Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2408 0 пікір 16 Қыркүйек, 2009 сағат 09:06

Қазақстанда келесі жылғы 1-ші қаңтардан бастап ұлтық біртұтас денсаулық сақтау жүйесі енгізіледі

Астана. 15 қыркүйек. ҚазТАГ– 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстанда ұлтық біртұтас денсаулық сақтау жүйесі енгізіледі, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Нұргүл Хамзина.

Министрлікте, біртұтас жүйенің енгізілуі медициналық қызметтің бәсекелестік жүйесінің қалыптасуына, пациентке өз еркімен дәрігерді және медициналық мекемені таңдауына мүмкіндік беріп, көрсетілген медициналық қызметтердің ашықтығына септігін тигізетінін айтады.

Н. Хамзинаның айтуынша, ұлттық жүйе аясында стационарлық көмек пен стационарды алмастыратын бөлімшелерге республикалық бюджеттен тек нақты емделген оқиғаларға ғана ақы төлеуді енгізу ұсынылады.

Бүгінге әрбір облыста өзінің базалық мөлшерлемелері бар. Өңірлерге байланысты ол бір науқасты стационарлық емдегені үшін 41 мың теңгеден 88 мың теңге аралығында бекітілген. Қаражатты жергілікті атқару органдары бөледі. 

«Біздің жүйе емделген оқиғаларға әр түрлі төлеуді ұсынады. Біз негізсіз ауруханаға жатқызу болмауына қол жеткізгіміз келеді, себебі бүгіндері ол, кеселдің күрделілігіне қарап емес, аурудың бар-жоқтығына қарап іске асырылады», - дейді департамент директоры. 

Ол, енді бас дәрігерлер науқасты ауруханаға жатқызардың алдында ойланады, деп есептейді.

Жалпы айтқанда, денсаулық сақтаудың біртұтас жүйесі екі кезеңмен орындалады. Бірінші кезең – 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 2015 жылға дейін және екінші кезең - 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан 2020 жылға дейін.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2376
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1946
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1572