Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3312 0 пікір 24 Желтоқсан, 2013 сағат 07:08

В. Школьник, Е.Досаев және басқалар мемлекеттік марапатқа лайық па?

Біз келмеске кетті деп жүрген, атың өшкір кеңес империясы кезіндегідей мемлекет басшысы тап бір шүлен тарқатқандай жыл сайын, тіпті, бір жылда бірнеше рет  «ерекше еңбек сіңірген» ел азаматтарына мемлекеттік ордендер мен медальдар, басқа да құрметті атақтар мен сыйлықтар үлестіретінін бәріміз жақсы білеміз. 70 жылдан астам отарында ұстаған кеңестік орыс отаршылығы кезінде де дәл осылай болған.

Тәуелсіздік алғанымызға 22 жыл толғанда «ерен еңбек сіңіргендерді» сол бұрынғыдай тағы да жаппай марапаттаулар басталды. Осы ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қанша адам осындай құрметке ие болғанын санап көргенмін жоқ. Оны айтасыз, биылғы орден, медаль, сыйлықтар алғандардың санын да білмеймін. Жарайды, сыйлықсыз, марапатсыз болмай-ақ қойсын, оған келістік. Шын мәнінде сол мемлекеттік деңгейдегі жоғары құрметке ие болғандардың  қайсысы оған лайықты, қайсысы лайықты емес, оны да саралап, елеп-екшеп жатқан жан баласы жоқ сияқты.

Сонда да сөзім жалаң болмас үшін биылғы мемлекеттік жоғары награда алғандардың бірнешеуіне ғана тоқталайын.

 

1. Олжас Сүлейменов

Біз келмеске кетті деп жүрген, атың өшкір кеңес империясы кезіндегідей мемлекет басшысы тап бір шүлен тарқатқандай жыл сайын, тіпті, бір жылда бірнеше рет  «ерекше еңбек сіңірген» ел азаматтарына мемлекеттік ордендер мен медальдар, басқа да құрметті атақтар мен сыйлықтар үлестіретінін бәріміз жақсы білеміз. 70 жылдан астам отарында ұстаған кеңестік орыс отаршылығы кезінде де дәл осылай болған.

Тәуелсіздік алғанымызға 22 жыл толғанда «ерен еңбек сіңіргендерді» сол бұрынғыдай тағы да жаппай марапаттаулар басталды. Осы ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қанша адам осындай құрметке ие болғанын санап көргенмін жоқ. Оны айтасыз, биылғы орден, медаль, сыйлықтар алғандардың санын да білмеймін. Жарайды, сыйлықсыз, марапатсыз болмай-ақ қойсын, оған келістік. Шын мәнінде сол мемлекеттік деңгейдегі жоғары құрметке ие болғандардың  қайсысы оған лайықты, қайсысы лайықты емес, оны да саралап, елеп-екшеп жатқан жан баласы жоқ сияқты.

Сонда да сөзім жалаң болмас үшін биылғы мемлекеттік жоғары награда алғандардың бірнешеуіне ғана тоқталайын.

 

1. Олжас Сүлейменов

...Мәселен, жоғары мемлекеттік марапатқа ие болған, орыстың не қазақтың ақыны екені белгісіз, Олжас Сүлейменовты алайық. Бұл адамды «орыстың ақыны» дейтініміз - Олжекең осы тәуелсіздігімізді алғалы ширек ғасырға жуық уақыт бойы тек  орекеңдердің ғана сойылын соғып келе жатыр, қазақ тіліне жаны да, тәні де өлердей қарсы, қазақ тілін менсінбейді, еңбектерін ұлы халықтың тілінде жазады. Бірақ, сол ұлы халық - Олжасты өз ақындары санына қоспайды, менсінбейді. Сонда да Олжекең «мен саған адал құл болайыншы» дегендей олардың шалғайына оралуын қояр емес. Жұрт арасында осы ақынымыздың ана жылы Семей полигонды жабуды мақсат еткен " Невада-Семей" деген қозғалыс құрып, қасындағы келімсектерімен «өлшеусіз байлыққа белшесінен батқаны...» туралы әңгіме көп. Осы жолдардың авторы сол Семей полигонын жабуға «Азат» қозғалысы атынан бір топ серіктерімен қатысқан бір айдың ішінде, тіпті, полигонның ресми жабылуы күнінде де Олжас Сүлейменовты ол арадан ұшырата алмаған. Бұрынғы Семей облысының бірінші хатшысы, марқұм Кешірім Бозтаев қана сол ажал апанын жабуға белсене кіріскенін өз көзімен көрген. Міне, осы Олжекең мемлекет басшысының қолынан жоғары награда алды. Сонда Олжас Сүлейменов ондай жоғары мемлекеттік сыйлыққа лайықты ма, лайықты емес пе, ар жағын өздеріңіз шешіңіздер.

