Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3558 0 пікір 18 Қараша, 2013 сағат 03:51

Құл-Керім Елемес. Жер – Ана мен Адам

(Бисмилләһир Рахманир Рахим)

(поэма)

 

Аңдатпа

«Өзің білмейтін бір нәрсенің соңына түспе. Расында құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады»

(«Ісра» сүресі, 36-аят).

«Жер жүзінде дандайсып жүрме. Өйткені, сен жерді әсте жара алмайсың да бой жағынан да тауларға жете алмайсың» (17–37).

«Әрі сендерге Өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді. Егер Аллаһтың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласы өте ынсапсыз, аса шүкірсіз» (14–34).

«Кім дүниені қаласа, біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз. Сосын оны жаһанамға саламыз. Ол оған қорланып, мархаматтан аулақ (мақұрым) болған күйде кіреді» (17–18).

«Дүние тіршілігі еш нәрсе емес. Ойын-сауық қана» (6–32).

«...Ақирет ісінен гөрі дүние тіршілігін қоштадыңдар ма? Негізінде дүние тіршілігінің пайдасы ахиретке қарағанда өте аз ғана (түкке тұрғысыз)» (9–38).

(Бисмилләһир Рахманир Рахим)

(поэма)

 

Аңдатпа

«Өзің білмейтін бір нәрсенің соңына түспе. Расында құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады»

(«Ісра» сүресі, 36-аят).

«Жер жүзінде дандайсып жүрме. Өйткені, сен жерді әсте жара алмайсың да бой жағынан да тауларға жете алмайсың» (17–37).

«Әрі сендерге Өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді. Егер Аллаһтың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласы өте ынсапсыз, аса шүкірсіз» (14–34).

«Кім дүниені қаласа, біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз. Сосын оны жаһанамға саламыз. Ол оған қорланып, мархаматтан аулақ (мақұрым) болған күйде кіреді» (17–18).

«Дүние тіршілігі еш нәрсе емес. Ойын-сауық қана» (6–32).

«...Ақирет ісінен гөрі дүние тіршілігін қоштадыңдар ма? Негізінде дүние тіршілігінің пайдасы ахиретке қарағанда өте аз ғана (түкке тұрғысыз)» (9–38).

«Өлі біреуді тірілтіп (иман беріп), оған адамдардың ішінде онымен жүретін жарық қылсақ, ол, қараңғылықтарда (күпірлікте) қалып, одан шыға алмайтын біреу құсаған бола ма? Осылайша (сол сияқты) кәпірлерге істеген істері әдемі (ұнамды етіп) көрсетілді» (6–122). «Расында адамдардың көбі бұзық» (5–49).

 

Әш-Шәкур Аллаһ!

Кеммін бе тегі басқадан?

Басқалар шырқап салғанда шаттық асқақ ән...

Кеудесін дар-дар айырған қара бұлттың,

Нажағай сынды жарқ етпей неге жасқанам?!

 

***

Жер – ұлы ана!

Анамдай оны сағынам!

Жерге емес, бірақ, Хаққыма ғана табынам!

Өйткені Хаққым анамнан ақ сүт емізіп,

Орын ап берген адамгершершілік тағынан!

 

Едім мен алғаш басындай қолдың бөлшек ет,

Тілеген анам «қызығымды елім көрсе» деп.

Аманат емес,

Азамат болдым жаужүрек,

Қолында өсіп ұлы ана – Жердің еркелеп!

 

Жер – ұлы ана,

Көркіне нұрлы қызығам!

Былайша айтқанда біз тудық соның «қызынан»...

Қақымыз бар-ды ойлауға соны,

Адам-ай,

Онда осы ұлы ананың неге жүзі қан?..

 

Ойласам соны көгімді тұман торлайды,

Жатады ылғи өзегімді өртеп ор-қайғы...

Елжіреп жүрек,

Мөлдіреп көзден жас тамад,

Байқаймын бүйтсе түбінде адам оңбайды!

 

Ойласам соны ағарып таңым атпайды,

Батпайды күнім,

Басымнан жұлдыз – бақ тайды...

Өкініш, үрей, қасірет, қайғы сумаңдап,

Жер – ананы ылғи ажал боп төніп жақтайды...

 

Сезем де соны жарқ етпей, жанбай, жасқанам...

Өксимін кейіп жүзімді жуып жасқа әмән?

Өксімен қайтіп бомбалар гүрс-гүрс жарылып,

Далада мынау өзен боп толқып ақса қан!..

