Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
761 1 пікір 1 Наурыз, 2024 сағат 15:24

Қырғызстанда кремацияға рұқсат берілмек

Сурет: venki-spb.ru

Енді Қырғызстанда кремациялауға жол берілмек. Елде қазіргі таңда крематорийлер салыну жоспарлануда. Олар тек қалаларда жұмыс істейді және бұл тәсілді мемлекеттік органдар арқылы ғана қолдануға болады, деп хабарлайды Abai.kz.

Қырғызстан парламентінің депутаты Марлен Маматалиев елде мемлекеттік крематорийлер салынатынын айтқан болатын. Депутаттың пікірін елеп, марқұмды өртеу керек деген пікірді қолдайтындар аз болмады.

- Қазір бұл заңда белгілі бір дін өкілдерін кремациялау мүмкіндігі қарастырылған. Крематорийлер түрлі аурудан өлген жануарларға да арналған. Қазір олардың мәйіттері қарапайым қоқысқа лақтырылып жатыр, - деді Марлен Маматалиев.

Депутат крематорийлер үкімет қаржысына Қырғызстан қалаларында ғана салынатынын айтты.

- Кремациялау жұмыстарын қатаң түрде тиісті органдар жүзеге асырады. Туыстары растау құжаттарын көрсетуі керек. Кім қаласа, сол жасай салатындай оңай нәрсе болмайды, - деді Маматалиев.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2379
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1946
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1572