Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2286 0 пікір 19 Қараша, 2013 сағат 10:33

Жәрмеңкеге облыстың барлық аудандары атсалысты

Ақтау қаласында ауылшаруашылығы қызметкерлерiнiң күнiне орай Маңғыстау облысы әкiмдiгi және “Каспий” әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы” ұлттық компаниясы” акционерлiк қоғамының ұйытқы болуымен ауылшар­уашылық жәрмеңкесi ұйымдастырылды.

Бұл жәрмеңкеге аймақтың Қарақия, Маң­ғыстау, Мұнайлы, Түп­қараған аудандарының Ақтау және Жаңаөзен қаласының тұрғындары атсалысып, өз өнiм­дерiн қалалықтар мен қонақтарына ұсынды. 10 қалалық және 40-тан аса облыстан келген кәсiпкер мен өнiм өндiрушiлер атсалысқан бұл жәр­мең­кенiң басты мақсаты – егiн шаруашылығы мен мал шаруашылығымен айналысатын кәсiп­керлерге қолдау көрсе­тiп, олардың еңбегiн бағалап, өнiмiн халыққа таныстыру. Сонымен қатар тұтынушылардың арзан бағаға азық-түлiк сатып алуына жағдай жасау. 

Айта кету керек, жәр­­меңкеге әкелiнген ауылшаруашылық өнiм­дерi қалада қалыптас­қан бағадан 10-15 пайыз төмен бағаға пұлданды. Онда күнде­лiктi тұтынатын азық-түлiктiң кез-келген түрi сатылымға қойылды. Айталық, жыл­қы, сиыр, қой, құс етi сондай-ақ, сүт өнiм­дерi – шұбат, құрт, балқаймақ та сауда сө­релерiнен табылды. Бау-бақша өнiмдерi, көк­өнiстер де ақтаулықтардың себеттерiн толтырды. Әсiресе, ет, сүт өнiмдерi лезде сатылып кеттi.

Ауа-райының құбылып тұрғанына қарамастан тұтынушылардың қатары көп болды. Олар мұндай ауылшаруашылығы жәрмеңкесiнiң жиi өтiп тұрғаны халыққа тиiмдi екенiн айтып жатты. Азық-түлiк тауарларының бағасы базардағы бағадан әлдеқайда арзандығын айтқан тұтынушылар да болды.  

Аймақта өндiрiлген ауылшаруашылық өнiм­дерiн халыққа таныс­тыр­ған бұл жәрмеңкеге қатысқандар арасында бiрнеше байқау ұйымдастырылды. Сондай-ақ, “Каспий” әлеу­меттiк-кәсiпкерлiк корпорациясы” ұлттық компаниясы” акционерлiк қоғамының мұрындық болуымен қайырымдылық акциясы өттi. Ақтау қаласының халыққа қыз­­мет көрсету орталығы анықтап, ұсынған 15 әлеуметтiк жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектердiң мекен-жайларына тегiн азық-түлiк жiберiлдi. Бұған жәрмеңкеге қатысқан барлық кәсiпкерлер қол­дау көрсетiп, шама-шарқынша көмектестi. “Каспий” әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы” бұл тұрғыда қайырымдылық шарасына атсалысқан барлық кә­сiпкерлерге өз алғысын бiлдiредi.

Сонымен, әртүрлi азық-түлiк тауарларын жеткiзiп, тұтынушылардың ерекше ықыласына бөленiп, елдiң көзiне түскен Маңғыстау ауданы Шайыр ауылынан келген “Ханбекгүл” шаруа қожалығы “Ең жақсы тауар түрлерi” аталымы бойынша жеңiмпаз атанды. Түпқараған ауданындағы “Береке нан” наубайханасының иесi жеке кәсiпкер “Ең сыпайы сатушы” атағын жеңiп алды. Мұнайлы ауданынан ат терлетiп келген жеке кәсiпкер Сұңқар Мамұтова ең көп тауар сатып, тұтынушылардың көңiлiнен шықты. Ол “Ең өтiмдi тауар” аталымын қанжығасына байлап кеттi.

Жәрмеңкеде “Каспий” әлеуметтiк-кәсiп­керлiк корпорациясы” ұлттық компаниясы” ак­ционерлiк қоғамы ең тәттi пiсiрiлген тоқаштарды анықтау мақсатында “Бауырсақ фес­ти­валiн” өткiздi. Бұл фес­тивальге жәрмеңке қонақтары мен қатысушылары төрелiк еттi. Олар тәттi тоқаштар мен жұмсақ шелпектердiң дәмiн татып, жеңiмпаз­дарды анықтады. 

“Каспий” әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпора­ция­сы” ұлттық компа­ния­сы” – аймақтағы жал­ғыз даму институты, әрi Маң­ғыстау облысы әкiм­дiгiмен бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығаратын жалғыз ак­ционерлiк қоғам болып табылады. “Каспий” әлеу­меттiк-кәсiпкерлiк корпорациясы” ұлттық компаниясы” акционер­лiк қоғамының басты мақсаты облыстың дамуына, әсiресе мем­ле­кеттiк-жекеменшiк әрiптестiк орнатуға бағытталған.

“Каспий”әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы” ұлттық компаниясы” акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi.

0 пікір

Үздік материалдар