Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2185 0 пікір 18 Қараша, 2013 сағат 04:43

Британдық ханзада әлемді Құран үкіміне бағынуға шақырды

Лондонда өткен бүкіләлемдік экономикалық ислам форумында ханзада Чарльз Уэльский ислам қаржы жүйесі мен оның маңызы жайлы баяндама жасады.
Ханзада ислам қаржы жүйесінің өзегіндегі рухани құндылықтарды жоғары бағалайтынын әрі осы күнгі баламалы жүйені алмастыра алатынын жеткізді, деп жазады muslim.kz.
«Мені ислам қаржысының нақты экономикаға баса мән беретіні әрі әдеп пен моральдық құндылықтардан ауытқымайтыны қуантады. Бізді де, бізден кейінгі ұрпақты да, бай мен кедей де, қаржылық ұйымдар мен қоғам арасында әділ бөлуді жүзеге асыра алатын қаржылық әрі бизнес үлгісі болу мүмкіндігі қызықтырады»,- деді ол қызбалана сөйлеп.
«Егер бүгінгі экономиканы кеңінен жайлаған өсімге қарсы Құран үкіміне құлақ асатын болсақ, Жердің табиғи капиталын таусу арқылы келер ұрпаққа қалдырған қарызымыз өсімқорлық пен тыйым салынған әрекет болар еді»,- деді ағынан жарылған ол.
«Сол себепті де, Ислам дінінің ережесіне сәйкес жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпорындар әділдіктің орнауына, кәсіпкерлік қызмет пен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізетін әдепті тәсілді қалыптастыруға көмектесер еді», - дейді батыстың ықпалды ханзадасы.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624