Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2357 0 пікір 16 Қараша, 2013 сағат 13:25

Қара алтынның кені - Түбек қарқынды дамып келеді

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ғимаратында кеше өткен кезекті брифингтің қонағы Маңғыстау облысының əкімі Алик Серікұлы АЙДАРБАЕВ болды.

Орталықтың ресми өкілі əрі брифингті жүргізуші Алтай Əбибуллаевтың кіріспе сөзінен соң сөз кезегі облыс басшысына берілді.

– Маңғыстау – еліміздің қазынасын толтырушы үш донор аймақтың біріне жататын экономикалық жағынан қуатты, қазба байлықтарының, соның ішінде ел экономикасының жетекші саласы – мұнай-газ өндірісі өрлеген жəне даму перспективасы зор өлке, - деп сөзін бастаған облыс əкімі, Маңғыстаудың негізгі əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.

Мұнай-газ саласын одан əрі дамыту, өңдеу саласының үлесін арттыру, құрылыс индустриясы, туризм жəне агроөнеркəсіптік кешенді дамыту – макроэкономикалық саясаттың негізі екендігін атап өткен аймақ басшысы, 2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстың əлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері жөнінен республикада 4-орынға шыққанын, соның ішінде мұнай-газ өндіру саласынан 2013 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке 662 млрд. теңге қаржы түсіргенін жəне осы кезең ішінде Ұлттық қорға түскен жалпы түсімнің 38 пайызы Маңғыстау облысының үлесінде екенін атап өтті.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ғимаратында кеше өткен кезекті брифингтің қонағы Маңғыстау облысының əкімі Алик Серікұлы АЙДАРБАЕВ болды.

Орталықтың ресми өкілі əрі брифингті жүргізуші Алтай Əбибуллаевтың кіріспе сөзінен соң сөз кезегі облыс басшысына берілді.

– Маңғыстау – еліміздің қазынасын толтырушы үш донор аймақтың біріне жататын экономикалық жағынан қуатты, қазба байлықтарының, соның ішінде ел экономикасының жетекші саласы – мұнай-газ өндірісі өрлеген жəне даму перспективасы зор өлке, - деп сөзін бастаған облыс əкімі, Маңғыстаудың негізгі əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.

Мұнай-газ саласын одан əрі дамыту, өңдеу саласының үлесін арттыру, құрылыс индустриясы, туризм жəне агроөнеркəсіптік кешенді дамыту – макроэкономикалық саясаттың негізі екендігін атап өткен аймақ басшысы, 2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстың əлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері жөнінен республикада 4-орынға шыққанын, соның ішінде мұнай-газ өндіру саласынан 2013 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке 662 млрд. теңге қаржы түсіргенін жəне осы кезең ішінде Ұлттық қорға түскен жалпы түсімнің 38 пайызы Маңғыстау облысының үлесінде екенін атап өтті.

Соңғы үш жылда өнеркəсіп өнімдерін өндіру көлемі 1,3 есеге өсіп, 2 трлн. 170 млрд. теңгеге жеткенін, жыл басынан бері аймаққа 290 млрд. теңге инвестиция тартылғанын, осы кезеңде 13,4 млн. тонна «қара алтын» өндірілгенін тілге тиек еткен облыс басшысы көмірсутегі шикі-заттары қоры бұл аймақтың бəсекелестік жағынан артықшылығы екенін жəне осы саланы дамыту жəне модернизациялау арқылы басқа салаларды жетілдіру негізгі міндет екендігін атап көрсетті.

Индустрияландыру картасына жалпы құны 280 млрд. теңгені құрайтын маңғыстаулық 34 жобаның, соның ішінде екеуі республикалық жобалардың қатарына енгендігін, соларды жүзеге асыру арқылы 8800 маңғыстаулықтардың жұмыспен қамтылатындығын, соның ішінде аяқталған 23 жоба бойынша 1800 адамның қазірдің өзінде жұмыс жасап жатқандығын мəлім етті. Жыл соңына дейін жалпы құны 83,5 млрд. теңгені құрайтын екі ірі жобаны: «Каспий битум» жəне «Каспий цемент» зауыттарын іске қосу көзделіп отыр. Облыс аумағындағы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына инвестициялар тарту арқылы жаңа өндіріс орындарын ашу жəне бар кəсіпорындарды одан əрі кеңейту мақсаты тұр. Қазірге дейін арнайы аймақтағы 24 қатысушының күшімен 5 жоба іске асырылған жəне таяу уақытта тағы екі жоба жүзеге асырылмақшы, осы күнге дейін сондағы кəсіпорындар 201 млрд. теңгенің өнімін өндірген.

Алик Айдарбаев, соңғы статистикалық мəліметтер бойынша, тұрғындарының саны 580 мың адамға жеткен аймақтың халық санының өсімі жөнінен республикада бірінші орында тұрғанын атап өтті. Экономикалық жағынан ғана емес, тарихи, мəдени-рухани салаларда да ұлттық дəстүр мен салт-сананы қалыптастырып, дамытуға киелі өлкенің қосып отырған үлесі зор екендігін жет-
кізді. Еңбек нарығында соңғы үш жыл көлемінде 97 мың жұмыс орнын ашу нəтижесінде халықтың өмір сүру сапасын едəуір жақсартуға қол жеткізілгені, жалпы жұмыссыздық деңгейінің 6,4%-дан 5,5%-ға төмендегенін, туу көрсеткішінің 6,7%-ға өскенін, орташа өмір сүру ұзақтығының 68,5-тен 71,5 жасқа өскенін дəлел-дəйек ретінде келтірді. Кəсіпкерлік салада жұмыспен айналысушылар саны 84 мың адам жəне бұл тұрғындардың белсенді бөлігінің 31,6%-ын құрайды. «Жол картасы – 2020» бағдарламасы қолға алынғалы бері жалпы құны 39,7 млрд. теңгенің 106 жобасы мақұлданған.

Облыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі 110,8 млрд. теңгені құрады. Оның негізгі бөлігі «Жезқазған-Бейнеу» темір жолы мен «Атырау-Ақтау» автокөлік жолын қайта құрылымдау құрылысы сияқты ірі жобалар есебінен қамтамасыз етілуде. Аймақтың көліктік тасымал дəлізі
жəне логистикалық мүмкіндіктері мол екендігін айтқан өңір көшбасшысы осы жылдың мамыр айында Қазақстан мен Түрікменстанды байланыстыратын тікелей темір жолдың екі ел президенттерінің қатысуымен ашылғандығын зор жетістік ретінде бағалады. 

Облыс аумағының үстімен халықаралық ТРАСЕКА көлік дəлізінің өтуі, жақында «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-на сенімді басқаруға берілген Ақтау теңіз-сауда портын одан əрі кеңейту, теңіз жағалауындағы инфрақұрылымды дамыту жобаларының жалғасуы оның келешегіне деген сенімді молайтады. Осы бағытта техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, мемлекеттік сараптамалық қорытындысы алынған Құрықтағы теңіз портына зор үміт артылатынын атап өтті.

Ол тұрғын үй - құрылысын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде соңғы үш жылда 1,5 млн. шаршы метрден астам немесе 11 672 тұрғын үйлер мен пəтерлер пайдалануға берілгенін, оның 180,8 мың шаршы метрі немесе 1751 пəтері мемлекеттік қаржы есебінен салынғанын, ағымдағы жылы 340,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін мəлім етті.

– Өздеріңізге мəлім, Маңғыстау түбегі тек мұнайға ғана бай емес. Оның қойнауында байлық жеткілікті. Менделеев таблицасындағы элементтердің кез-келгенін осы өңірден табуға болады. Тек ұлутастың өзі Маңғыстау емес, көрші облыстардың құрылыс нысандары үшін де таптырмайтын материал болып отыр.

Мұнда шығарылатын жалпы өңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі мардымсыз, яғни, 0,3 пайызды құрайды. Бұған тұщы судың тапшылығы, қатал табиғи жағдай, жайылымдардың аздығы
сияқты дəлелді себептер бар.Осыған қарамастан соңғы үш жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,6 есеге артты, - деді ол.

Əлеуметтік салаға қатысты өз сөзінде облыс əкімі бала өлімінің 23%-ға төмендегенін, ана өлімінің 7 есе қысқарғанын, туберкулезбен ауыру деңгейінің 17,5%-ға азайғанын алға тартты. Денсаулық сақтау саласына қатысты жаңа нысандар құрылыстары салынуда, таяуда ғана облыс санавиация үшін АН-28 ұшағы мен МИ-8 тікұшағының алынғанын айтқан облыс басшысы, медицина саласын басқаруды жақсарту мақсатында «денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» магистрлік бағдарламасы іске қосылғандығын жəне сол арқылы қазірде 23 дəрігер-маманның білімін көтеру қолға алынғанын жеткізді.

Білім саласына қатысты «Балапан» бағдарламасы бойынша жаңа балабақшалар салу, жекеменшік тəрбие орындары мен шағын орталықтар ашудың нəтижесінде 26 мың бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды. Мектептердегі үш ауысыммен оқыту проблемасын шешу мақсатында биылғы жылы 4832 орындық 7 мектептің құрылысы аяқталды. 5220 оқушыға арналған тағы да бес мектептің құрылысы жүріп жатыр. Соның екеуі жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі, - деді əкім.

Сөз ретінде аймақ басшысы ҚР Президентінің Үкіметтің кеңейтілген отырысында жергілікті атқарушы органдардың атына айтқан орындысынына қатысты жақын арада іске қосылатын «Каспий битум» жəне «Каспий цемент» зауыттары бұл бағыттағы жұмыстарға серпін беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ əлі де болса тиянақты шешімін күтіп тұрған бірқатар проблемалық мəселелерге де тоқталды. Дəлірек айтқанда, Қошқар ата радиациялық қалдықтар қоймасын залалсыздандыру, ауыз су тапшылығын жою, Жаңаөзен қаласының əлеуметтік мəселерін шешу, қазына қаржысын тиімді игеру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Жалпы белсенділігі 11,2 мың кюриді құрайтын 105 млн. тонна радиоактивті қалдықтар қордаланған Қошқар ата улы қалдықтар қоймасын залалсыздандыру бойынша биылғы жылы техникалық-
экономикалық негіздемелері жасалып, оң қорытынды алынған. Жобаны толық жүзеге асыру үшін 10 жыл ішінде 25,9 млрд. теңге қажет болады. Сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсарту бағытында Жаңаөзен қаласынан қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін, утилизациялайтын жəне жерлейтін комбинатпен Ақтаудағы қоқыстарды кешенді өңдеу арқылы жасыл электрэнергия алатын зауыт құрылысы жобаларының қолға алынғаны айтылды. 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2102
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2516
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624