Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3384 0 пікір 10 Желтоқсан, 2013 сағат 04:35

Шындықты қайдан іздеуге болады?

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуратурасының

Назарына!

 

Құрметті редакция, сіздерден кәмелеттік жасқа толмаған, заңсыз 12 жылға сотталған Советхан Мирастың анасы Кабдолдина Ырыскелді көмек сұрайды. Менің ұлыма айып тағылып, 12 жылға ауыр қылмыс жасады деп бас бостандығынан айрылды. Істемеген қылмысы үшін жазаланғанын сезінудің өзі, әсіресе мәселе өзінің жақын досы туралы болғанда, өте ауыр жағдайға тап боласың, өмір сүрудің өзі қиын болып кетеді. Әрине, әркім «ана болғандықтан баласын қалайда қорғайды ғой» деп ойлауы мүмкін. Бірақ шынында да мен анамын ғой, өз ұлымды соңына дейін қорғаймын, өйткені менің ұлым кінәлі емес. Жасқа булығып, ашу-ыза кернесе де, болған оқиғаны ретімен және жан-жақты айтуға тырысайын.

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуратурасының

Назарына!

 

Құрметті редакция, сіздерден кәмелеттік жасқа толмаған, заңсыз 12 жылға сотталған Советхан Мирастың анасы Кабдолдина Ырыскелді көмек сұрайды. Менің ұлыма айып тағылып, 12 жылға ауыр қылмыс жасады деп бас бостандығынан айрылды. Істемеген қылмысы үшін жазаланғанын сезінудің өзі, әсіресе мәселе өзінің жақын досы туралы болғанда, өте ауыр жағдайға тап боласың, өмір сүрудің өзі қиын болып кетеді. Әрине, әркім «ана болғандықтан баласын қалайда қорғайды ғой» деп ойлауы мүмкін. Бірақ шынында да мен анамын ғой, өз ұлымды соңына дейін қорғаймын, өйткені менің ұлым кінәлі емес. Жасқа булығып, ашу-ыза кернесе де, болған оқиғаны ретімен және жан-жақты айтуға тырысайын.

ШҚО Ұлан ауданы, Герасимовка аулында 2012ж. 20 шілдеде менің ұлымның досы кәмелетке толмаған Қойшыбаев Бекболат аса қатыгездікпен өлтірілді. Баланың мәйітін 22 шілде таңғы сағат 5-те Ұлан өзенінің жағасында ағалары тауып алады. Мәйіт табылған жерге криминалистер келіп жұмыс істеді. Ешқандай айғақ табылмады. Сол себепті тергеуші Герасимовка мектебінің мұғалімдерін қандай да бір айғақ табу мақсатында айналаны сүзіп қарап шығуды сұрайды. Бірақ нәтижесіз болды. Мұғалімдердің көргендері, жолдың оң жағында жылтыраған дөңгелек қан әлі кеппеген қалпында. Сол күндері, яғни 20, 21, 22 шілдеде күн өте ыстық болған. Шашыраған немесе тамшылаған қан іздері болған жоқ. Баланың денесін басқа жақтан көлікпен алып келгендей әсер қалдырды. Бәрімізде сондай пікір қалыптасты. Өзен жағасының шынайы қылмыс болған жер еместігі жайында тұрақты ой туындады. Егер де тергеу материалдарында бекітілгендей, Бекболат алғашқы минуттарда белсенді түрде қарсылық көрсеткенін ескерсек (тырнақ астынан эпителий және қан табылды), онда мәйіт табылған жерде қандай да бір төбелестің және шашыраған қан іздері болған жоқ. Сонымен қатар ІІД тергеушісі де осындай болжамда болды. Алайда, тергеу барысында осы нәтижелердің бәрі ескерілмеген.

