Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2659 0 пікір 17 Қыркүйек, 2009 сағат 11:35

Ұлттық апатты әрдайым есте ұстау маңызды (жалғасы)

Кеңес НҰРПЕЙIС*,
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ,

жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты.

 

3.Біздің ортаға салар ойымыздың мәнісі неде, дәнегі қандай?

Алдымен, кейбір атқарылған жұмысты шола кетейік. «Әділет» - қоғамдық ұйым. Ол өмірге  шынайы халықтық мүддеге қызмет ететін үлкен бағдарламамен келді. Дегенмен оның жоспарлағандарын жүзеге асыруды тек қана  мемлекеттік қолдау  мүмкін еткенін мойындау жөн.  Солай болуы заңды да. Жұртшылық арасынан шыққан бастамалардың ұлттық-мемлекеттік мүдделерге жауап беретіндігі айқын тұстарда өкімет қарап қалмайды. Бұған -әкімшіліктердің жәрдемімен барлық облыстарда «Азалы кітап»  шығарылғаны дәлел, көп жерде саяси қуғын-сүргіндер қррбандарына ескерткіш ашылғаны дәлел.

Сонымен,  саяси репрессиялар жылдары республикамыздың бар аймақ-өңірлерінде қойша топырлатып құпия атылғандар тізімі  жергілікті жазалау органдарының құпия қоймаларынан алынған құжаттар негізінде  жария етілді. Бұл шара әділетсүйгіш қауым алдында тәуелсіз мемлекетіміздің жүзін жарқын етіп, абыройын асқақтай түсті.

Кеңес НҰРПЕЙIС*,
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ,

жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты.

 

3.Біздің ортаға салар ойымыздың мәнісі неде, дәнегі қандай?

Алдымен, кейбір атқарылған жұмысты шола кетейік. «Әділет» - қоғамдық ұйым. Ол өмірге  шынайы халықтық мүддеге қызмет ететін үлкен бағдарламамен келді. Дегенмен оның жоспарлағандарын жүзеге асыруды тек қана  мемлекеттік қолдау  мүмкін еткенін мойындау жөн.  Солай болуы заңды да. Жұртшылық арасынан шыққан бастамалардың ұлттық-мемлекеттік мүдделерге жауап беретіндігі айқын тұстарда өкімет қарап қалмайды. Бұған -әкімшіліктердің жәрдемімен барлық облыстарда «Азалы кітап»  шығарылғаны дәлел, көп жерде саяси қуғын-сүргіндер қррбандарына ескерткіш ашылғаны дәлел.

Сонымен,  саяси репрессиялар жылдары республикамыздың бар аймақ-өңірлерінде қойша топырлатып құпия атылғандар тізімі  жергілікті жазалау органдарының құпия қоймаларынан алынған құжаттар негізінде  жария етілді. Бұл шара әділетсүйгіш қауым алдында тәуелсіз мемлекетіміздің жүзін жарқын етіп, абыройын асқақтай түсті.

Бұдан екі жылдай ілгеріде Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының  академик М.Қ.Қозыбаев бастаған өкілдерін Елбасы қабылдап, «Әділет» атынан айтылған өтініштерге  қызу қолдау білдірді. Нәтижесінде, Президент тұжырымдаған тапсырмалар бойынша, 2002 жылы - Алматы облысындағы Жаңалық елді мекені маңындағы «үлкен террор» кезінде  жазықсыз атылғандар жерленген орынға  ескерткіш қойылды, саяси  қуғын-сүргін қррбандарының  естеліктері жинастырылып, арнайы кітап («Страницы трагических судеб») шығарылды. Бұрынғы НКВД-КГБ ғимаратының бір бөлігі Саяси репрессиялар тарихы музейі үшін бөлінді, тақау күндері оны мұражайға лайықтап қайта жөндеу жұмысы да басталмақ.

