Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 735 0 пікір 30 Наурыз, 2024 сағат 15:22

Жеңіс Қасымбек: 3300 елордалық әлеуметтік баспана алады

Сурет Астана әкімдігінің сайтынан алынды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында әлеуметтік пәтер саны туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Биыл кезекте тұрғандарға 3 мың 300 әлеуметтік пәтер салуды және тапсыруды жоспарлап отырмыз. Олар халықтың әлеуметтік осал тобына үлестіріледі. Қаланы аралау барысында бірқатар жеңілдетілген әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Аумақты абаттандыруға назар аудара отырып, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырдым.

Қала тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін өзге де мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды жалғастырамыз, мәселен «Елорда жастары» жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы, жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана. Сонымен қатар, тұрғын үй сертификатының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайды, тұрғын үй компаниясының (Қазақстандық тұрғын үй компаниясы) қатысушыларының санаты кеңейді және т.б.

Сол сияқты апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзуды жалғастырамыз, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтаймыз, тұрғын үй кешендерін жөндейміз және т.б.», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2177
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2577
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2483
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1675