Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2943 0 пікір 15 Қаңтар, 2014 сағат 03:47

Асан Қайқы. Жолдаудан не күтеміз?

«ФБ» әлеуметтік желісін ақтарып отырып, Айдос Сарымның парақшасынан мынадай жазбаға көзім түсті:

«17 - қаңтар күні Жолдау дей ме?

Бір - екі журналист хабарласып қалды.  Мен оларға мынаны айттым: Жолдаудан екі нәрсені ғана күтемін. Егер Назарбаев:«Қазақстан ДСҰ - ға кіруге асығуда. Осыған кедергі жасайтын барлық шарттардан, соның ішінде еуразиялық ынтымақтастықтан бір жылдың ішінде бас тартамыз. Ешкім ренжімесін. Біз тәуелсіз мемлекетпіз, ең алдымен біздің мүддеміз, ал сыйластығымыз бір бөлек» - десе, қуанамын. Қалғанының барлығын жолдаусыз да кезекті, кешенді түрде жарлықпен, заңмен іске асыруға болады. Екіншісі, «Қазақ көшін жандандырамыз, келген ағайынды солтүстік өңірлерге шоғырландырамыз» - деген сөзі. Қазақ ұлтының күтіп отырғаны осы екі сөз»...

Айтты - айтпады, біз Тәуелсіздік алып, есімізді жиған соң «2030» бағдарламасын жасап, оны мерзімінен бұрын орындап үлгірген жоқпыз ба?! Одан кейін де Ұлт Көшбасшысы жыл сайын Қазақстан халқына Жолдау жасаумен келеді. Өткен жылы бір емес, екі «Жолдау» жасалды. Біреуі әдеттегідей жылдағыдәстүрлі «Жолдау». Екіншісі, 2050 - жылға дейінгі алып бағдарлама. Бір жыл болды, осы бағдарламаны талқылап, шетінен іске асырып келеміз.

Айдостың мына жазбасын оқыған бойда мен де телефонымды ала салып, ұзынқұлақ журналистерге, белсенді жігіттерге хабарласып, «қаңтардың 17-сі күні осы жылға арналған Жолдау жасалады екен, не айтылады деп ойлайсың?» -десем, олар да бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, «Барлығы «2050» - де айтылды емес пе, енді соны қайта пысықтамаса, елді елең еткізер ештеңе айтылады деп үміттенбеймін» - дейді.

Қарап отырсақ, шынында,«Міне, жаңалық!» - деп айта қоятын ештеңе қалмаған екен кәзір. Обалы не, биылғы Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиналыста ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаев ұлтымыз үшін киелі саналатын «7» санына байланыстыра отырып, еліміздің «Жеті қазынсын» (www.akorda.kz) санамалап берді. Ел, бірақ елең ете қойған жоқ.

«Жігітте де жігіт бар, тонның ішкі бауындай!..» демекші, «Жолдауда» да «Жолдау» бар!Ол – жолда қалған жүкті діттеген жеріне жеткізбей, тынбау керек! Сондықтан, биылғы «Жолдауда» да Айекеңе әріптестері айтқан екі мәселе – «Қазақстанның ДСҰ - ға кіруі» мен тоқтап қалған «Қазақ көші»мәселесі көтерілмесе, мемлекеттің болашағы мен ұлттың тағдырына қатысты түйін шешілмесе, «2014» - тің «Жолдауы»екен деп,бұрынғы сүрдекті шиырлай берудің пайдасы жоқ.Елдің  уақытын кетіріп, қаржы шығындағанша, алдыңғы жасалған  «2050» - дібойға одан ары сіңіріп, иін қандыра қарпи берген жөн!

Abai.kz

0 пікір