2. Владимир Школьник

«Қазатомөнеркәсібінің» «құдайы» Владимир Школьник  осы жолы «Отан» орденімен марапатталды. Бүкіл егістікке лайықты ең шұрайлы деген қазақ жерінің төрттен бірінің қожайыны осы Школьник дейді білетіндер. Енді ол адам қазақ жерінің аса құнды қазба байлығына  қожалық етеді. Білетіндердің айтуынша, Ресей азаматы - ұлы екеуі пайданың осы жағымен айналысатын көрінеді. Қанша уранымыздың Ресей шекарасынан асып кетіп жатқанын жан баласы білмейді. Осы Қазақ жерінің уранының қожайыны Қазақстан ба, жоқ Ресей ме, оны да ешкім тап басып айта алмайды. Міне, осындай жан тәуелсіз мемлекетіміздің жоғары наградасына лайықты азамат па, жоқ па ол жағын тағы да өздеріңіз бағамдай беріңіздер.

3. Кенжеғали Сағадиев

Кеңес заманында ұзақ жыл Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ректоры болған, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сол институттың ең майлы жерлерін өзі иемденіп кеткен, бүгінде сол институт ғимаратының тең жарымының қожайыны, түскен пайданы отбасы қызығына жұмсап жатқан, өзі ойлап тапқан Халықаралық бизнес университетінің студенттерге қандай білім беріп жатқанын жаны баласы білмейтін - Кенжеғали Сағадиев - осы жолы «Отан» орденін алды. Бұл құдайдың құлы да сол жоғары мемлекеттік наградаға шын мәнінде лайықты ма, жоқ па, оны да ешкім тап басып айта алмайды.

4. Ерболат Досаев

Бұл - Үкімет мүшесі, министр. Оның қандай саланың министрі екенін тәптіштемей-ақ қояйын. Көкірегі ояу, көзі ашық адамдар «Егемен Қазақстан» газетінен өздері-ақ тауып оқып алады. Досаевтың Денсаулық министрі болып тұрған кезде Оңтүстік Қазақстанды аты жаман СПИД кеулеп кеткені, сосын Батыс ақпарат құралдары жарыса жазғандай оның оффшорда бізден ұрлаған есепсіз қаржысы барын, сол үшін ол мемлекетке және басқа тиісті орындарға көк тиын да салық төлемегені белгілі болғалы қашан. Бұл министрді сол «ерліктері» үшін жоғары дәрежелі мемлекеттік наградаға ұсынды ма, жоқ ол шын мәнінде «сүттен - ақ, судан - таза ма», ол жағын тап басып айта алмаймын. Біздің елден басқа бір де бір ел ұрыларға жағдай жасап отырған жоқ. Сонда бұны қалай түсінуге болады?!

5.  Нұрлан Қаппаров

Бұл да министр. Оффшорда миллиондаған доллар жасырған, салық төлемеген. Ол жөнінде Батыс журналистері жарыса жазып жатыр. Еліміздің Үкімет мүшелері осындай былық-шылыққа батса, қалғандарына не сорым. Оның қазіргі жұмысына баға беруден аулақпын. Мүмкін, Батыс журналистері өтірік жала жауып отырған шығар. Олардың сандырағы жала болса, неге сотқа бермейді?

Осы Ерлан Досаев пен Нұрлан Қаппаров Алматыдағы аялдамаларды жекешелендіріп алып, сонда еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдарды далаға қуып шыққанын, аялдамаларды қиратып жатқанын отандық баспасөз аз жазған жоқ. Естуімізше, бұлардың жекеменшіктерінде мұнай, газ сияқты  шылқа майлы орындар бола тұра, Алматының қарапайым адамдарының аялдамаларын тартып алатындай, бұларға не күн туды екен? Оның да түпкі себебін мен білмеймін, ал Сіз білесіз бе?

6. Аңсар Мұсаханов

Бүгін еліміздегі облыс әкімдеріне Құдайдың өзі беріп тұр. Олардың ақ дегені -  алғыс, қара дегені - қарғыс. Жалпақ тілмен айтқанда оларды жердегі жарты Құдай десе де болады. Сондай дәурені жүріп тұрғандардың бірі әрі осы жолы жоғары мемлекеттік марапатқа ие болған - Аңсар Мұсаханов.

Өзінен жоғары тұрғандарға жағынудың белгісі ме екен, осы Мұсаханов ану жолы «Ұйғыр ауданының аты ешқашан да өзгермейді!» деп салды-ау, сабазың. Неткен жүрек жұтқандық! Бұл оның өз сөзі ме, жоқ мықтысының айтқызып отырғаны ма, оған мен де мән бермеймін.

Осы жылы ма екен, біраз баспасөз беттері шуылдаса  жазды. Аңсар Мұсахановтың «еркетотайы» су жаңа машинасымен құстай ұшып келе жатып, біреуді қағып өлтіріпті. Бірақ, облыс әкімінің баласына ешқандай сот жүрмейді екен. Ол «еркетотай» түк болмағандай, алшаң басып жүр дейді білетіндер. Сонда бұл пенде де мемлекеттік жоғары марапатқа лайықты болғаны ма, әлде олай емес пе? Әділін өзіңіз айтыңыз, ағайын. 

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

0 пікір