23 шілдеден бастап қыркүйек айына дейін 50 шақты полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарын сұраумен айналысты. Тергеу амалдарын жүргізу барысында, күдіктілер анықталды. Оларды саны 14ке жетті. Сонымен қатар, қылмыс жасалған жер де анықталды, ол «Теремок» дүкені. Бұған сол дүкеннің ішінен табылған заттардағы және жанында орналасқан “Қазақтелеком” ғимаратының қабырғасынан табылған қан іздері айғақ. Осы табылған қан дақтары Қойшыбаев Бекболаттың қан тобымен сәйкес келген. 21.07.2012ж бастап “Теремок” дүкені жабылып қалды, жұмыс істеуін тоқтатты. Бекболаттың дәл осы жерде өлтірілгеніне Манарбек атты куәнің ( істе жауабы көрсетілмегендіктен, тегі белгісіз ) ІІД келіп берген жауабында Қойшыбаев Бекболат қасындағы жігітпен “Теремок” дүкеніне  келіп, жалғыз өзі кіріп, содан шықпай қалғанын көргенін айтқаны дәлел. Осы жауап берілгеннен кейін, дүкенді ІІД қызметкерлері қайтадан тексерді. Алайда, тексеру нәтижелері және Манарбектің жауаптары тергеу материалдарында көрсетілмей, соттың назарына және қарауына ілінбей қалды. Мәйітті қарау кезінде, үстіндегі киім қалтасынан өзара жалғасқан 2 кілт табылған. Табылған кілттер айыптау қорытындысында көрсетілмеген. Бұл кілтті жәбірленушілердің өздері де танымаған. Сонымен қатар тергеу орындары кілттің «Теремок» дүкеніне, не басқа жерге қатысы барлығын тексермеген.

Сонымен қатар, мәйіт табылған күні кинологтар да жұмыс істеді. Іс кесуші ит Герасимовка аулында тұратын Бозжигитова Салтанаттың үйіне алып барады. Аталған азаматша мектепте еден жуушы болып істеген, және де осы іс бойынша куә ретінде өткен, бұрын сотты болған Ержан Сапаргалиевпен тұрған. Алайда, тергеу орындары бұл фактіні назарға ілмеді. Айта кететін болсақ, 2013 жылы сәуір айының соңында Герасимовка ауылында дәл сондай оқиға қайталанды.  Е. Спаргалиев ауыл тұрғынының өміріне қастандық жасады. Абырой болғанда, кісі өлімі болған жоқ. Аз ғана уақыт ішінде бірнеше пышақ салып үлгерген.  Зардап шеккен ауыл тұрғынына дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, аман қалды. Алайда бұл факт тергеушілер үшін істі қайта қарауға негіз болмады.