 

Әлемде ғажап ракка дауа таппаған,

Атомды жойқын,

Атомды қайтіп тапты адам?

Сұмдық-ай, сұмдық, бірімен бірі қырқысып,

Қырғын боп жатыр әлінен әбден асты адам.

 

Таласса иттер «заты оның ит қой» дер едік!

Ойлансын адам, соғысу үшін кемедік!

Ойлансын адам,

Ойлансын адам жыртқыштар,

Жыртқыштар азса кім айтар оған төрелік?!

 

Не жетпей жатыр, нұрлы ақылдым-ай, сендерге?

Сыймайтын мынау,

Сыймайтын алып – кең Жерге?

Сөйлейтін тілің,

Ойлайтын миың бар баста,

Болғаны парық айып па, сірә, өңдерде?!..

 

Бұл неткен сұмдық адамды адам арбаса,

Адамнан көріп жауыздықты адам зарласа?

Білмедім мүлде соңының немен тынарын,

Бұл арсыздыққа Хақ Аллаһ кейіп қарғаса?!

 

Адам-ай, адам!

Бәрінен білгір, мамандар,

Болмау шарт сенің болғасын адам санаң хар!

Жер – анаң ғана болғасын барда Хақ берген,

Мекенің, өзің, баспанаң, анаң, балаң бар!..

 

Жер – анаң барда ақ таң бар күліп ататын,

Жер – анаң барда кештерің нұрлы-ақ бататын.

Жер болғасын да жайнауда барлық тіршілік,

Соларды көріп мылтықты қайтып атасың?!..          

 

Жер – анаң барда ішесің, жейсің, киесің...

Жер – анаң барда жарыңды құшып, сүйесің.

Жер – анаң барда махаббат сенде, қасиет,

Жер – анаң барда әлемге өзің иесің!..

 

«Хақ» десең Хаққың жуытпас саған кесірді еш,

«Хақ» десең Хаққың адам атыңды өшірмес!

Бомбалап жерді әліңнен ассаң,

Адам-ай,

Жер һәм сені Аллаһ – жаратқан Иең кешірмес!

 

Ғаламат сырлы тіршілік, мынау, жасаған,

Демегей адам: «бақытым қолда, бас аман!»

Хақ кейісе егер бәрі де тайып басыңнан,

Ұстатпас саған,

Ұстатпас тағдыр қашаған...

 

Білесің бе сен, келгенін қайдан қайырдың?..

Бөлшектеп жерді шекара неге айырдың?

«Бірлік» деп ұшқан,

«Тірлік» деп ұшқан лашынның,

Қанатын неге,

Қанатын неге қайырдың?

 

Ғаламда десек: «жыртқышты тізіп санасын»,

Біріншісі оның осы Адам ата баласы

болатын еді, атысып ара мізбақпай,

Додалап жатқан өз алып Жердей – анасын!

 

Білсеңші-ей, адам,

Өмір де өмір Жерменен!

Өлсек біз егер осы алып Жерге жерлеген...

Жауызды сендей анасын өзі қорлайтын,

Жалғанда басқа жандыдан еш те көрмегем!

 

Жаратқанда алғаш, Аллаһым, сені адам ғып,

Ми беріп ерек, ар беріп саған адамдық.

Емізген сені Жер – ана,

Осы Жер – ана,

Жер – ана саған етіп ед қашан жамандық?

 

Ел-ел боп алып, орындалғандай мұратың,

Шекараларға мың қабат жасақ құрасың...

Жер – ана қашан жамандық қылды,

Адам-ай,

Жамандық қылсаң өзіңе-өзің қыласың!

 

«Мақұлық» деме әнеу бір шымшық торғайды,

Өзінің ол да өлімнен басын қорғайды.

Жер – ана оған етпейді-ау, сірә, жамандық,

Қорласа оны тағы осы адам қорлайды...

 

«Ойы жоқ» деме доңыздың дағы ол жәйлі,

Өзінің ол да өлерін бұртын болжайды...

Жер – ана оған етпейді-ау, сірә, жамандық,

Оны да надан кеңірдегі үшін борлайды...

 

Адам, ол, адам,

Отырып бәрін ойлайды...

Ойлайды дағы «қызық» деп біліп тойлайды...

Тойлаған болып бәрін де өзі жайлаған,

Адамның көзі топыраққа да тоймайды!

 

Адамдар екен жан алғыш сұры мергендер...

Түсінер оны кешегі соғыс көргендер...

