Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
668 0 пікір 18 Сәуір, 2024 сағат 18:44

Садыр Жапаровты Тоқаев елорда әуежайынан күтіп алды

Сурет: Aқорда

Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Abai.kz.

Мәртебелі қонақты үшін Құрмет қарауылы сап түзеп, салтанатпен қарсы алды.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Қырғызстанға тауардың 195 түрінің экспортын ұлғайтуға дайын екенін жазған болатынбыз.

Abai.kz.

0 пікір

Үздік материалдар