Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
905 1 пікір 7 Наурыз, 2024 сағат 17:43

Қазақстанда қанша әйел бар?

Сурет: bilimdiler.kz

Ұлттық статистика бюросы ресми мәліметтерге Қазақстанда нәзік жандылардың жалпы санын жариялады.

Қазіргі таңда елімізде  10 260 057 қыз келіншектер бар екен.

– 10 260 057, дәл осынша әйел, аяулы жар, ана мен қыз 8 наурыз мерекесінде шын жүректен шыққан құттықтауларды қабыл алатын болады. Бүгінгі таңда әйелдердің 63,6% қалалық, 36,3% – ауылды жерлерде тұрады, – деп ақпарат таратты Ұлттық статистика бюросы.

Жас құрамы бойынша 18 жасқа дейінгі қыздардың саны – 3,3 млн, 18-ден 60 жасқа дейінгілердің саны – 5,3 млн, 60 және одан жоғары жастағы апа-әжелеріміздің саны 1,6 млн.

Abai.kz

1 пікір