Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Билік 918 2 пікір 20 Наурыз, 2024 сағат 15:30

Қазақ әскері Голан жоталарында жаттығу өткізді

Коллаж суреттері: ҚР Қорғаныс министрлігінен алынды

Қазақстандық бітімгерлік ротаның жедел әрекет ету күштері ирландиялық әріптестерімен жараланған адамды эвакуациялау бойынша бірлескен жаттығу өткізді.

Дабылмен көтерілген бөлімше тез арада Голан жоталарында БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағындағы базадан бірнеше шақырым жерде орналасқан бақылау бекетіне кетті.

Жаттығудың бірінші кезеңінде бекеттің аумағын тазарту және тексеру жүргізілді.

Содан кейін медициналық бөлім жараланған адамға жедел көмек көрсетті. Ол арнайы жабдықталған бронды дөңгелекті көлікпен эвакуацияланды.

Қазақстандық бітімгерлер миссияның жауапкершілік аймағындағы бақылау бекеттерін күшейтуге жауапты екенін атап өткен жөн. Қажет кезде олар эвакуация да жүргізеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1555
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1433
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1183
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1177