Бәрін де соның Жаратқан Ие кешірді-ау,

Бәрін де соның Жер – анаға әкеп жерлеңдер!..

 

Кешіре бермес, мазасын Хақтың алмаңдар!

Жарам деп бомба Жеріне жара салмаңдар!

Жыламасыншы жүрегі Жердің ауырып,

Жыламасыншы,

Сендер де жылап қалмаңдар!..

 

Жер жыласа егер әлемге қатер төнгені!

Жер құласа егер алып бір жұлдыз сөнгені!..

Сақтай гөр, Аллаһ, Жер құлағаннан,

Құласа ол

«Үзілді» дей бер бар тіршіліктің өңмені!..

 

Дейтін шығарсың: «Жер құласа егер – мекенім,

Марсқа,

Айға,

Ғарышқа шығып кетемін»!..

Жер құласа егер тартылыс заңы жойылып,

Кім біледі, әлде, ғаламның не боп кетерін?!

 

Адам-ай, адам,

Білетін бәрін ақымақ!

Ізіңнен басқан қыртысы жердің қақырап,

Қасиеті ұшып қаңсиды қара топырақ,

Зәресі қашып жылайды дарқан атырап...

 

«Мың жасамадым» деп кейің арман қыласың!

Жасасаң, бәлкім, тірлікті типыл қыласың!..

Сондықтан саған Тәңірім мың жас бермеген,

Берсе-шы, мүмкін, жұтумен Жерді тынасың!

 

Сұрланып кейде сұқтансаң қадап сұғыңды,

Жылан да саған бет келмей алыс бұғынды...

Кейіңнің осы жыртқыштығыңды күллі әлем,

Жер жүзіндегі тіршілік тұтас ұғынды...

 

Хайуандар, байқұс, «сорлауға» біткен маңдайы,

Тең келмес саған жыртқышы, мейлі, қандайы...

Тағдыры олардың бір-ақ тал оқтың үшінде,

Бір-ақ тал оқпен мәлім ғой бізге аң жәйі...

 

Адамға күші, қайраты еркін жететін,

Мысалы, аю, қабылан қайда, көкешім?!

Солардың бәрін «жыртқыш» деп осы адамзат,

Тұқымын құртты көрсетіп көзге көкесін!..

 

Жыртқыш боп олар ешкімге залал салмаған,

Салса да әсте адамнан аса алмаған.

Осының бәрін байыптап көрсек ғаламда,

Адамнан асқан жыртқыш та жыртқыш болмаған!

 

Бәрін де соның Жер – ана баулып өсірген,

Олқысы болса Тәңірі Өзі кешірген.

Солардан, бірақ, ақылды бола тұрып та,

Тек адам қана танымай Хаққын есірген?!

 

Есірді-ау адам...

Жер – ана төзді ол, төзгі еді!

Әр іспен Аллаһ ескертті... адам сезбеді!

Сезгені сол ма, қатерді күліп қарсы алып,

Тыныштықты емес, тек залымдықты көздеді!...

 

Көмді де жарды төсіне Жердің минаны...

Опасыз соғыс Жер – ана жанын қинады.

Қиналса дағы бағынып Хаққа,

Адамдай

Құлынын әсте ол өлімге атап қимады!..

 

Бұл неткен ерлік жатса да тәні жыртылып?

Ойлашы-ей, адам, өнеме Жерсіз бір шыбық?

Қасиетіңнен айналайын-ай,

Жер – ана,

Сенімен ғана тіршілік, осы тіршілік!..

 

Ананың неткен пейілі дарқан көл еді?

Аналар үшін ұрпағы ғана керегі!

Ұрпағы үшін жанының жәйіп базарын,

Ұрпағы үшін өлімге өзін береді!

 

Әрқандай ана ұрпағын шетке қақпайды,

Қақпайды, кейі еркелетеді, мақтайды!..

Еркелік асса қасиеті оның жойылып,

Түбінде ақыр пәк, адал ардан аттайды...

 

Аттаған деген сенсеңіз осы, досым-ау,

Додалап жатқан ұлы ана – Жерді осынау!..

Осылай дамып, жалғасса қырғын соғысың,

Зауал ол келген...

Зауалдан қорлық шошымау!..

 

Адам, ей, саған болғанмен байлық, сән керек,

Басқаға сенен еркіндік керек, жан керек!..

«Жансыз зат» деме орманды,

Жасыл әлемді,

Ағарып атар оған да жарқын таң керек!

 

«Адаммын» дейсің, қайда екен арың, ұятың?