Әрі қарай бәрі қорқынышты түстегідей болды. 03.12.2012ж тергеу орындары қылмыс жасалған жер өзеннің жағасы деп және осы қылмысты жасаған менің ұлым Советхан Мирас пен Жетпысбаев Мадиярды айыптады. Мұндай айып тағу ауыл тұрғындарын селк еткізді, өйткені тіпті тірі жанға қолының ұшын да тигізбейтінін менің ұлымның мұндай іске баратынына ешкім сенген жоқ. Дәл осы күні ШҚО ІІД жедел уәкілдері Саденов Арман мен Нуркасымов Ринат сағат 16:30да ата-анасы жоқ кезде ұлымды үйінен алып шыққан. Осы сәттен бастап кәмеллеттік жасқа толмаған ұлымның құқығы үнемі бұзылып отырды. Ұлымның жеке ұялы телефонын тартып алып, ата-анасына болып жатқан жайтты хабарлауға мүмкіндік бермеді. Мирас Ұлын аудандық уақытша ұстау изоляторына жеткізіліп, Жетпысбаев Мадияр екеуін бұрын сотты болған 35-40 жастағы орыс тілді азаматтарымен жеке камераға бірге қамап, ал олар жас балаларды түрме өмірінің «қызықтарымен» қорқытумен айналысқан. 2012 жылдың желтоқсанның 3-нен 4-не қараған түні ІІД қызметкерлері тарапынан (20 шақты) балаларға психологиялық және физикалық қысым көрсетілді. Атап айтсақ, ІІД жедел уәкілі Саденов Арман және аудандық ІІБ қызметкері Кушанов Тимур. Балаларға дем алуға мүмкіндік бермей бастарына целлофан қапшықтар мен противогаз кигізген. Қылмысты мойындарына алуын талап етіп, және достарына, яғни Бөкейханов Жандос, Советов Мирас, Амангельды Олжасқа көрсетуді бұйырған. Ұлыммен кездескен сәтте мен оның денесінен көгерген іздерді, қарақұсының ісіп тұрғанын және бүйрек тұсының ауырсынғанын көрдім. Сонымен қатар Саденов Арман менің ұлымды зорлаймын деп қорқытқан. Осының бәрін айтып ұлым және мен ІІД аға тергеушісі А. Ахтановқа шағымдандық. Бірақ ол өз тарапынан қандай да бір шара қолданбады. Шарасыздықтан мен ұлымның денесіндегі көгерген дақтарды  ұялы телефоныма түсірмекші болғанда, тергеуші Ахтанов қолымнан сумкам мен телефонды жұлып алды. Осы фактілер бойынша аудандық прокурорға шағымдандым. Аудандық прокурор шағымды қарап, ұлыммен сөйлесіпті. Прокурор денесіндегі көгерген іздерді соққыдан қалған дақтар екенін айтты, және басынан, бүйрегінен соққан деді. Алайда бұл да іс материалдарында бекітілмеген. Сонымен қатар процессуалдық нормаларды бұза отыра, 2012ж 5 желтоқсанда сағат 24:00де ұлым ата-ананың қатысуынсыз қамауға алынды. Осыған орай облыстық сот атына жазылған шағымды қарау тәртібі де бұзылды. Шағым 14.12.2012ж сағат 10:00 қаралған, бірақ бізге хабарлама түстен кейін жетті. Шағым облыстық прокуратура өкілінің қатысуымен қаралды, алайда кәмелеттік жасқа толмаған баланың қорғаушысы мен заңды өкілі қатыстырылған жоқ. Бұл аз дегендей дәл осы облыстық прокуратура өкілі дәл осы іс бойынша сот мәжілістеріне қатысты. Бұл заңбұзушылық емей немене?! 8 күн бойы (болу керек 3) кәмелетке толмаған Советхан М. пен Жетпыспаев М. уақытша ұстау изоляторында заңсыз ұсталды. Іздеп барғанда балаларды тергеу изоляторына алып кетті дегенді желеу етіп көрсетпей қойды. Осы уақыт аралығында (6.12.2012-13.12.2012) тергеуші Ахтанов қорғаушы мен ата-аналарының балаларымен кездесуіне бөгет жасады. Бұны балаларды ұрып-соққандарын, яғни өздерінің қылмыстарының іздерін жабу үшін уақыт созғандық деп ойлаймын. Кәмелет жасқа толмаған Советхан Мирасқа судмедэкспертиза заңды өкілі және қорғаушысының қатысуынсыз жасалып, жоққа шығарылған. Қайда барсаң да алдау, қысым, зорлық-зомбылық көрсету, жең ұшынан жалғасушылық .