Әділдік орайында - атқарушы биліктің бәрін бірдей ұдайы тап-тұйнақ етіп орындай бермейтінін де айта кеткен жөн. Мәселен, іс жүзінде еліміздің  саяси тарихының бірден-бір мрражайы болмақ жаңа ғылыми-ағартушылық мекеме үшін, Елбасының өзі тапсырғандықтан да,  елдің дамуындағы қасіретті белестерге қатысы бар осынау  ғимарат  толығымен берілер деп күткен едік. Бірақ, әзірге белгілі болғандай, оның бір қанатының екі қабатынан 500 шаршы метрдей бөлігін ғана мұражайға  арнау ұйғарылған көрінеді.  Бұл бір. Екіншіден, Елбасының өзі қуаттаған осынау Саяси қуғын-сүргіндер тарихы музейін жасауды әзірлеу жұмысының барысы қанағаттанғысыз жағдайда, оны ұйымдастырудың белгіленген  жолы мен  ретіне көңіл толмайды.

Айталық, Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының өкілдерімен кездесуде  ҚР Президенті  қолдаған ұсыныстарды жүзеге асыру жөнінде  іс-шаралар жоспары жасалған-ды. Соның аталған мұражай жөніндегі 2-тармағын орындау үшін, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті 2001 жылғы 14 мамырда «Саяси репрессиялар тарихының музейін ұйымдастыру туралы» № 48 брйрық шығарған еді. Онда Саяси репрессиялар тарихы музейін ҚР Орталық музейінің бөлімі ретінде ұйымдастыру көзделіп, барлық дайындық жрмыстарын жүргізу сол  Орталық музейге тапсырылған. Бірақ, бұйрық шыққалы бір жылдан асса да, күні бүгінге дейін ҚР Орталық музейі тарапынан Саяси репрессиялар тарихының мұражайын жасауға бағытталған ешқандай әзірлік шаралары қолға алынған жоқ. (Бұл - мақала алғаш жазылған уақыттағы жағдай. Одан беріде мұражайдың бір қабаты жасандырылып, ашылды, бүгінде ол қалалық мұражайдың бөлімі болып жұмыс істеуде. Дегенмен шешімін таппаған мәселелері жеткілікті, мәселен, мұражайдың екінші қабатын іске қосуға әлі күнгі қаражат табылар емес. Сол себепті мақалаға түзетулер енгізбей-ақ қоюды дұрыс көрдік. - К.Н., Б.Қ.).*

 

*бұл ескертпені авторлар  мақала «Жалын» журналында (2004 ж., № 3) жарияланғанда берген-ді, одан бері мұражай аз ғана жұмыс істеп, бұрынғы НКВД ғимараты әлдебір коммерциялық құрылымға сатылып кетті деген желеумен, іс жүзінде жабылып үлгерді.

 

Қазақстан "Әділет" тарихи-ағарту қоғамы жасаған музей концепциясы мен ұсыныс-пікірлері қабылданбады. Оның негізгі себебі - жаңадан құрылмақ Саяси қуғын-сүргіндер тарихы мұражайының мән-мазмұны мен бағыт-бағдарының Орталық музейде қалыптасқан тарихи оқиғаларды экспозициялау тәртібімен сәйкес келмейтінінде. Министрлік пен оның Мәдениет комитеті бұл мәселеге тереңірек қарар деп ойлаймыз.  Өйткені, бұл екі мұражай концепцияларында біріне бірі ұқсамайтын өзгешеліктер болуға тиістігі түсінікті. Орталық музей жұртшылықтың көз алдында. Ал әзірге жасала қоймаған Саяси репрессиялар тарихының музейі тоталитаризм жылдарындағы   үздіксіз саяси қуғын-сүргін мен ұлттық апатқа ұрындырған ашаршылық  қайғы-қасіреттерін  ұмыттырмай, әрдайым ел-жұрт жадына салып тұруға міндетті. Ол өткен тарихи жолдың ауыр кезеңдерінен  танымды да тағлымды сыр шертетін ғылыми-ағартушылық мекеме ретінде, болашаққа, тәуелсіздікке қызмет ететін дәрежеде мүлдем жаңаша құрылуға тиіс.

