Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2810 0 пікір 18 Қараша, 2013 сағат 08:45

Айдос Сарым. Тарихты қалай түсінуге, түсіндіруге болады?

Өткенде біраз азаматтармен бас қосқанда қазақ тарихы, бүгінгі жайымыз, менталитетіміз туралы біраз әңгіме болды. Сол әңгіменің бірі қазақтың басы біріге ала ма? Қазақтың арасындағы көреалмаушылық, сатқындық деген тым көп емес пе? Деген сауалдар төңірегінде өрбіді.
Жалпы, Қазақтың басынан өткені, өткізгені талай халыққа жететін дүние. Бірақ, қазақ басқадан айрықша сатқын, басы бірікпейтін халық дегенді өлсем де қолдамаймын. Егер басқа халықтардың тарихына назар аударып, мұқият қарасақ, олардың тарихтарындағы қиянат, сұмдық, сатқындық қазақтікінен артық та, кем де емес шығар. Әсіресе отар елдерді алсақ. Тарих бәріне төреші ғана емес, бәріне сабақ, айна сияқты. Біз неге, қандай оқиғаларға назар аударуымыз керек?
Мен білсем, біздер бірлік, ерлік тарихынан гөрі сатқындық пен алауыздық тарихын тым көп айтып, тәптіштей беретін сияқтымыз. Әрине, тарих тек ақ не қара бола алмайды. Бірақ өскелең ұрпақтың тәрбиесі үшін ең алдымен ерлік пен бірліктің тарихын көбірек айтуымыз қажет.
Атыраудан аса алыс емес жерде, Жайықтың бойында арнайы белгі бар. Бұл жерден қансонарда орыс отаршыларының әскерінен сытылып шыққан Исатай мен Махамбеттің қолы ішкі ордаға өтіп кеткен.

Естеріңізде болса, Тастөбедегі қанды шайқастан кейін Исатай мен Махамбеттің соңына орыстың зеңбірегі бар дүлей күші түседі. Жайықтың бойын карательдер торып, әрбір өтуге ыңғайлы деген жерге қарауыл, бекет қояды. Сонда батыр бабаларымыз қасындағы қолмен өтуге казактардың екі бекінісі ортасынан жол табады.
Алайда, өтейін десе Жайықтың мұзы қата қоймаған. Жан-жағы қалың жаудың қолы. Мұз енді ғана қатып, бытпырлап тұрған кезі. Не істемек керек? Қараша-желтоқсан кезі екенін естен шығармайық!
Сонда айналадағы қазақ ауылдары түн ішінде байқатпай жиналып, үйлеріндегі төсек-көрпелерін, кілем-текеметтерін, үйлерінің керегелерін өткелге әкеліп, қата қоймаған мұздың үстіне салып, понтон жасай бастайды. Тіпті соның өзі жетпей қалады. Сонда қазақтың шал-кемпірлері, баласы, үстіндегі тондарын шешіп, мұздың үстіне тастап, өткелдің жыртығын жамаған!
Осы өткелмен Исатай мен Махамбеттің қолы ішкі бетке өтіп, аман қалып, күресін жалғастырған.
Тағы бір ерлік. Қазақ батырларының ауылдары, қатын-қалаш, бала шағасы алдыға түспей, ең алдымен азаматтарымыз өтсін, солардың тілеуін тілейік деп тұрып алады.
Қалың қолдың түн ішінде өзеннен өтуі шусыз өтпесі анық. Есін жиған орыс карательдері мен қастарында жүрген бай-сұлтанның жендеттері зеңбірек атып, өткелді жарып, батырдың үй-ішін тұтқынға алады. Сол шайқаста Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, Еділ Сартұлының балалары Ерше мен Нұрша орыстың қолына түседі.
Міне, ерлік.
Ал сұрақ мынадай.
Біз Жәңгір, Баймағамбет туралы айтуымыз керек пе көпшілікке, әлде қарапайым қазақтың ерлігін айтуымыз керек пе? Осыны кезінде Махамбет туралы фильм түсірген Олжастарға да айтып едім. Өкінішке орай, осы эпизод фильмге енбеді. Бұны Голливуд болса баяғыда қырық серия қылып жырлар еді.
Ал осындай өмірде болған тарихи оқиғалар қаншама? Осыны неге айтпаймыз? Осыны неге жыр қылмаймыз?
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2077
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2501
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2129
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612