Сенбі, 27 Сәуір 2024
773 7 пікір 29 Наурыз, 2024 сағат 17:40

Енді мұғалімдерді жұмысқа алу цифрлық форматта өтеді

Сурет: 365info.kz

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі 1 сәуірден бастап педагогтерді мектепке жұмысқа қабылдау бойынша жаңа модуль іске қосылатындығын хабарлады.

Енді педагогтердің барлық мәліметі "Педагог портфолиосы" модулінде жинақталады. Мұнда педагог туралы, оның білімі, денсаулық жағдайы, жұмыс тәжірибесі, құқық бұзушылықтар, аттестаттаудан өту, марапаттары және тәлімгерлік пен цифрлық құжаттар туралы электрондық ақпарат сақталады.

Цифрлық қызмет Ұлттық білім беру деректер қорына енгізілді. Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы және конкурстық рәсімдерді ашық өткізуге бағытталған.

"Ашықтық пен есептіліктің болуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басты рөл атқарады. Осы модульдерді енгізе отырып, педагогтерді жұмысқа қабылдау кезінде қағаз жүзіндегі құжат айналымын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толық жою жоспарланып отыр. Жүйені іске қосу алдында басқарма, бөлімдер мен білім беру ұйымдарының мамандары үшін оқыту ұйымдастырылды", – деді Оқу-ағарту министрлігі цифрландыру департаменті директорының орынбасары Майра Маралбаева.

Abai.kz

7 пікір