Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3557 0 пікір 18 Қараша, 2013 сағат 13:19

Ономастикалық комиссия: Жер-су атауы – ел атауы

Жуырда жаңа құрамдағы облыстық ономастикалық комиссияның алғашқы отырысы өтіп, оны аталған комиссияның төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Х.Нұрғалиева жүргізіп отырды.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Г.Төлеуғалиева баяндама жасап, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының негізгі тұстарына тоқталды. Атап айтқанда, алдағы уақытта жер-су атауларына байланысты мəселелерде жергілікті халықтың ортақ ұйғарымы негізге алынатыны атап өтілді. Бұл жөніндегі материалдарды аудан-қала əкімшіліктері əзірлегенімен, ендігі жерде аудан- қалаларда ономастикалық комиссия болмайтын болды.

Ономастикалық комиссияның ережесінде оның басты міндеттері: облыс аумағындағы əкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне, əуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, автостансаларға, физикалық-географиялық жəне мемлекет меншігіндегі басқа да нысандарға атау беру жəне оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жəне мемлекеттік заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру, сондай-ақ облыстың тарихи-мəдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру жəне сақтау бойынша бірыңғай көзқарастарды қалыптастыру жөнінде ұсыныстар əзірлеу екендігі атап көрсетілген.

Отырыс барысында комиссия мүшелері тарапынан бірқатар мəнді ұсыныстар ортаға салынды. Бүгінгі таңда жергілікті халық арасында атау беру мəселесінде орынды-орынсыз, оның бүкіл Маңғыстау байтағы көлеміндегі атақ-абыройының деңгейі-дəрежесіне қарамастан тек өз əкелері, ата-бабаларына жүгіну, өзара талас-тартыс бар екендігі тілге тиек етілді. Туған өлкемізді көркейтуге əр салада табанды тер төккен алдыңғы буынның асыл азаматтары аз емес, əрине. Əйткенмен, бұл ретте бүтіндей қазақ үшін, бүтіндей Маңғыстау үшін, немесе қазіргінің көзімен алып қарағанда туған республикамыз көлемінде, тіпті одан да жоғары деңгейлерде кең танымал болған тұлғалардың есімдерін ұлықтау қажеттігі əңгіме өзегіне айналды. Айталық, Маңғыстауға Адайды алғаш жерсіндірген, ең қатерлі саналған қазақ-қалмақ қырғынында Кіші жүздің бас қолбасшысы болған Шотан батырға, немесе Хиуамен жер үшін болған даулы қақтығыста бүкіл үрім-бұтағы жау қолында кетсе де, туған жердің қарыс сүйемін қас дұшпанға бермей, өлке топырағын басқандардан «Сүйінғара сыбағасы» деп ел, жер мүддесі үшін алым-салық алып отырған, жарты ғасырдай Маңғыстауды көлденеңнің сұқ көз, суық қаруынан қорғаған Сүйінғара батырға, қаһармандығы, қайсарлығымен аймаққа аты шыққан Қаламқас əулиеге, кешегі фашистермен болған қанды қырғында бір өзі 150-ден астам немісті жайпап түсірген Исатай Сүйеубаевқа кім қарсы пікір айта алмақ тегінде? Тіпті бүгінгінің парасатты пайы- мымен қарағанда күні кеше ғана дүниеден озған, қазақ тарихы мен жағрафиясына жаңаша көзқарас пен соны леп əкелген, адамзаттық ауқымда өшпес із қалдырған Серікбол Қондыбайға, адамзаттың данасы атанған Əбіш Кекілбаевқа, Ақмышта туып, АҚШ-та жүлде алған Əмин Тұяқовқа қандай атақ та лайық емес пе?! Бұған қарсы уəж айтушылар болса, өнбес дауды қуған өресіз жан атанар еді.

Жер-су атауы – ел атауы. Бұған барлық халық та аса мəн берген. Маңғыстауға жеті жұрт келіп,жеті жұрт кетсе де, бұл қазақтың жері. Осынау ұланғайыр жерді ұлт игілігіне айналдыруда нешебір баһадүрлер, хандар мен билер, ақындар мен жыраулар, небір жақсы-жайсаңдар қандай қажыр-қайрат жұмсады десеңізші! Дегенмен, əр нəрсенің өз орны, жолы, реті бар. Міне, ономастикалық комиссияның келешектегі тындырар толайым ісі де тарих пен таным, біліктілік биігінен табылып, əрбір атау айшығын тапса, халық та құптау білдірері сөзсіз. 

0 пікір

Үздік материалдар