Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3015 0 пікір 10 Желтоқсан, 2013 сағат 07:08

«СК-Астана» корпоративтік қоры 2014 жылдан бастап қайырымдылық көмек операторына айналады

«СК-Астана» корпоративтік қоры 2014 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ барлық компаниялар тобы үшін демеушілік және қайырымдылық көмек операторына айналады. 

«СК-Астана» корпоративтік қоры 2014 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ барлық компаниялар тобы үшін демеушілік және қайырымдылық көмек операторына айналады. Мұндай мәлімдемені «СК-Астана» корпоративтік қорының бас директоры Ерлан Дәрімов Газета.кз порталында өткен онлайн-конференция барысында жасады.

 «Бүгінгі таңда «СК-Астана» - бұл «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық және демеушілік қызметінің операторы. Жаңа жылдың қаңтарынан бастап, біз, барлық компаниялар тобының операторы боламыз», - дейді ол.

Аталған корпоративтік қор корпоративтік басқарудың әлемдік тәжірибесі негізінде құрылды. Анығырақ айтсақ, өзінің іргетасы қаланғалы бері «СК-Астана» қаржылық қолдауға байланысты өтінімдерді қарастырып, жаңа жобаларға қозғау салуда.

«Самұрық-Қазына» АҚ қолдау танытатын жобаларды басты үш бағытқа бөлуге болады. Бұл – әлеуметтік, имидждік және спорттық шаралар. Қайырымдылық қадамдарына ерекше назар аударылатыны атап өтерлік жайт. Мәселен, осы жылы Қазақстандағы әр түрлі қайырымдылық қорларына 500 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді».

Өзге екі бағытқа келсек, спорттық жобалардың аясында Ұлттық Олимпиада комитетін және де отандық спорттың дамуына сүбелі үлес қосып жатқан ең бір табысты деген ұйымдарды қаржыландыру жүргізіледі. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» АҚ 2014 жылдың ақпан айында Сочи қаласында жалауын желбірететін Олимпиада ойындарында Ұлттық команданы қолтығынан демемек. Ұлттық Паралимпиада комитетіне демеушілік көрсету де өте маңызды әлеуметтік іс. Мәдениет пен білім беру салаларында да әлеуметтік жобалар баршылық.  

 «Имидждік жобалар турасында ой өрбітсек, «Астана» Президенттік кәсіби спорттық клубы тілге оралады. Клуб бірнеше жоғары деңгейлі спорттық клубтың басын біріктіріп, Қазақстан беделі мен «Астана» брендін төрткүл дүниеге паш етіп, асқақтатуды мақсат тұтады», - деп түйіндейді Е.Дәрімов.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1219
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1113
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 848
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 994