Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2393 0 пікір 16 Қыркүйек, 2009 сағат 11:04

Бек Датұлы. Арсыздар Абайды да мазаққа айналдырды

Степногорск қаласындағы Ұлы Абайдың ескерткіші алынып тасталатын бопты. Мұндай жан ауыртар жағымсыз жаңалықты жеткізген Ақмола облыстық Мәдени мұраны қорғау орталығының бастығы Талғат Ибраев оның себебін ескерткішті қайта қалпына келтіру жұмыстарының сапасыз жүргізілуімен түсіндірді. Белгісіз автор жасаған тасмүсін 1979 жылы Алматыдан әкелініп мектептің қасына қойылған болатын. «Өзі жоқтың көзі жоқ» дегендей, мүсінші белгісіз болған соң жергілікті шенеуніктер ескерткішті мәдени мұралар тізіміне кіргізбей елеусіз қалдырған. Абайдың ұлылығын емес, мүсіншілердің бет-беделін сыйлайтын жарымес шенеуніктердің сол қателігінен болып тасмүсін күтусіз қалған. 2007 жылы ескерткішті қайта қалпына келтіруге шешім қабылданады. Алайда, жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізіліп, ұлы ақын өзіне емес, коммунистердің «күн көсемі» Ленинге ұқсап кеткен. Талғат Ибраев осылай дейді. Бірақ ол осыншама сапасыз жұмысты кім атқарғанын, оған жұмысты кім сеніп тапсырғанын айтпады. Қазақтың ары мен намысының, ақылы мен санасының символы болған Абайды мазаққа айналдыруға жергілікті билік неге жол бергенін де ашып айтпады. «Үндемеген - үйдей бәледен құтылады» дегені шығар. Бірақ орашолақ мүсіншінің шалажансар жұмысына қыруар қаржы бөлінді ғой. Желге ұшқан қаржыны кім қайтарады? Орысша атауы Абайдың айбынынан ғана ығып тұратын Степногорск қаласына ұлы ақынның басқа ескерткіші қойыла ма?

Степногорск қаласындағы Ұлы Абайдың ескерткіші алынып тасталатын бопты. Мұндай жан ауыртар жағымсыз жаңалықты жеткізген Ақмола облыстық Мәдени мұраны қорғау орталығының бастығы Талғат Ибраев оның себебін ескерткішті қайта қалпына келтіру жұмыстарының сапасыз жүргізілуімен түсіндірді. Белгісіз автор жасаған тасмүсін 1979 жылы Алматыдан әкелініп мектептің қасына қойылған болатын. «Өзі жоқтың көзі жоқ» дегендей, мүсінші белгісіз болған соң жергілікті шенеуніктер ескерткішті мәдени мұралар тізіміне кіргізбей елеусіз қалдырған. Абайдың ұлылығын емес, мүсіншілердің бет-беделін сыйлайтын жарымес шенеуніктердің сол қателігінен болып тасмүсін күтусіз қалған. 2007 жылы ескерткішті қайта қалпына келтіруге шешім қабылданады. Алайда, жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізіліп, ұлы ақын өзіне емес, коммунистердің «күн көсемі» Ленинге ұқсап кеткен. Талғат Ибраев осылай дейді. Бірақ ол осыншама сапасыз жұмысты кім атқарғанын, оған жұмысты кім сеніп тапсырғанын айтпады. Қазақтың ары мен намысының, ақылы мен санасының символы болған Абайды мазаққа айналдыруға жергілікті билік неге жол бергенін де ашып айтпады. «Үндемеген - үйдей бәледен құтылады» дегені шығар. Бірақ орашолақ мүсіншінің шалажансар жұмысына қыруар қаржы бөлінді ғой. Желге ұшқан қаржыны кім қайтарады? Орысша атауы Абайдың айбынынан ғана ығып тұратын Степногорск қаласына ұлы ақынның басқа ескерткіші қойыла ма? Бұл жайында Талғат Ибраев та, облыстық мәдениет департаментінің «майшелпегін» ұстағандар да, мәдениет министрлігінің «марғасқалары» да әзір ештеме айтпай отыр.
Бұл ұлттың бетіне шіркеу түсіретін ұятты іс болды. Бұған дейін Мәскеуде халықтар достығының белгісі ретінде Абайға ескерткіш қойылып, ол тағы да «күн көсемге» ұқсап кеткені бар. Арлы ақын Абайды, қандықол Ленинмен шатастыра беретін мүсіншілер қайда оқып келді екен?! Әттең, осы мүсіншінің өзіне ескерткіш қойып, түрін маймылға ұқсатып жіберер ме еді, әттең...
Қайнайды қаның, ашиды жаның...

Абайда аямайтын арсыздардан абай болайық, ағайын!

«Абай-Информ».

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1991
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2405
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1963
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1576