Қылмыс жасалған күні менің ұлым кешке өзінің достары Советов Мирас, Бөкейханов Жандос, Қойшыбаев Бекболат, Жетпысбаев Мадияр және Дюсупова Ляйламен оның әжесінің үйінің қасында болған. Осы балалардың бәрі 3-ші желтоқсанға дейін бірдей жауап беріп келген. Қойшыбаев Бекболатқа Ерболатов Ермектен қоңырау түскенін, оның достарымен қоштасып кетіп қалғанын айтқан. Кейін тергеу орындары Қойшыбаев Бекболаттың телефонына дәл сол Ерболатов Ермектің қоңырау соққанын анықтайды. Айта кетсек, Е. Ерболатов Қойшыбаев Бекболатты «Теремок» дүкеніндегі өзінің қарыздарын төлеуге және жүргізуші құқығынсыз әкесінің көлігінде көрші ауылдарға тасуға мәжбүрлеген. Ал Бекболат өз кезегінде өзінен жасы кішілерден, соның ішінде Амангельды Олжастан, «старшактардан» ақша төлемінен құтылу үшін қысым көрсетіп, ақша талап етіп отырған. Сол күні, яғни 20.07.2012ж кешке Бекболат өз анасынан 20000 теңге сұрайды, не үшін? қандай қажеттіліктерге? - тергеу орындары анықтамайды. Айта кетсек, 2012 жылы тамыз айында Ұлан ауданының прокуроры Қойшыбаев Бекболат оқыған мектепке Ерболатов Ермек тарапынан Қойшыбаев Бекболаттан қысым көрсетіп, ақша талап (бопсалаушылық) еткені туралы қаулысын жібереді. Дәл сол Ерболатов Ермек осы іс бойынша бірінші күдікті болып ұсталған, алайда 2 күннен кейін бостандыққа шығарылды. Қандай негізде, не себепті Ерболатовтың күдіктілер қатарынан шығарылғаны жайында тергеушілер және прокуратура тарапынан ешқандай анықтамалар берілген жоқ. 

