Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2993 0 пікір 12 Желтоқсан, 2013 сағат 08:26

Қордың байқауы қазақ сайттарына арналды

1-сурет: «Қазақтілді Интернет-сайттардың ұлттық сыйлығы» байқауы байланысты өткізілген баспасөз мәслихаты (солдан оңға қарай): Қор Сараптамалық кеңесінің мүшесі, жазушы, журналист Болат Жүнісбеков, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, Қор Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбилиянов, «Еуразия» бірінші арнасы» бас директорының бірінші орынбасары Мұхтар Ерман, белгілі тележүргізуші Юлия Кушнарева

2-сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбилиянов пен www.ult.kz ақпараттық порталының жетекшісі әрі бас редакторы, ақын Ақберен Елгезек

Мемлекеттік тілді дамыту қоры әркез игі бастамалар мен іс-шаралардың ұйытқысы болып келеді. Аталған қордың қолға алуымен биыл бірінші рет «Қазақтілді Интернет-сайттардың ұлттық сыйлығы» байқауы жаряланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара қазақстандық интернет-кеңістікті, ақпараттық русурстар мен сервистерді дамыту, үздік қазақтілді интернет-ресурстарды анықтау, тәуелсіздік жылдары қалыптасқан құндылықтарымызды дәріптеп жүрген интерент-сайттарды ынталандыру мақсатында өткізіліп отырған алғашқы байқау.

Байқауға күн санап өсіп келе жатқан қазақ сайттары бір кісідей атсалысты.

Сөйтіп, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында байқаудың қортындысы жария болды.

Байқауға барлығы 12 өтінім келіп түсіп, комиссия бес аталым бойынша жеңімпаздарды анықтап, сый-сияпат жасады.

 «Өткір тіл» - мемлекеттік тіл мен ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік интернет-сайт www.ult.kz ақпараттық порталы;

«Рухани азық» - үздік болып әдебиет пен мәдениетті насихаттаушы www.massagan.com интернет-сайты;

«Терең ізденіс»  аталымы бойынша тарихымызды  насихаттаушы www.abai.kz сайты;

«Шынайы өмір» - қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін www.minber.kz;

«Спорт тынысы» - порт және салауатты өмір салтын насихаттаушы  www.alasharena.kz сайты жеңімпаз атанды.

Байқау жеңімпаздарының әрқайсысына бас демеуші «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 150 000 (жүз елу мың) теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен бірге, әрбір аталым бойынша әзірленген статуэтка және Мемлекеттік тілді дамыту қорының арнайы дипломымен  марапатталды.

Мемлекеттік тілді дамыту қоры өткізген байқауда жеңімпаз атанған барлық қазақ сайттарын шын жүректен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілейміз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2065
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2494
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2103
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1607