Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
541 0 пікір 8 Сәуір, 2024 сағат 15:14

Әлемдегі нөсер жауын-шашын жиілігі 30 пайызға артқан

Сурет: el.kz

Ресей климатологы Алексей Кокорин Қазақстан мен Ресейде болып жатқан су тасқынына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Abai.kz Информбюро порталына сілтеме жасап, хабарлайды.

Климатологтың айтуынша, жаһандық жылыну процесі әлемнің құрғақ бөліктерінде әлдеқайда жылдам жүріп жатыр. Мұндай жағдайда өңірде жауын-шашын көбейгенімен, құрғақ аймақтар одан сайын құрғай түседі.

"Қазір Жер шарының барлық бөлігінде жаһандық жылыну болып жатқанын білесіз. Әсіресе, Жердің құрғақ бөліктерінде жылыну процесі көбірек байқалып отыр. Менің ойымша, бұл процесс Қазақстанда екі есе қатты жүріп жатыр. Жер шарының көп жерін мұхиттар алып жатқандықтан, жауын-шашын көп. Температураның градусы көтерілген сайын жауын-шашын мөлшері де бірнеше пайызға өседі. Мұндай кезде тек жауын-шашын көбейіп қоймай, құрғақ аймақтар одан сайын құрғай түседі. Мысал ретінде Африка, Орта Азия мен Жерорта теңізі маңындағы елдерді айтуға болады. Қазақстан туралы айтар болсақ, оның оңтүстік бөлігінде құрғақшылық байқалады", – деді Алексей Кокорин.

Оның болжамы бойынша, әлем көміртегі бейтараптығына жетпеген жағдайда жылу толқындары 3 есе көбейеді.

"XIX ғасырда 10 жылда бір рет қатты жауған жауын-шашын қазір 30 пайызға жиілеген. Әрине, бұл көрсеткіш барлық жерде бірдей емес, бір жерде 30 пайыз, бір жерде 50, тағы бір жерде 7 пайыз болуы мүмкін. Жалпы алғанда, жауын-шашын бұрынғыға қарағанда жиілегенін айтып отырмын. Десе де, оның мөлшері он есе өспейді, бүкіл әлемді су басып кетпейді. Дегенмен, мемлекеттер қазір болып жатқан жағдайдан қорытынды шығарып, сабақ алған дұрыс", – деді климатолог.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2164
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2566
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2437
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1667