Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2971 0 пікір 12 Желтоқсан, 2013 сағат 08:51

Қазақстан тарихын пайымдауда жаңа ұстанымдар

Айтбай Роза Түймебайқызы т.ғ.к., доцент,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті:

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жеткен табыстарын баянды етіп, еліміздің ертеңгі күніне сенімді болу  үшін ұлттық сананы қалыптастырудың маңызы зор. Бұл мәселе әсіресе қазіргі жаһандану жағдайында өзекті болып отыр. Сондықтанда, Елбасы «Қазақстан -2050 стратегиясында :«Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жақсартуымыз керек»деп атап көрсетті.

Ұлттық сананы қалыптастырудың бір тетігі ел тарихын ұлттық мүдде негізінде жаңа көзқараспен пайымдап, жаңаша зерделеп, насихаттап оқыту. Ел тарихын дұрыс.шынайы  оқытпаудың ұлттық санаға қалай әсерін тигізетінін кешегі КСРО кезеңіндегі «Қазақстан тарихын» оқыту мысалынан көруімізгк болады. Қазақ халқының тарихының бұрмаланып, дұрыс оқытылмауының салдарынан елімізде өз тарихын білмейтін. ұлтын менсінбейтін, өз тілін білгісі келмейтін бірнеше ұрпақ қалыптасты. Бұл жағдайдың зардабын әлі көріп отырмыз.

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің тарихын жаңаша зерттеп, пайымдауда, айналымға жаңа құжаттарды енгізуде, зор жұмыстар жүргізілді. Көптеген құжаттық жинақтар, монографиялар, естеліктер, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді.Дегенмен әлі де болса атқарар жұмыс көп, жаңаша ұстаныммен пайымдалатын мәселелер де жеткілікті.

Атап айтсақ, ең алдымен тарихты зерттеп, зерделеудегі әдіснама(методология) мәселесі  толық шешіліп біткен жоқ. Тәуелсіздік алған кезден бастап біз кешегі еуроцентристік бағыттқа негізделген маркстік-лениндік әдіснамадан кеттік деп жарияладық, дегенмен бұл әдіснама әлі мемлекеттік стандарттарда,оқулықтарда кездеседі. Тіпті тарихшылардың өздері одан толық арылған жоқ. Қазір өркениеттік бағытты ұстанамыз дегенмен, тарихты пайымдауда, зерттеуде, оқытуда бұл әдіснаманы толық пайдаланып жүрген жоқпыз. Оған толық көшетін уақыт жетті. Сонда ғана Қазақстан тарихының ақтаңлақ беттерін дұрыс түсінуге мүмкіндік аламыз. Көшпенді өркениет мәселесін шешіп, оны әлем тарихына қоса аламыз.

Қазақстан тарихын кезеңдеу мәселесі  де толық аяқталған жоқ. Бұрынғысынша ежелгі, орта, жаңа, қазіргі заман деп бөлінеді. Отан тарихын бұлайша кезеңдеу біздің пікірімізше кейбір мәселелерді тереңірек және жан-жақты ашып көрсетуге толық мүмкіндік бермейді. Мәселен, мектепке арналған 6 сыныптың оқулығында сақтар, ғұндар  тарихы «Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен мемлекеттер» деген тарауға енгізілген. Ал, 2010 жылы жарық көрген Ғылым академиясының тарих институты шығарған оқулықтың бірінші томында «Сақ-сармат дәуірі», «Ғұн-үйсін мемлекеттері» деп  дұрыс көрсетілген. Ғұндар ежелгі дүниенің екі империясының ыдырауында өз таңбаларын қалдырды. Олар: Хань  және Рим империясы. Сондықтан да ғұн тарихына Отан тарихынан қомақты орын беруіміз қажет.

  Біздің ұсынысымыз бұл кезеңдер тарихын «Қазақстан тарихының сақ дәуірі», «Қазақстан тарихының ғұн кезеңі», «Қазақстан тарихының түркі кезеңі» деп  қарастырсақ, оларды кешенді түрде баяндап, қазақ тарихының құрамдас бөлгі болғандығына жұрт назарын аудара аламыз. Сонда ғана қазақтардың - Еуроазиялық кеңістіктің көне халықтарының бірі екендігін, қазақ тарихының тамырының терең, мыңжылдықтарда жатқандығын дәлелдей аламыз.

Қазақ хандығының тарихын оқытуға да зор мән берілуі қажет. Керей мен Жәнібектің, Қасымханның, Хақназардың, Тәуке мен Абылайдың т.б. хандарымыздың қызметіне жастардың назарын аударып оқытуымыз қажет. Сонда жылда ҰБТ кезінде қазақ хандарына байланысты қиын сұрақтар келді деп қоғам болып шу көтеруден арыламыз. Сол жағдайлардың өзі ұлттық санамыздың қандай деңгейде екендігін көрсетеді.. Кешегі КСРО-ның кезінде біз орыс патшаларының Рюриктерден бастап Романовтарға дейінгі тарихын жатқа білетінбіз. Қазіргі кезде ағылшын тілі курстерінің тыңдаушылары Англияға  барып оқу үшін елтану тестерін тапсырады. Сол тестерде: «Англия премьер-министрі тұратын үйдің нөмері қандай?»немесе «ҮІІІ Генрих Тюдордың қанша әйелі болған?» деген сұрақтар бар. Алайда, мұндай сұрақтарға ешкім қарсы дау айтпайды. Керісінше,  жастар сол сұрақтарға интернеттен жауап іздеуге тырысады. Мұндай жағдайларға көбінесе біз тарихшылар кінәліміз деп есептеймін. Өз хандарымыздың тарихын дұрыс оқыта алмай отырмыз

Тағы бір мәселе, мектептерде және университеттердің тарих мамандықтарында оқытылатын дүниежүзі тарихы оқулықтарына Қазақстан тарихының эпизодтарын енгізу қажет. Сонда тарихымыздың дұние жұзі тарихының бөлінбес бір бөлігі екендігін көрсете аламыз.

Қорыта  айтқанда,Тәуелсіздік жылдарында ашқан, жинаған құжаттарымыз бен жәдігерлеріміз арқылы қазақ тарихының әлемдік қауымдастық тарихының құрамдас бір бөлігі екендігін дәлелдейтін уақыт жетті. Отан тарихы өркениеттік бағыт, ұлттық мүдде негізінде пайымдалып, оқытылғанда ғана ұлттық сананың қалыптасуын ықпал жасайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2001
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2427
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1982
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1578