Сенбі, 27 Сәуір 2024
637 0 пікір 26 Наурыз, 2024 сағат 16:34

Бишімбаевтың соты жабық өтеді

Сурет: Коллаж Ulysmedia

Әйелін соққыға жығып өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық өтеді, деп хабарлайды Abai.kz.

Ағымдағы жылдың 27 наурызында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді, — деп жазды Жоғарғы соттан.

Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы қалыптастырылады.

Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында өтеді.

Abai.kz

0 пікір