Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2366 0 пікір 16 Қыркүйек, 2009 сағат 09:03

Қарағанды облысында жол полициясының қызметкері пара алғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айрылды

Қарағанды. 15 қыркүйек. ҚазТАГ – Қарағанды облысының Абай ауданы ІІД жол полициясының аға инспекторы үш мың теңге алғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айрылды. 

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, инспектор параны автокөлік иесінен техникалық бақылаудан көлігін кедергісіз өткізіп жібергені үшін алған. Бұл ретте жол полициясының инспекторы автокөлік иесінде сақтандыру полисінің жоқтығын анық білген. «Инспектор, машинаны көрмей-ақ, оның мемлекеттік техникалық тексерістен өткені туралы актіні толтырып, азаматқа техникалық тесерістен өтті деген куәлік берген», - дейді Абай аудандық прокурордың аға көмекшісі Светлана Живаева.

Қаржы полициясының қызметкерлері инспекторды заңсыз куәлікті берген соң өз кабинетінде пара алу кезінде құрықтады. 

Абай аудандық сот шешімімен Е. Серіков айыпты деп танылып, оны үш жылға бас бостандығынан айыру мен осыншама жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тиым салу жазасы тағайындалды.

Қарағанды облыстық соты Абай аудандық сотының шешімін өз күшінде қалдырды, үкім күшіне енді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1997
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2419
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1974
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1577