Жексенбі, 5 Мамыр 2024
957 3 пікір 25 Сәуір, 2024 сағат 14:46

Тоқаев: ҚХА жасанды ұйым емес!

Сурет: ҚХА сайтынан алынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы жасанды ұйым емес екенін айтты, деп хабарлайды Abai.kz.

Бұл туралы президент Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысында мәлімдеді.

– Ассамблея – кейбір адамдар айтып жүргендей, жасанды ұйым емес. Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган. Ассамблея өте ауқымды қайырымдылық шараларын дер кезінде және жедел ұйымдастырып келеді. Мұның бәрі көп жылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі екені сөзсіз.

Ассамблея мүшелері «Қайырымдылық керуені» жобасы арқылы мұқтаж жандарға үнемі қолдау көрсетіп жүр. Былтырдың өзінде құны 1,7 миллиард теңгеден асатын көмек берілді. Бірлігі мықты халықтың күш-қуаты азаматтардың бір-біріне деген осындай қамқорлығынан айқын көрінеді, – деді Тоқаев.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1267
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1160
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 900
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1030