Тұқымын құрттың аққудың бұзып ұясын...

Жуаны жұлып,

Шалғынды көктей орасың,

Көгөрім талды қиясың-ай кеп, қиясың!

 

Сұңқылдап аққу баласын жоқтап төбеңнен

Ұшып ед атып тастадың, жоқсың бөгелген.

Әй, арсыз пенде-ай, өзіңді атып тастасам,

Балаңды жұтып, қайтер ең сонда, егер, мен?!

 

Оның да бар ғой алатын Жерден үлесі,

Бір-ақ тал оқпен қатырдың әне сілесін...

Бір шөкім етін жегенде соның тойдың ба,

Неге сен сонша жыртқыштық жолмен жүресің?!

 

Бұлбұлды қойдың телміртіп теңбіл аспанға,

Хафазға салып, сайрайтын бақта ақ таңда...

Ажал боп төндің алдыңнан тұра қашқанға...

Адам-ай,

Сенің қатты-ақ қой ділің тастан да!

 

Лақты тарттың, сен үшін ол бір қызық-ты.

Қолыңда ол сенің қыршындай жанын үзіпті...

Хақ Өзі, бірақ, халиф қып сені жаратқан,

Сондықтан демен: «жаратқан неге бұзықты?!»

 

Дегеніңменен: «жат іске әсте жолама!»

Демейсің-ау, сен: «осыған обал бола ма?»

Ең сорақысы ұрпақты құрту* мақсатың,

Ойлашы-ей, адам,

Орнында жоқ ол оңа ма?!

 

Айта берсемші, қылмысың көп-ті шашыңнан...

Адам боп соның көбіне жоқсың ашынған.

Мен де адаммын ғой, ойласам тілім бармайды,

«Айналдым» деуге адамдық кейде атыңнан!

 

Бірақ та мұным күллі адам солай дегенім

емес-ті,

Құл бар тек қылар Хақтың дегенін!

Тек Хаққа құл боп,

Үммет боп пайғамбарына,

Өмірге дін мен ізгі іс деп білер егерін!..

 

Хақ құлдар солар!

Адамдық тән шын соларға!

Адамға лайық күллі адамшылық соларда!

Олар мен сені айырып тұрған ақ иман,

Иманы жоқтың адамы адам болар ма?!

 

Адам-ай, адам,

Сөйлесең тілді шешенсің.

Ақылдың кені, алды-алдыңа ойлы көсемсің...

Періштелерден имандың биік болғанмен,

Имансыздарың хайуаннан төмен екенсің!..

 

«Хайуаннан көбің төменсің» десем арланба!

Тоқтады деме «адамдық бағам арзанға»!

Бәріне соның Жер куә,

Ғалам,

Көк куә,

Айтқаным нақыл ақылы, есі бар жанға!..

 

Сен неге сонша адамдық ардан безіп ең?

Қорықпай жойқын Тәңірдің қатал тезінен?..

«Емеспін жыртқыш» дейсің-ау, жыртқыштығыңды

Білер ең көрсең өзіңді хайуан көзімен!

 

Сен сонда, мүмкін, мойындар едің мініңді...

Арыңмен таза өлшер ең, бәлкім, құныңды!

Дәл сонда сенің мерейің шексіз аспандап,

Қадамас та едің дәнеңеге де сұғыңды!

 

Бәріміз сонда шаттанар едік, күлер ек!

Қазіргі ең ізгі армандай өмір сүрер ек!

Нәпсіге ермей,

Құл болмай малғұн шайтанға,

Тепе-тең халде түрегеп тегіс жүрер ек!...

 

Қу дала қайта жасарар еді, нулар ед...

Сайрандап құстар бақтарда, көлде шулар ед...

Теңіздегі әнеу «алғыштың торы» жиылып,

Жайындар жайып қанатын еркін зулар ед...

 

Меңіреу өлке кеудесін көшкен құм басқан,

Жайнайтын еді, жұлдызы самсып түнгі Аспан...

Бақыттың бағы шомылып алтын сәулеге,

Жататын еді еркіндік әнін тыңдап маң...

 

Аллаһтың сонда жолықпас та едік кәріне,

Жер – ана нұрлап кірер ед қайта әріне.

Телміріп тұрған теңсіздік түгел жойылып,

Еркіндік күні туатын еді-ау, бәріне!..

 

Ол күннің қазір ауылы алыс бақсаңыз!

Ол күн бір арман оқ жетпес, бәлкім, атсаңыз...

