Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
544 0 пікір 3 Сәуір, 2024 сағат 15:46

Солтүстік Қазақстан облысында 15 жолды су шайып кетті

Сурет: gov.kz

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында су басқан автомобиль жолдарының саны 15-ке жетті. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Таңертеңгі сағат 9.00-дегі жағдай бойынша облыстық маңызы бар екі, аудандық маңызы бар 13 жол учаскесін су басып, қазіргі уақытта арнайы белгілер қойылды. Жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр.

Тұрғын үйлерге су кірмеуі үшін көшелер мен аулалардан 34 мың текше метрден астам су сорылып, 3 мың 600 м арық тазартылып, су жолына 3 мыңнан астам құм толтырылған қап қойылды.

Тайынша, Тимирязев, Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов және Айыртау аудандарында өңірдің және Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің топтық бөлімшелері - 114 адам жұмыс істеп жатыр, Олар қажетті техникамен, мотопомпалармен қамтылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1471
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1331
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1081
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1126