Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6307 0 пікір 12 Желтоқсан, 2013 сағат 08:48

Ұлттық сананы қалыптастырудағы Отан тарихының рөлі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Қазақстан тарихы кафедрасының

меңгерушісі, тарих ғылымдарының

кандидаты Қаипбаева Айнагүл Толғанбайқызы:

 

Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы ғылымы  жаңа сапалық са­тыға көтерілді. Оған серпіліс берген, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған тарихи құжаттары. Әрине, олардың ең бастысы «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы. Жол­дауда Елбасы инновациялық зерттеулерді дамы­ту­дың жаңа саясатын паш етті, бүкіл­қазақ­стандық бірегейлікті халқы­мыз­дың та­ри­хи санасының өзегіне айналдыру­ды жаңа патриотизмнің алғышарты ре­тін­де айрықша атап өтіп,  «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру  жұмысын жалғастыруымыз керек» - деген болатын. Елбасының «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасын даярлау тапсырмасына орай, Мемлекеттік хатшы Марат Тажиннің  ағымдағы жылдың 5 маусымында Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері бойынша кеңейтілген мәжілістегі баяндамасында ауқымды міндеттер қойылғаны белгілі. Осыған орай, «Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеу» жобасы аясында "Ұлттық сананы қалыптастырудағы Отан тарихының рөлі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылған болатын. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Қазақстан тарихы кафедрасының

меңгерушісі, тарих ғылымдарының

кандидаты Қаипбаева Айнагүл Толғанбайқызы:

 

Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы ғылымы  жаңа сапалық са­тыға көтерілді. Оған серпіліс берген, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған тарихи құжаттары. Әрине, олардың ең бастысы «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы. Жол­дауда Елбасы инновациялық зерттеулерді дамы­ту­дың жаңа саясатын паш етті, бүкіл­қазақ­стандық бірегейлікті халқы­мыз­дың та­ри­хи санасының өзегіне айналдыру­ды жаңа патриотизмнің алғышарты ре­тін­де айрықша атап өтіп,  «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру  жұмысын жалғастыруымыз керек» - деген болатын. Елбасының «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасын даярлау тапсырмасына орай, Мемлекеттік хатшы Марат Тажиннің  ағымдағы жылдың 5 маусымында Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері бойынша кеңейтілген мәжілістегі баяндамасында ауқымды міндеттер қойылғаны белгілі. Осыған орай, «Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеу» жобасы аясында "Ұлттық сананы қалыптастырудағы Отан тарихының рөлі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылған болатын. 

Ұлт тарихына байланысты келелі әңгіменің басталғанына біршама уақыт өтті. Бұқаралықақпарат құралдарының белсенділігі арқасында қалың жұртшылық Қазақстан тарихынан біршама дерек пен дәйек алды, соңғы уақытта алған рет қытай мұрағаттарынан Қазақстан тарихына қатысты 72 мыңнан астам құжаттың 283 томы көшіріліп алынғандығынан, Иран мен Үндістаннан тарихи қолжазбалар жеткізілгендігінен хабардар. Әрине, насихаттау мәселенің бір қыры ғана, Ұлттық тарихымызды зерттеу мен білікті оқытудың арқалап тұрған жүгі өте ауыр. Демек, бүгінгі дөңгелек үстел басындағы салиқалы ой пікірлер Отан тарихын оқыту, зерттеу және насихаттау бағыттары негізінде үш арнада өрбиді.

Бүгінгі күнгі тәуелсіздік жағдайында Қазақстан тарихын оқытуда, ғылыми тұрғыда пайымдауда қандай ұстанымдар басшылыққа алыну керек?

Мемлекеттің дамуына тікелей әсер етуші факторлардың бірі салиқалы саясат, тұрақты экономикамен қатар, ұлттық идеология екені белгілі. Ұлттық идеология қоғамды бір мақсатқа жұмылдырып, сол мақсатқа жету де бірігіп әрекет етуге шақырады. Ұлттық идеологияны қалыптастырудың жолы көп. Соның бірі және бірегейі Отан тарихы болып табылатыны сөзсіз. Ал, оны қалыптастырудың жолдары мен кейбір мәселелерін талқылау қазір маңызды.

