Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2936 0 пікір 9 Желтоқсан, 2013 сағат 04:52

Еуразия барысы: қызығы мен шыжығы

Тараз қаласында жақсы бір күрес өтеді деген соң, ел сияқты билет алып бардық. Оның бер жағында өзіміз туған қалада өтіп жатқандықтан баруға мүмкіндік болды. Сонымен көпшілік қауым сіздермен ой бөлісуді жөн көріп отырмын. Әрі осы Еуразия Барысы сайысын көпшілік теледидардан тамашалады. Дегенмен залдың ішінде отырып көру мен экран арқылы көруде айырма бар. Мен залдың ішінде әрі дәл ортада «Б4-32» деген орында отырдым. Бәрі анық көрініп тұрды.

Алдымен айтсақ: жарыстың ұйымдастырылуында мін жоқ және өте бір халқымыздың рухын көтеретін дүние екені анық. Бірақ осындай жақсы дүниелердің арты дұрыс болмай жатады. Өткенде Астанада өткен Қазақстан Барысы да сондай болды. Бұл жолы да сондай болды. Моңғол балуандарынан жүлдені төрешінің арқасында ғана тартып алдық. Сіздер ойламаңыздар, мені намыс жоқ деп. Мұндайда харам намыстың қажеті жоқ. Әрі қазақтар әділет сүйгіш халық. Егер біздер әділетсіз болсақ еліміздің берекесі қашып кетеді. Ұятқа қаламыз ғой.

Осы жолғы күресті көріп отырып, өзім ұяттан өртендім. Моңғол жігіттері шынында дайындықпен келген екен. Олар финалға дейін ешкімді бет қаратпады. Тіпті қарсыластарын айқын ұтты. Ақыры Қазақстан мен Моңғолия балуандары финалда күресетін болды.

Дәл осы белдесуге төрешілік жасау үшін ортаға, кілемге шыққан адамды танымадым. Себебі, кезінде өзімде самбо, қазақшамен бір кісідей күрескем, жігіттердің бәрін танушы едім. Әрі орындықтарға қойылған қағаздағы төрешілер тізіміне қарап едім таппадым. Сөйтсек, не тізімде жоқ, не санатта жоқ Қырғызстаннан жүрген біреу екен.

Күрес басталған сәтте 60 келіде белдескен моңғол жігіті біздің баланы қапсыра ұстап енді болмаса таза тастауға таяп еді, төреші «тоқта» деген белгі беріп аман алып қалды. Осыдан кейін-ақ бұл қырғыздың не үшін шыққаны анық болды. Одан кейін 80 келіде күрескен моңғол балуанға анық қиянат жасалды. Біздің баланы таза тасап еді ұялмай «бүк» беріп тұр. Оны қалған екі төреші де қуаттады. 90 келде моңғол атынан күрескен қазақ жігітін де әдейі теңестіріп алып оған жеңіс берген болып ойын көрсетті.

Бірақ аса ауыр салмақта Бейбіт балуан моңғол алыбын таза жеңді. Бұдан біз не түйеміз:

  1. Біздің ұятсыз бапкерлер жеңісті өзімізде қалдыру үшін ұятсыз қылықтарға барды. Себебі, олар ұятсыз бұдан бұрынғы Қазақстан Барысынан сабақ алмапты.
  2. Одан кейін қазақша күрестің маңына тек қана білімсіз немесе спортта шеттеп қалған қәдірсіз төрешілер жиналған. Осылар өте жақсы жобаның құнын түсіріп, Арман Шораевты ұятқа қалырды.
  3. Одан кейін Қазақстан Барысынан кейін қазақша күрестің басшысы Серік Төкеев деген ағамыз төрешілерге айтып жөндеуі керек еді. Ештеме істемеген.
  4. Қазақ күресін осындай төрешілер тұрғанда дамыта алмаймыз. Жаңадан құрама төрешілерін жасау керек, болмаса Қазақстан Барысы жаңа төрешілерді өздері дайындамаса болмайды. Серік көкеміздің төрешілері ауылдық деңгейде той өткізіп, жүлдені қалаған жігіттеріне бөліп беріп, үстінен өздері күн көріп, жаман үйреген олар жоғары деңгейде жарыс өткізуге жарамсыз.
  5. Ақтық сайысқа көлденең қырғыз адамды қатыстырып, дау шықса соған жауып қоя салу үшін әдейі Биткөзов пен Марат Жакитов ағаларымыздың ойлағаны.
  6. Арман Шораев бауырымыздың жақыс ісін осындай жаман қылыққа апарған жігіттер ісі ұят. Ертең елдің бетіне қалай қарайсыздар.
  7. Диханбай мен Марат көкелер кезінде самбоны да саудаға салып құртып еді. Сіздер пенсияларыңызды алып кейін тұрыңыздар бұдан былай.
  8. Сіздер мені қайдағы моңғолға болысты демеңіздер, менің қазақ күресіне және спортқа жаным ашып отыр. Осы сөздерді жазу үшін көп ойландым.

Оқыған қауым сіздер не айтасыздар?

 Сәлемнен Бауыржан

Тараз тұрғыны.

Abai.kz

0 пікір