Тәуелсіз еліміздің азаматтарын тарихпен тәрбиелеу  үшін күресіп жүрген мыңдаған азаматты біріктірген Қазақстан "Әділет" тарихи-ағарту қоғамы үніне ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Мәдениет комитеті құлақ асар деген үміт бар. Яғни, жоғарыда айтылған мақсат үдесінен шығу үшін -  Саяси қуғын-сүргіндер тарихы мұражайының: а) ҚР Орталық музейінен осы бастан дербестендірілуін; б) сөйтіп оның бірден ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен оның Комитетіне тікелей бағынатын және өзге республикалық музейлер қатарында тиісінше қаржыландырылатын ғылыми-ағартушылық мекеме мәртебесінде рәсімделуін жүзеге асыруға қажет   шешім шығарар деп сенеміз.

 

Біздің ойымызша және біздің бекем иланымымыз бойынша - осы мұражайдың байыпты бір бөлімі Ұлттық Апат қррбандарына арналуға тиіс. Ондағы экспозицияларды жасауға жоғарыда аталған жрмыстар нәтижелері сөзсіз жәрдемдеседі. Оның үстіне, биыл үшінші жыл - Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы мектеп оқушыларын тарихи зерттеушілікке баулитын «Тарихтағы адам. Қазақстан. ХХ ғасыр» деген тақырыппен байқау өткізіп келеді. Байқауға қатысушылардың едәуір бөлігі ауылдарында орын алған аштық қасіреті іздерін өз отбастарында болған оқиғалармен, қарт ардагерлер естеліктерімен есте қаларлықтай жаңғыртып жүр. Балалардың ізденушілік жрмыстарына ұстаздары, тарих пәнінің мрғалімдері жәрдемдесуде. Біз ел ішіндегі қазынаны осы жолмен де жиюға тырысамыз. Ортақ іске  ғалымдардың, қаламгерлердің, барша көкірегі ояу азаматтардың атсалысатынына күмән жоқ. Шежірешілер бұл орайда танымды мағлұматтар бере алады. Музейдің бұл бөлімінен  Ұлттық Апат қррбандарының есімдерін атап қаралы тізім жасауды көздейтін  арнайы акция бастау алатын болады. Аштан қырылған  адамдардың аты-жөндерін  қалпына келтіруге бүкіл халық атсалысады: шежірешілер, отбасылық, әулеттік  мұрағат иелері, тарихшылар, әуесқой зерттеушілер, естелік жинаушылар өз деректерімен мұражай қорын толықтырып отырады. Дәлірек те жұртшылыққа жақынырақ тілмен айтқанда - мұражайға келген әркім қаралы тізім экспозициясына өз әулеті тарихын қосып жазатын болады.   Ұлттық Апат қррбандарына тағзым ету, қолдан туғызылған ашаршылықтан қырылғандарды атап еске алу осылай бүкілхалықтық іске айналатын болады.

Бұл орайда әлемдік тәжірибеден үлгі алу жөн болмағын да ойлау орынды. Баршаға мәлім, күллі адамзатқа сор боп тиіп «қоңыр індет» атанған фашизм 1933-1945 жылдары Еуропаны мекендейтін миллиондаған еврейдің көзін жойды. Алты миллион. Қасақана  қырды. Еуропада осындай  трагедияға ұшыраған еврей халқының Таяу Шығыстағы тарихи отанында «Яд-ва-Шем» (қазақшалағанда - «Жад пен Есім») деп аталатын институт пен мұражай бар. Израильде, Иерусалим қаласындағы Герцль тауының етегіне орналасқан. Яд-ва-Шемнің қызметі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде еврейлер басына түскен Апатқа арналған. Институт пен мұражай атауының сөзбе-сөз мәні жоғарыда көрсеткеніміздей, «жад (зерде) мен есім» деген ұғымды береді. Мұражайдың құрылғанына жарты ғасырдай болды. Оның басты ұраны: «Ешкім ұмыт қалмау керек!»