Астанада өткен алқалы жиында көтерілген мәселелер мен айтылған ойлар сан-алуын. Солардың ішінде айрықша айдарланғаны – тарихи зерттеулер методологиясын жаңа сапалық сатыға көтеру. Кез-келген ғылыми жұмыс белгілі методологияға бағынып, соның негізінде жазылатыны даусыз. Бұл мәселе, Отан тарихында аса өзекті болып табылады. Ал, оның этномәдени аспектісі белгілі бір ұлттық құндылықтар төңірегіне негізделеді. Бұл қаншалықты жұмысты тиімді етпек?

Расында да еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін Отан тарихын зерттеуде бірнеше ғылыми бағыттар қалыптасты. Осы бағыттар негізінде бүгінгі күнге дейін бірнеше ғылыми еңбектер жазылып, тың тұжырымдар жасалды. Заман талабы мен жаһандық құбылыстың өзгеруі ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселесіне де жаңа көзқарастарды туындатты. Отан тарихында қандай бағыттар пайда болды және бұл бағыттар қандай методологияға негіздеуде.

      Бүгінгі тарихты өзінің тар пәндәк шеңберінен шығару үшін де, ендігі жерде тарихшыны "пайымдаушы" ғалымға айналдыру үшін де біріншіден пәнаралық байланысты дамыту керек, екіншіден, ғылымның, мәдениеттің, қоғамның жаңа танымдық мәселелерін, олардың теориялық, әдістемелі, тұжырымдамалы арқауларын бір-бірімен ұштастыру керек.

Тарих – халықтың зердесі. «Өткенді білмей болашақты болжау мүмкін емес». Мұндай қанатты сөздердің түпкі мағынасы, ел үшін, мемлекет үшін тарихтың маңызы жоғары дегенге келіп тіреледі. Ендігі жерде ақиқат тарихты жазу ұлтшылдық деп саналмайды. Себебі, шынайы ел тарихын білу ар­қылы тарихи сана қалып­таса­ды, тарихи сана арқылы ұлт­тық сана өсіп жетіледі, ұлттық санамыз биік деңгейге көтерілсе, егемендігіміз тұғырлы болатыны анық.

Талқыланған мәселелер аясындағы міндеттерді шешу кешенді жұмыс жоспарында назарға алынып, іс-шаралар жалғасын табады. Осы орайда бірнеше төмендегі ұсыныстарды назарға ұсынсақ :

1. «Тарих толқынында» бағдарламасы аясындағы Университет ғалымдарының атқаратын кешенді жұмыс жоспарын бекіту;

2. Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері бойынша өзіндік тұжырымдарды ғылыми-практикалық конференция және ғылыми басылымдарда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан ғаламтор жүйесін Отан тарихы негізінде жаңадан ашылған Веб-порталға мақала жариялау;

3. «Тарих толқынында» бағдарламасы аясындағы университеттің профессор-оқытушылар құрамы  Ғылыми жобалар даярлап, Отан тарихының зерттелу аясын кеңейту шараларына атсалысу;

4. Отан тарихын зерделеу бағытында Қазақстан тарихы кафедрасында саит ашу және жетекшісін бекіту;

5. Қазақстан тарихы пәні бойынша электронды оқу құралдарын әзірлеу;

6. Ұлттық сананы, ұлттық идеяны қалыптастыру мақсатында Ғылыми орталық құруды назарға алу;

7.«Тарих толқынында» бағдарламасының мақсатында Қазақстанның жаңа тари­хының жиырма жылының мәнін пайымдау тапсырмасына орай, Тәуелсіз Қазақстан тарихы пәнін барлық бакалавриат мамандықтарының 2 курс студенттеріне оқытуды енгізу, сондай-ақ, Өлкетану пәнін оқытуды қолға алу тапсырмасын да назарға алып, тарихшы мамандықтарының элективті пәндері қатарына Өлкетану пәнін енгізуді қолға алу;

8. Әлемдік білім беру стандартына сәйкес ағылшын тобындағы мамандықтарға "Қазақстан тарихы ағылшын тілінде" атты пәнді оқытуды енгізу;

9. Пәнаралық байланыс жұмыстарын үйлестіру;

10.Ұлттық тарихты зерделеу жұмысын 2014 жылдың наурыз айында «Нұрпейіс оқулары» аясында өткізілетін халықаралық ғылыми-практикалық конференция  барысында қорытындылауды назарға алу.

Университет ғалымдары қауымының бүгінгі білім бәсекесіндегі алар асуларының биік болатындығына күмән келтірмейміз. Олардың ел игілігіне еңбек етіп, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен дәстүрлерді сіңірудегі жалғасып келе жатқан даңқты дағдыларынан танбайтындығына кәміл сенеміз.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1998
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2426
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1979
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1577