Нақты қылмыс жасалған жер, күні мен уақыты тергеумен анықталған жоқ. «Казақстан- Өскемен» телеарнасы видеосюжетінде осы дүкен болжалды қылмыс орны ретінде көрсетілген, дегенмен, қылмыс орнын бұрмалауы кімге пайдалы. Бекболатты менің ұлымның өлтіргенін көрсететін заттай дәлелдер  жоқ. Сараптама нәтижесінде жасөспірімдердің киімдерінде қан іздері, сондай – ақ дене жарақаттары табылған жоқ, ал сараптама нәтижелерінде Бекболаттың белсенді түрде қарсылық көрсеткені айтылған. Сот мәжілісінде куәлердің берген жауаптары бойынша, 23:00 сағаттан кейін менің ұлымды көшеде ешкім көрген емес. Бекболат Е. Ерболатовқа кездесуге кеткеннен кейін, менің ұлым және Бөкейханов Жандос бір бағытта үйге кетті. Мирас 23 сағат 15 минутта, әдеттегідей ақ-жарқын мінезімен, сабырлы күйде үйге оралды. Советов Мирас және Жетпысбаев Мадияр Ляйләның қасында қалған. Сол қыз Мадиярмен кездесіп жүрген. 2012 жылдың 3 желтоқсанына дейін олардың бәрі бүгей-шүгесіне дейін бірдей жауап берген. 3 желтоқсанда Советов Мирас, Бөкейханов Жандос және Дюсупова Ляйлә жауаптарын ойламаған жерден түбегейлі өзгертті. Сонда балалар Герасимовкаға жетпей, Бекболатты өзен маңында өлтірген болып шығып тұр. Ал, Бөкейханов және Советов олардан 10 метр қашықтықта отырып, барлығын көріп отырған. Сонда Мирас пен Жандос  бұған дейін араларынан қыл өтпеген өз достарына, ал Ләйла болса, өзінің талайдан бері кездесіп жүрген жігітіне «күтпеген жерден» жала жабуы мақсатында әлі мектеп бітіріп үлгермеген жас балаларға «өзге адамдармен» қаншалықты қысым көрсетілгені айтпаса да түсінікті. Менің ұлыма және Мадиярға әу баста күдікті деп танылған балалардың күдікті деген мәртебесін тек куәгер мәртебесіне ауыстыру жолында қасақана өзгертілген түсініктемелері негінде ғана айып тағылды. Бұл арада қасақана жала жабу құны олар үшін – бостандық, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша оларға ешқандай айып тағылмау керектігі. Бұл жағдай аз болғандай, Советов Мирас осы түсініктемелерден кейін сол уақытта әке-шешесімен бірге түсініксіз жғдайда ауылдан көшіп кетті. Мұндай жағдайды сәл біраз уақыттан соң Бөкейханов та қайталады. Яғни, басқа мектепке ауысып кетті. Сот мәжілісі барысында негізгі куәлер өз жауаптарын қайта-қайта ауыстырып отырды. Егер, олар бір оқиғаны көрген болса, онда өз жауаптарында Мирас пен Мадиярдың Қойшыбаевтың әлі тірі кезінен бастап, оң жағында кім, сол жағында кім келе жатқанын, сонымен қатар өлген баланын денесін өзен жағасына кім қалай әкеліп тастағынына дейін қарама-қайшылықтар болуы мүмкін бе? Бөкейханов пен Советовтың жауаптары бір-бірімен түбегейлі сәйкеспейді. Сонда бұл жағдай сот пен прокурорға олардын осы жауаптарының шындығына күмән келтіруге басты негіз емес пе? Сот қалайша қысым көрсету арқылы алынған жауаптарды Советхан Мирас пен Жетпісбаев Мадиярдың кінәләрін дәлелдейтін жауап ретінде қабылдайды? Қысым көрсетілгенін біздің балалар ғана емес, сондай-ақ Амангелді Олжас та растады. Ол сот мәжілісінде өзіне полиция қызметкерлерінің күнәні өз мойнына ал деп талап қойғандарын және қысым көрсеткендері себебінен бірнеше рет жауаптарын өзгерткенін айтқан.  Әңгіме өз қауіпсіздігің мен бостандығың жайлы болған жағдайда, адам баласы Рим папасына да жала жабуға дайын. Негізгі куәгер болып аталған Советов Мирасқа да қысым көрсетілгенін бейнежазба растайды, онда тергеуші А.Ақтанов оған өлтіруші ретінде Жетпісбаев Мадиярды көрсет деп мәжбүрлегенін көрсеткен. Куәлер К.Кочетков және М.Жиембековтың жауаптары бір ғана емес, бірнеше қайшылықтарға толы.  Олар сол түні айқайлар мен дөрекі сөздер естіген. Екінші сот отырысында Кочетков өзінің қорғаушысымен келіп, «Мирас не надо» деген сөздерді естідім деп сол жерде өзінің жауаптарын өзгертеді, ал Жиембеков болса осы сөздерді естіген емеспін дейді. Күәгерлер болжалды қылмыс орнынан  (өзен жағасы) 600-800 метр ара қашықтықта болған. Осындай ара қашықтықта және спирттік ішімдік ішкен жағдайда қандай да бір дауысты естуі мүмкін бе? Олардың айтқан сөздері бойынша олар айқай естілген жаққа қарай барған, бірақ ешкімді көрмеген. Сонымен қатар барлық куәгерлердін жауаптары бойынша балалар (5 адам) Казачье ауылынан 22 сағат 40 минутта  Герасимовка ауылына бет алды. Жол уақыты 15 минут. Кочетков және Жиембеков айқайлаған дауысты 23 сағат 45 минутта естіген болса, өздерінің берген жауаптары бойынша сонда бір сағат бойы балалар қайда болған? Менің ұлым 23 сағат 15 минутте үйге оралды, ал айқайлар жарты сағаттан кейін болған. Тергеу мен сот осы дерекке мән бермей көз жұма қарады.

Тергеу, істі менің ұлыма қарсы қолдан жасау әрекетінде қылмыс жасалған түні менің ұлыммен Қойшыбаев аяқ киімдерін ауыстырып алды дегенге дейін барды, бірақ ол физикалық түрде мүмкін емес, өйткені, Мирастың аяқ өлшемі 39, ал Қойшыбаевтікі 42-43. Бұл жағдайды сот мәжілісінде Бекболаттың ата-анасы да растады.  Қылмыс болған жерде менің ұлымның аяқ іздері табылған жоқ. Куәгерлер Төлеген мен Мейір Абдиновтардың жауаптары бір-біріне қарама-қайшы болды.