Мұражайда Есімдер залы бар. Яд-ва-Шемде, жалпы, екі миллионнан астам қаза тапқан жандар аты тіркелген. Сонда,  Есімдер залында - Апат қррбаны болған еврейлердің аты-жөндері үлкен экранға түсіріліп тұрады. Ал ондағы экспозициялар  Апаттың барлық сатыларын хронологиялық ретпен, түрлі көрнекі тәсілмен бейнелеп әңгімелейді. Көргендер әсіресе балалар залының айрықша әсерлі екенін айтады. Шырақтардың дірілдеген әлсіз сәулелері ғана жарықтандырған бұл қаракөлеңке залда күңіренген диктор дауысы Апатта  опат болған балалар есімдерін тізбелейді екен. Таусылмас тізім. Ал экранда бірінен соң бірі сәби суреттері шығып жатады. Зал күмбезі астындағы азалы ахуал сол сәтте сонда тұрғандардың түйсігін тітіркентіп, әрқайсысына көпке ортақ қайғыны бүткіл тұла-бойымен сезіндіреді.

Яд-ва-Шем адамдар бойына үміт үзіп торығу емес, aза тұтып қайғыру сезімін дарытады. Онда болғандар қамыққан көңілмен - адам жанының бірінші құндылық болып табылатыны жайында тебіренеді. Қысқасы, сонау Апат музейі жұртты терең ойға батырады, сол жолға қызмет етуге бейіл шынайы сезімді қайрайды.

Тап осындай әсер-күш біздің мұражай-ескерткішке де тән болуға керек. Егер ұлан-ғайыр Ұлттық Апат сатылары көрнекі экспозицияларда бейнеленер болса - ешкімді де жайбарақат қалдырмайтынына күмән жоқ.

Тек 30-жылдар нәубетінің құйқа шымырлатар тұстары қаншама...

Ел-жұртты Отыз екінші жыл зұлматы күңірентіп тұрған шақта пойызбен Мәскеуге, әлде Алматыға өтіп бара жатқан Филипп Голощекин Ақтөбе вокзалында «контрреволюционер-байлардың малды қырып тастаған зымиян әрекеті» туралы әшкере-сөз айтып тастауға ниеттенсе керек. Бірақ, ол вагонынан түсер-түспестен,  алдынан алғашқы Қазревком мүшесі, әділет комиссары, қызыл партизан  ретінде кеңес өкіметін қорғауға көп еңбек сіңірген қалжыраңқы ардагер Бақытжан Қаратаев жайдақ арбамен шыға келеді.  Тізесі қалт-құлт етіп, тарантас үстінде бойын түзейді. Сосын дімкәс қарт  алаңда жиылған халықтың көз алдында, баяғы 2-Дума мінберінде атамекенінен қуылып жатқан халқының мұңын жоқтағанындай  өжеттікпен, Голощекинге ашына  шүйіліп, сөйлеп береді.  Ол қарсысындағы большевик-патшаны революция мұраттарын аяқасты еткені үшін беттен алады, елді аштан қырып жатқан қылмысымен көзін шұқи айыптайды.  Сонда Голощекин: «Шал шаршап қалыпты», - деген күбірмен  вагонына кері сүңгуге мәжбүр болды...

Ал «шаршаған шал» ұзамай аштықтан дүние салды. Ол өзінің артында қалған жазба-мұраларында ашаршылыққа  жалғыз Голощекин емес, оның айналасындағы қазақ қайраткерлері де айыпты деп түйіпті. Б.Қаратаевтың ойынша - мәселе олардың  көз бояушылыққа жол беруінде, «қазақ істеріне жүліктік тұрғыдан келуінде», олардың шын мәнінде «аферист, карьерист, портфелист» болып шығуында. Қазақтың осындай алапат аштыққа ұрынуын қарт демократ-революционер ұлттың «бас адамдарының» сонау патша заманынан басталған психикалық азғындауының салдарынан  деп бағамдады...

1932 жылғы шілдеде Қазөлкекомға  бір топ қызметкер (Ғабит Мүсірепов және басқалар) мал шаруашылығының құлдырауына орай хат жолдады. Голощекин оны байдың көңіл-күйін танытатын ұлтшылдық хат ретінде бағалады. Артынша, арада апта  өтпей-ақ, «ұлтшылдық хатқа» қол қоюшылар жаздым-жаңылдым деп өкініп-опынған жаңа хаттарын Қазөлкекомға әкеп тапсырды. Сонда  олардың «кінәларын мойындаулары» еске алынды,  1932 жылғы 15 шілдеде Қазөлкеком мен Бақылау комиссиясы  бір топ коммунист «қателесіп» қол қойған сол хатты  «социалистік қайта құру мен ұлт саясаты жетістіктеріне» қара бояу жағушылық деп бағалағанмен, авторларын партия қатарында қалдырып, бір-бір қатаң сөгіс арқалатты.

