Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3470 0 пікір 25 Желтоқсан, 2013 сағат 05:24

Мұхтар Шерім. Жылқылар ән шырқайды...

Мен бар ғой, мен құлын кезімде «мама биемнің» шатын иіскеп еркелейтінмін, желмен жарысатынмын, тай кезімде тапырақтап, тасбақаны теуіп ойнайтынмын. Бүгінде жалыма жуа біткендей, құйрық жалым жалтылдап, тірсектерім жуандап, қамыс құлағым қайшыланып, мынау деген «жігіт» жылқы болдым! Адамдар біз­дің жасымыздағыны «жігіт» дейді екен ғой.

        Ендігі жылы, құдай қаласа, санаулы күндерден соң, біздің жылымыз бастал­ғалы тұр! Жылқы жылы! Есек жылы емес. Есектерге жыл да жоқ! Содан Жаңа жыл қарсаңында «Жылқылар ән шырқайды!» атты байқау болатынын естіп, Алматыдағы опера және балет театрына қарай асыға шаба жөнелдім! Шауып келемін, шауып келемін. Бір кезде МАЙ инспекторы ысқырып қалды. Тоқтадым.

- Қызылға өтіп кете жаздадың, жын қуды ма?—деп сұрады МАЙ инспекторы аузымды иіскеп,--ішіп алған жоқсың ба?

- Құдай сақтасын, шөп жегеннен басқа ішпедім,--деп кісінедім мен. МАЙ инс­пек­торы ар жағыма шығып, бер жағыма шығып, кенет құйрығымды көтерді.

- Қойыңызшы ағай, ұяламын...—дедім мен басымды шұлғып.

- Өй, төрсиің қайда? Көшеде неге жалаңаш жүрсің?—деп дүрсе қоя берді түк таппаған соң... «Мынау өзі қандай қазақ? Жылқылар, біздер ата бабамыздан жалаңаш жүреміз. Ауыл- ауылдарда, сендер, адамдар аш-жалаңашсыңдар!» деп ойладым ішімнен. Жалымның арасына қыстырылған он мың теңгені бере қойып едім, МАЙ инспекторы ыржиып сала берді. «Қой, бір лыпа сатып алайын! Тыныштық бермес..» деп ойлап, «Бара­хол­ка» базарына қарай шаптым. Шауып келе жатып, шатым айырылып кете жаздады. Көшеге құм, тұз себілмеген екен, көк мұздан аяғым тайып, «шпагат» болдым. Кісінеп жатқанымда, бес-алты жігіт мені ұстап алмақ болды. «Семіз екен, Жаңа жылға қарсы сойып жейік!» деп қояды. «О, сорлылар!  Жаңа жылдарың—Наурыз! Бұл жаңа жыл—жыл ауыстыру ғана!» дегім келді. Бірі үстіме ырғып мініп алды. Атып тұрып, тоңқе-еп, тоңқе-еп жібердім. Байғұс  ұшып кетіп, бір қызды құшақтай құлады. Қыз да «кет әрі» емес екен, екеуі әлі құ­шақтасып жатыр... Адамдардан ұят кеткен екен де... Содан шаба жөнелдім. Алма­тының көшелері сұмдық кептеліс екен. Машиналардан шыққан көк түтін­нен «нашақор» бола жаздадым! Қайран, біздің  ауылдың таза ауасы! «Барахолкаға» келсем, қала әкімінің қолында бензин толы кәнстір, базарды тағы да өртегелі жатыр! Жетіп келіп, бір тептім. Байғұс қалбалақтап, «әйелінің пәтеріне» балкон арқылы ұшып барды да, қабырғаға ілініп қалды, портрет болып. Қазіргі әкімдер халықпен ойнап, базар өртейтін болыпты...

Бір кезде алдымнан: «Аттан, аттан!» деп бір шал шықты. Қасында тоқалы. Тоқалының қолында бокалы... «Сириядағы соғыс тоқталсын! Обама, өй әкеңнің!» деген ұранды арқама жаба салды. Шауып келемін, шауып келемін! Оң жағыма қарасам, адамдардың тәуелсіздік мереке­сі­нен бұрын орнатылған алып шыршасы өртеніп жатыр екен. Ұят та болса шаптырып, сөндіре кеттім. «Ехе-хе-хе-е-еее!!» деп кісінеп қойып, тротуармен көсіле шауып келе жатсам, алдымнан қара есек шыға келді. «Менің де қазақша жыл қайыруда орным болсыншы! Адамдарға айтыңызшы! Бұл қазақтарға пара берсең, орналастыра салады мені...» деп ақырып тұр. Оған да қарамай, опера және балет театрына жеттім-ау! Есік алдында бір бие «келіншек» тұр екен. «Жылқы ағай, сағатыңыз қанша болды?» деп сұрап қояды. Менімен танысқысы келіп өліп тұр, тыпыршып.  Бір кезде ол кісінеп алып, ұзақ жылады. Сөйтсем, ертең сойылады екен. Мойнынан иіскеп, қайғысына ортақтасып, ішке кірдік. Зал толы жылқылар, биелер, бестілер, дөнендер, тай құлындар! О, адамдар, биыл біздің жылымыз ғой! Сахнада небір дүлдүл әнші жылқылар кісінеп, ән салды. Бір кезде біреу мойнымнан тістейді. Қарасам,  менен де дәу тұлпар тұр тісін шықырлатып. «Әй, пацан, сен не, менің келіншегімді құшақтауға келдің бе?» дейді. Қызғанып тұр.  «Кешіріңіз, бұл «жеңеше» биеміз: «күйеуім көкпарда жығылып өлген» деп еді...» Осылай міңгірледім. Орнымнан тұрып, кешірім сұрадым да, сахнаға шықтым. Ұза-а-а-ақ кісінедім. Бірақ «жылқыларға жиен» деген сылтаумен өтіп кеткен, бағана маған жолыққан қара есек ақырып кеп бергені үшін бас жүлдені «жеңіп» алды! О, адамдар, бір-бірлеріңді алалаумен қоймай, енді жылқыларға түстіңдер ме?  Қойсаңдаршы... Жарайды, жылқы жылдарыңыз жүйрік болсын, ехе-хе-хе-е-е-е-е-е!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1538
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1408
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1155
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1162