Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2759 0 пікір 5 Желтоқсан, 2013 сағат 11:02

Тәуелсіздіктің текпіні: Шырша құлаған жыл

Елордада ақтүтек боран соғып, ақбасқын болып жатыр. Бүгін әуеден қиыршықтанып төгілген қар мен қатты соққан боран Астанадағы алып шыршаны алып ұрды. Өткенде Павлодар қаласында да отыз метрлік зәулім шыршаны жасандырып жүрген екі құрылысшы абайсызда құлап қалып ауруханаға жеткізілген еді. Жылда осы: Тәуелсіздік мерекесін лайықты атап өтудің орнына біздің әкім-қаралар Жаңа жылға асығады. Көңілге көлеңке түсіріп Шыршаның тасасында қалатын төл мерекеміз  Тәуелсіздік тойы туралы қазақ журналистері жазудай-ақ жазып, айтудай-ақ айтып келеді. Бұл тақырып қазір жорналшыларды қойып, анау-мынауға елең ете қоймайтын қарапайым азаматтарды да қынжылта бастаған. Енді міне, көптің ренішін туғызып, Тәуелсіздікті құрмет тұта алмайтын шенеуніктерімізге табиғаттың өзі ескерту жасап, Тәуелсіздіктің құдіретін сездіріп жатқан сияқты. Тоқтай тұрыңыз, «Ескі жаңа жылға» дейін шыршалардың қаншасы құлап, қаншасы қирар екен... Күтейік.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар