партия комитетінде нұсқаушыдан хатшыға дейінгі лауазымдарды атқарды. 

1991-1993 жылдары – Қазақстан Республикасы Монополияға қарсы күрес мемлекеттік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша төрағасы.  

1993 жылғы маусым - 1994 жылғы желтоқсан айлары аралығында – Ақтөбе облысы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары – облыстық экономика басқармасының бастығы.

1994 жылғы желтоқсан - 1995 жылғы қыркүйек аралығында – Ақтөбе облыстық экономика басқармасының бастығы.

1995 жылғы қыркүйек - 2002 жылғы сәуір аралығында – Ақтөбе облысының әкімі.

2002 жылғы сәуір - 2006 жылғы қазан аралығында – Атырау облысының әкімі.

2006 жылғы 4 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалды. 2007 жылғы 10 қаңтардан бастап осы лауазымды Қазақстан Республикасы Үкіметінің вице-премьері лауазымымен қоса атқарды. 

2007 жылғы 18 тамызда кезектен тыс сайлауда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

2007 жылғы 2 қыркүйек - 2008 жылғы 13 қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.

2008 жылғы 13 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы. 2009 жылғы 15 мамырдан бастап «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің және бюросының мүшесі.

2012 жылғы 21 қыркүйектен бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы.

«Құрмет»  (1999 ), III дәрежелі «Барыс» (2004), II дәрежелі «Барыс» (2010) ордендерімен, мерейтойлық және естелік медальдарымен, сондай-ақ «Халықтар достығы» орденімен (РФ, 2004) марапатталған.

0 пікір