1932 жылғы тамызда ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев Сталинге хат жолдады. Онда қазақтардың аштан қырылу, босып кету деректерін бүкпей баяндап, өлкелік комитеттің көзбояушылыққа жол беріп  аштыққа апарған әсіре науқаншылдығы мен оны үстей түскен  ауылдардағы шолақ белсенділікті жасырмай әшкереледі. Бар айыпты  бір адамға үйіп-төгуге болмайтынын ескертті, күйзеліске өлкеком бюросы түгел, оның ішінде, басшы қызметкер ретінде, өзінің де белгілі дәрежеде жауапты екенін мойындай отырып, басшылықты жаңарту қажеттігін айтты. Бірінші хатшының айрықша рөлі баршаға белгілі екенін атап көрсете келе, О.Исаев Голощекинді өз қателіктерін түзетуге қауқарсыз деп ойлайтынын да жазды. Ол Бас хатшы И.В.Сталиннің тікелей өзіне осындай пікірін  ашық жолдап, Қазөлкекомның бірінші хатшысы Голощекинді ауыстыру қажеттігін трңғыш та дара, әрі жалғыз көтерді. Әрине оның ондай пікірі бірден қош алына қойған жоқ. Сонымен бірге  О.Исаев  қазақ ауылы мен мал шаруашылығы жөнінде шұғыл атқарылуға тиіс ұсыныстар да тұжырымдап, сол мәселелер жөнінен Орталық Комитеттің арнайы шешім шығаруын сұраған-ды. Бұл өтініші қанағаттандырылды.  1932 жылғы 17 қыркүйекте БК(б)П Орталық Комитеті Қазақстанның ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы жөнінде қаулы қабылдады.

Алайда оның орындалуы мардымсыз болды. Голощекиннің партактивте «Орталық Комитет 17 қыркүйектегі қаулысымен мақұлдаған Қазөлкекомның ауылды қайта қррудағы ірі жетістіктері» жөнінде айтқан өтірікке толы бөспе-сөзінен де қайран болмады. Халық аштық, індет зардаптарын тарта берді, қырылу, босқындық тыйылмады. Ол жайында Сталинге 1932 жылғы 29 қыркүйекте РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі  төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов хат жазды. Ақыры, жағдай тым асқынып, Алматы көшесі аштық қррбандарынан аяқ алып жүргісіз болған 1933 жылғы қаңтарда, «адал лениншіл-сталиншіл» Филипп Голощекин Мәскеуге, Жоғары Төрелік Сотты басқаруға шақырып алынды. (Сенімді кадріне қамқорлық жасауды «халықтар әкесі» ұмытпайтын). Автономиялық республиканың басшылығы ауыстырылды. 1933 жылғы 9 наурызда Т.Рысқрлов көсемге Қазақстандағы ауыр жағдай мен оның себептерін баяндап, тұйықтан шығарар ұсыныстар қорытқан екінші хатын берді. Ұзамай республикада Левон Мирзоянның басшылығымен,  шет елдерге асып кеткендер мен аштықтан қырылғандарды ауызға алуға тыйым салулы ахуалда, ашаршылық зардаптарын мал шаруашылығындағы жағдайды жақсарту арқылы  жоюға бағытталған жрмыстар жүргізіле бастады...

 

Ұлттық Апаттың осынау аса қасіретті кезеңі сормаңдай халықтың өз өкіметінің қылмысты солақайлықтары салдарынан орын алғанын мойындайтын уақыт жетті. Қазақстанның шартарабында билік құрған жергілікті  жрмысшы-шаруа депутаттары кеңестерінің делегаттары Кеңестер қррылтайында таңдап сайлаған Орталық Атқару Комитеті большевизмнің қылмыстарына заңды даңғыл жасап беріп отырды. Оның орнына сталиндік конституция бойынша  келген Жоғарғы Кеңес те тап солай етті. Мұның бәрі енді тек қана Ақбас Тарих...

