Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
566 1 пікір 17 Сәуір, 2024 сағат 16:33

Жастарға жалға берілетін баспана жайлы

Сурет: elements.envato.com

"Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларының" жаңа мазмұны ашық НҚА порталында жарияланды. Жастар енді бұл пәтерлерді жекешелендіре алмайды.

Аталмыш бағдарламаға 35 жасқа толмаған, орта не жоғары білімі бар және қазіргі уақытта ресми жұмыс істейтін ел азаматтары қатыса алады.

Сондай-ақ, жалға берілетін тұрғын үйдің 60 пайызы – некеде тұрған, ал 40 пайызы – некеде тұрмаған жастарға үлестірілетін болады.

Үміткерге қойылатын өзге де талаптар: 

  • облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай бағдарламасы орналасқан мекенде, өтінім берер алдында соңғы 3 жылдан кем емес тұрақты тіркеуінің болуы;
  • облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай бағдарламасы орналасқан мекенде, өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тұрақты тіркеуінің болуы;
  • өтініш берушінің, жұбайының, кәмелетке толмаған балаларымен, апатты жағдайда тұрған, құлау қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берер алдында соңғы 5 жыл ішінде ҚРаумағында тұрғын үйінің болмауы;
  • соңғы 6 айда кемінде 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы табысының болуы;
  • облыстық,  республикалық маңызы бар қалалар және астана қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай бағдарламасы орналасқан мекенде, өтініш берер алдында соңғы 3 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;
  • банкте жинақ шотының (депозиттің) болуы.

Бұл ретте, өтініш беруші немесе отбасы мүшелері кәмелетке толғанға дейін алған тұрғын үйде үлесінің болуы қатысуға кедергі келтірмейді.

Abai.kz

 

1 пікір