Сенбі, 11 Мамыр 2024
628 0 пікір 2 Сәуір, 2024 сағат 17:53

Үйі бұзылатын қызылордалықтар өтемақымен келіспей отыр

Сурет: qazaly.kz

Қызылорда қаласындағы салынуы керек ірі көпірдің құрылысына қатысты үлкен дау шықты. Себебі, әкімдік көпірдің орнында орналасқан қиратылуы керек үйлерді дұрыс бағаламаған. Ал жұрт болса,  шенеуніктер ұсынған қаражат жылжымайтын мүлік түгілі, жер учаскесін де сатып алуға жетпейді, деп дабыл қағуда.  

Қала тұрғындарының үйі мемлекетке әлі өтіп үлгермегендіктен, биыл салынып бітуі тиіс көпірдің құрылыс жұмысы әлі басталмаған. Үйлен болса небәрі 2,5-3 миллион теңгеге бағаланып отыр.

"Менің үйіме 2,5 миллион теңге береміз дейді. Мен не сатып аламын сонда? Ештеңе ала алмаймын ғой. Тіпті біреу жаман сарайын да сатпайды ол ақшаға. Қазір мен зейнеткермін, ешқайда бара алмаймын", – деді Қызылорда қаласының тұрғыны Полина Кротова. 

Яғни тұрғындар бағалаушы үйлердің құнын шығарарда нарықтағы бағаны мүлде ескермеген деп ашынады. Тіпті бағаны барынша төмендету үшін кей баспаналардың шаршы метрін кемітіп есептеген көрінеді.

"Ең сорақысы, менің үйімнің шаршы метрі 280/281 ш/метр болса, оны 240/241 деп есептеген. Сол бола ма? Сұмдық қой мынау. Менің үйімнің жартысын алып тастап тұр ғой. Оның ішінде айта берсең, кемшіліктер көп", – деді Қызылорда қаласының тұрғыны Әмина Құлтаева. 

"Ол жерде 27 үй бар. Кейбіреулері келісіп отыр. Келіскендерді сол бағамен ала береміз де, ал қалғандарына қатысты соттың шешімі күшіне енеді. Сосын ғана сүреміз", – деді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай. 

Он шақты отбасы маңдай терімізбен салған баспанаға өз құнына сай өтемақы төлемесе ешқайда көшпейміз деп бекініп отыр. Мәселе шешілмесе Астанаға дейін барып, әкімдіктің үстінен арызданбақ. Ал шенеуніктер соттың шешімінен кейін көпірдің құрылысын бастай беретінін жеткізді. Олардың мәліметінше, жаңа көпірдің құны 5 миллиард теңгеге жуықтайды.

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1931
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2101
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1745
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1528