Дегенмен, солар әрекет еткен «қуыршақ» республика орнында бүгін тәуелсіз Қазақстан Республикасы бар. Мемлекеттік нышандардың бәрін жаңадан құрып жатырмыз дегенімізбен, аспаннан түскен жоқпыз: біз сол «қуыршақ» республика аумағын иелендік, яғни біз сол бақытсыздыққа тап келген халық пен оның бай жер-суының мұрагеріміз. Сол «қуыршақ» республикадағы басқару қррылымдарын жетілдtіріп, тәуелсіздік талаптарына сай қайта қррып жатқан егемен қожайынбыз.

Бүгінгі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі - бұрынғы тарихи даму өзгерістеріне орай бірін бірі алмастырған заң шығарушы органдардың құқықтық  мұрагері. Сондықтан да осы Парламент тәуелсіз елдің заң шығарушы органы ретінде, кешегі бодан еліміздің «парламентінің» - қазаққа өз тағдырын  өзі айқындауға толық ерік берілді-міс  делінетін большевиктік жалған ақпарат-уәделер  астарында қуыршақтық сипат алғаны хақында халыққа ашып айтса жөн болар еді. Сөйтіп, халықты 30-жылдарғы алапат аштыққа, тоз-тоз босқындыққа  ұрындырған Ұлттық Апатты большевизмнің, шынтуайтқа келгенде,  «қуыршақ парламент» қолымен жасағанына опыну сезімін білдірсе, ол сөзсіз - тәуелсіз мемлекетіміздің зор имандылық-адамгершілік қадамы ретінде қабылданар еді. Міндетті түрде - сан ұлт өкілдерінен қрралған қазақстандық халықты ортақ мақсатқа ұйыстыра түсер рухани күшке айналар еді.

Бұл ретте Ұлттық Апат қррбандарын аза тұтатын арнайы күн белгілеудің де маңызы зор болмағын атап айту жөн. Біздің ойымызша - ондай күнге әр мамыр айының соңғы жұмасы арналса оңды болар еді. Мамырдың ақырғы жұмасында ұжымдарда, көпшілік орындарында, мешіттерде, бәлкім шіркеулер мен басқа да ғибадатханаларда  және, әрине, жеке үйлерде еске алу, намаз оқу, дұға бағыштау шараларымен атап өтілетін азалы жиындар жүріп, астар берілер болса - елдік келбетіміз айдындана түсер еді. Әр жыл сайын мамырдың соңында айналып  соғатын Азалы Жұма 31 мамырдағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің не алдына, немесе тіпті бір жұлдызға тұстас келуі мүмкін. Қалай болғанда да, осынау  біріне бірі сабақтас екі айдармен айшықталған қаралы-салтанатты күндер барша іс-шаралардың имандық ажарын жарқырата ашып, бірін бірі толықтыра түсетін болады.

Мәжіліс тарапынан қабылданса ғой деп үміт етіп отырған осынау болашақ құжаттың бір тармағы жоғарыда тілге тиек болған мұражайға арналуы ықтимал. Ондайда, Саяси қуғын-сүргін музейі алдындағы алаңға - большевиктік режим аясында халқына адал еңбек сіңіріп опат болған сан мың азаматқа ортақ ескерткіш  ретінде, биік сүйір ұшы көкке шаншылатын айбарлы сүңгі-обелиск орнату қажеттігі де ескерілер деп ойлаймыз.

Ұлттық Апатты  мәңгі есте ұстау шараларын, сөз жоқ, бүкіл ел болып қолға алу қажет. Оның алғышарты -  ҚР Парламентіндегі өкілдері етіп күллі ел-жұртымыз таңдап сайлаған халық қалаулыларының  арнайы тарихи құжат қабылдау арқылы осы ортақ іске сергек те беделді үн қосуында...

29.06.2002 ж.

Соңы

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1995
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2411
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1968
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1576