Сенбі, 27 Сәуір 2024
Айқай 1805 2 пікір 5 Наурыз, 2024 сағат 14:00

Сабильянов: Даниял Ахметов жауапқа тартылуы керек!

ҚР Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов: «Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниял Ахметов жауапкершілікте тартылуы  керек», - деді.

«Jibek Joly» телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасына ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы сұхбат берді.

«Үржар ауданы бойынша 7 ауылдың су мәселесі шешілген жоқ.  4-5 жыл болды әлі бітпей тұр»,- деді депутат.

Жүргізуші Ерболат Мұхамеджанның аталмыш мәселеге кім жауапкершілікке тартылу керек? - деген сұрағына депутат сол кездегі аудан әкімі мен облыс әкімі деп жауап берді.

«Яғни сол кезде аудан және облыс әкімі кім болды – сол кісілер жауапты. Ол кезде облыс әкімі Даниал Ахметов болды», -  деп нақтылады депутат.

Бағдарламаның толық нұсқасына сілтеме:

;t=3s

Abai.kz

2 пікір