Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3144 0 пікір 4 Желтоқсан, 2013 сағат 09:56

Қазақстанның мал дәрігерлері өз автопаркін жаңартты

Қазақстанның мал дәрігерлері осы жылы өз автопаркін айтарлықтай жаңартып алды. Мемлекет тарапы ветеринарлық қызметтерді жаңа автомобильдермен, арнайы құрал-жабдықпен және көшпелі зертханалармен қамтамасыз етті.

Қызылорда облысы 135 автомобиль иеленді. Автокөліктен бөлек, мал дәрігерлеріне төрт түлікті толық тексеру үшін арнайы құрал-жабдық пен жаңа зертхананың 145 кешені берілді. Материалдық-техникалық тұрғыда жаңарып-жаңғыру үшін бюджеттен бес жүз миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды.

«Ауылдағы ағайынды қолдау, барша қалың бұқараны қолдау болып табылады. Бүгінгі таңда біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Ол 2020 жылға дейін мал басын екі есеге көбейту. Мал бағудағы басты салалардың бірі – ветеринарлық қызмет. Оның материалдық-техникалық жан-жақты жарақталуы мен кәсіби мүмкіндіктері эпидемиологиялық оң ахуалды жақсартуға септігін тигізеді», – деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.

Ветеринарлық-санитарлық сараптамаға арналған бес жылжымалы зертхана Республикалық ветеринарлық зертханаға табысталды. Мұндай жылжымалы зертханалар Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл және Орталық филиалдарға бөлініп берілді.

Тиісті зертханалар мал өнімдері өткізілетін ішкі сауда нысандарында өз орнын таппақ. Әсіресе, бұл қадам, елдің барлық аймақтарында, елорда мен облыс және аудан орталықтарында жүргізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде өзектілігін аңғартуда. Осындай жедел зертханалардың арқасында, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің міндетті ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өту уақыты әлдеқайда қысқарып, жеңілдемек. 

Көшпелі зертханалар, ветеринария саласында заңнама талаптары жиі бұзылатын елді мекендерде зерттеулер жүргізуде де, қажетті ашатыны анық. 

Абай-ақпарат

0 пікір