Сенбі, 27 Сәуір 2024
707 0 пікір 29 Наурыз, 2024 сағат 17:57

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Сурет: arnapress.kz

Синоптиктер 30 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын жасап, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болатынын хабарлады.

30 наурызда Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында, 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысында болады деп болжанып отыр. 30 наурызда Түркістан және Жамбыл облыстарында, 30-31 наурызда Алматы және Жетісу облыстарында қатты жаңбыр жауады.

Елдің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 3-10 аязға дейін төмендейді, күндіз 5-13 жылуға дейін жоғарылайды деп күтілуде. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы 6 аяздан -2 жылуға дейін төмендейді, күндіз 5-18 жылуға дейін жоғарылайды. Тек батыста ауа температурасының түнде 1-6-ға, күндіз 13-18-ге дейін көтерілуі болжанып отыр.

Abai.kz

0 пікір