Тергеу мен сот бір жақты жүргізілді. Біз жабық есіктерді қақтық, алайда, бізді ешкім естімеді. Тергеу барысында жіберілген барлық заң бұзушылықтарға прокуратура көз жұмбайды деп ойладық, дегенмен  олай болмай шықты. Бар үмітіміз сотта, олардың істі әділ қарауында болды.  Соттар осымен айналысу керек қой. Мен сот мәжілісінде осы істегі өте көп қайшылықтар мен келіспеушіліктер бойынша талқылаулар болады деп ойладым. Бірақ, талқылаулар болған жоқ. ШҚО мамандырылған ауданаралық сотының судьясы Серікбаев Даулет 2013 жылдың 26 тамызында ҚР-ның ҚК 96-бабы, 2-тармағы, «д, ж, о» тармақшалары бойынша 12 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ең өкініштісі, балаларымыз мұндайды істемесе де осындай ауыр айып тағылды. Ол кінәлі емес, ол осыны істеген жоқ қой!!! Біз барлық мүмкін инстанцияларға шағым жаздық. Біз облыстық сотқа аппеляциялық шағым жаздық. 2013 жылғы 6 қарашада өткен сот мәжілісінде судья Т.Данияров сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Барлық инстанцияларда бірдей сырғытпа жауап болып, қайта басып шығарылған айыптау қорытындысы алдымыздан шықты. Ұйымдастырылмаған, сауатсыз жүргізілген тергеу амалдарының нәтижесінде, қылмыс жасаған адам анықталмады. Ал менің ұлымды аяусыз, салқынқандылықпен барлық заңдарға қарамастан соттады. Тергеу барысында жіберілген өрелкел қателіктер қайтадан қаралмады. Оған дәлел ретінде куәгерлердің  қарама қайшы жауаптарын, қылмыс істеудің барлық жағдайларын дәлдікпен анықтайтын сауатты криминалдық жұмыстардың жоқтығын айтуға болады. Шамасы, тергеу органдары нағыз қылмыскерді тапқаннан гөрі кәмелетке толмаған, қорғансыз жас балаларға қылмысты аударып, істі тезірек жабуға асыққандары көрініп тұр. Тергеушілер мен судьялар қандай мақсатты көздеп және не болып жатқанын мен түсінбеймін. Мен сот төрелігінің басты мақсаты – шындық орнату болып табылатына әрқашан сенімді болдым. Ал, біздің жағдайда керісінше басты мақсат – әдемі құрастырылған, қалың және көлемді үкім шығару болып шықты. Кімге байланысты болса да... Менің тергеушіге, сотқа және прокурорға: «Өзіңіздің заңсыз, аяусыз бейкүнә адамды соттағаныңызды біле тұра,  түнде дым болмағандай ұйықтар алдында  және таңертең ұйқыдан оянғанда Сіз қандай сезімде боласыз, әлде сіздің жеке басыңыздың қауіпсіздігі маңызды болғаны ма?» деген сауал қойғым келеді.

Мен бұқаралық ақпарат құралдарын және ғаламтор сайттарын осы менің өтініш хатымды, яғни менің балама қатысты осы сұмдық әділетсіз жағдайды барлық халыққа жария етулеріңізді сұраймын. Мұндай жағдай  әркімнің де басында болуы мүмкін екеніне енді көзіміз жетті. Бізді ешкім естімейді. Қайда барып, не істеуге болады? Менің соңғы үмітім сіздерде, көмектесіңіздерші! Шындыққа қол жеткізуге және әділдікті орнатуға көмектесіңіздер!

Үкімді оқылғаннан кейін менің баламның Қойшыбаев Бекболаттың әкесіне жалғыз ғана айтқаны: «Аға, мен кінәлі емеспін!» деген сөзі.

 

Құрметпен және әділдікке деген үмітпен Ырыскелді Кабдолдина.

1 желтоқсан 2013.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1553
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1428
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1180
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1174