Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2747 0 пікір 5 Қараша, 2013 сағат 09:08

Маңғыстаудағы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы

Маңғыстау облысында 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2013 жылы бар болғаны 2 жоба тапсырылады.

Бұл жобалар республикалық Индустрияландыру картасына енеді, және жылдың аяғына дейін оларды іске қосу жоспарлануда. Бірінші жоба - Ақтау пластикалық массалар зауытында «Жол битумдарын өндіру» (жоба құны 43,5 млрд. теңге), оған тапсырыс беруші «Caspi Bitum» БК» ЖШС болып табылады, екінші жоба - «Шетпе ауылында цемент зауытының құрылысы», оны «Каспий Цемент» ЖШС іске асырады. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 40 млрд. теңгеге жуық соманы құрайды.

«Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 280,1 млрд. теңге болатын 34 жоба енгізілген (оның ішінде 32-сі - аймақтық), оларды іске асыру барысында 8,8 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Биылғы жылы екі жобаны (битум және цемент зауыты) аяқтау жоспарлануда», - деп түсіндірді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы бастығының м.а. Жеңісбек Сағындықов.

«2010 жылы индустрияландыру картасы бойынша 36,4 млрд. теңге сомаға 8 жоба, 2011 жылы - 84 млрд. теңге сомаға 9 жоба, 2012 жылы 11 млрд. теңге сомаға 6 жобаны енгізу жүзеге асырылды», - деп хабарлады Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының м.а. Жаңагүл Ұланова.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1213
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1111
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 845
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 989