Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
754 0 пікір 14 Наурыз, 2024 сағат 20:31

Қырғызстан "шетел агенті" туралы заңды мақұлдады

Сурет: Google іздеу жүйесінен алынды

Жогорку кеңес депутаттары "шетел өкілдері туралы" заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады. 14 наурыз күнгі парламент отырысында осындай шешім қабылданды.

Заң жобасын 66 депутат қолдады, 5 депутат қарсы шықты. "Шетел өкілдері туралы" заң жобасы жогорку кеңештің 14 наурыз күнгі күн тәртібінде болмаған, деп жазды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Құжат спикердің орынбасары Нұрбек Сыдығалиевтің өтінішімен күн тәртібіне енгізіліп, депутаттар оның ұсынысын қолдаған. Азаттықтың Қырғыз қызметі құжат асығыс қабылданғанын жазды.

Бұған дейін құжатты конституциялық заңнама және мемлекеттік ұйымдастыру комитеті мақұлдаған. Жогорку кеңес құжатты комитет енгізген өзгерістермен бірге қабылдаған. 20 ақпанда комитет заң жобасынан "шетел өкілдерін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы" норманы алып тастаған.

"Шетел өкілдері" туралы заң жобасын 30 депутаттан құралған топ әзірлеген. Заң жобасы жарияланғаннан кейін құжат сынға ұшырап, депутаттардың біраз бөлігі қолдарынан бас тартқан. Заң жобасын белсенді қолдаған депутат Надира Нарматова үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын грант алып, оны неге жұмсап жатқаны жөнінде есеп бермейтінін алға тартқан.

Жергілікті белсенділер, үкіметтік емес ұйымдар және халықаралық ұйымдар заң жобасын талай сынаған. Human Rights Watch (HRW) ұйымы да Бішкекті заң жобасын кері қайтаруға үндеген.

Еуроодақ мұндай заң қабылданған жаңдайда Қырғызстан халықаралық донорлардан айырылып қалуы мүмкін екенін ескерткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1996
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2418
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1971
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1576