Со үшін де, ей, адам, өксітпе Жердей – анаңды,

Хақ налып бір күн қапия қырғын таппаңыз!

 

Ойыңда, бәлкім, басқа бір әлем,

Басқа үміт...

Барады-ау, әттең, құдайсыздығың асқынып.

Құдайсыздықтан көбіңнің кеудең бекіліп,

Жалғаннан өтіп жатырсың көзде жас тұнып!..

 

Құдайсыздықтан дүние үшін дауласып,

Келесің ылғи бірің мен бірің жауласып...

Пейліңді соқыр Жер тойдыра алмай қамықты-ау,

Жеті құрлықтың ойпаты,

Көлі,

Тауы жасып!..

 

Әй, пенде-ай,

Неғып ниетің сонша бұзылған?

Аулақ ет, Аллаһ, бұл ындынды ұрпақ – қыз, ұлдан!..

Болса екен олар еркіндік әлем қожасы,

Болмағай әсте дәл қазіргідей бұзылған!..

 

Шашса екен олар ғаламға теңдік ұрығын,

Оларда болғай «тұтастық» дейтін бір ұғым!

Тұтастық болса хайуандар әлемі де азат боп,

Еркімен жүзіп ішер-ді судың тұнығын!..

 

Қазір біз осы «дамыдық, – дейміз, – дамыдық!»

Дамыған дамып,

Көбіміз жүрміз қамығып...

Дамыса рас атом ғой, атом дамыған,

Рактың сырын білген жоқ әлі еш жан ұғып!..

 

Адам көп өлген обадан және сүзектен,

Солардың бірін де ала алған жоқсың түзеп сен.

Себебі неде минутта қисаң қыршынды,

Оңалмай алты ай жатады жәй бір сыз өткен?...

 

Жер – анаң барда мынау бақ заман тоқшылық.

«Бір Аллаһ» десең жуымас сірә жоқшылық!

Адам-ай,

Неге жерисің тегі өзіңнен?

Баланы жойдың анадан туа шөктіріп...

 

Баланы жойма, ол сенің соңғы із басарың!

Қорлама ананы, біл оның киесі атарын!

Болмаса ұрпақ өспейсің, өксіп өшесің,

Білуің керек асқанның жүз жас жасарын!..

 

Ақ сәуле шашып шыққан Күн кеште батпай ма?

Тұлпардың ізін құлын, тай, құнан баспай ма?

Әкеге ұлы,

Шешеге қызы мұрагер,

Туа да бірге құлақтан мүйіз аспай ма?!

 

Сондықтан балаңды ұрмауың керек, ұрмауың!

Қырмауың керек құлыныңды, әсте қырмауың!..

Өзіңнен шыққан бақытың – бауыр етіңнің,

Қылмыс қой, сұмдық, өмірін өзің ұрлауың!..

 

Төзгісіз қатер бар екен, адам, кей ісіңде...

Хайуанды,

Бәрін жатасың қырып жейсің де.

Ұрпаққа тиді залалың,

Соңғы мақсатың,

«Қаңырап иен Жер – ана қалсын» дейсің бе?!

 

Жер – анаменен,

Ұрпақпен хан, ел – керімсің!

Екеуін жойсаң төріңнен жақын көрің шын!..

Анадан аулақ,

Баладан аулақ,

Залымдар,

Тілеуің, тек, өз басыңа ғана көрінсін!

 

Азайса адам «байлыққа бөгем» дерсің бе?

Бөгерсің, бірақ, өмірді көгендерсің бе?

Ақшаны дос қып мың жасау келмес қолыңнан,

Тағдырың, біл, ол әсте емес сенің еркіңде!..

 

Дегеніңменен: «жамандыққа әсте жолама!»

Демейсің-ау, сен: «осыған обал бола ма?»

Ең сорақысы ұрпақты құрту мақсатың,

Ойлашы-ей, адам, орнында жоқ ол оңа ма?!

 

Осыған ақын налиды-ай келіп, кектенед.

Кейде оған өртті өлеңмен ажал боп төнед!

Нар ғаламдағы дамыған елдер, ғажап-ай,

Атомды, сұмдық, – алғышты неге тектемед?!

 

«Дамыдық қазір, ғарышқа төте самғадық!

Ай түстік жол ғой, келгеміз оған сан барып...» –

Дегеніңменен, ойлашы-ей, адам, осыны,

Осы біз неге жыртқыштық жолдан танбадық?!

 

Әкеге қарап баласы неге оқ атты?

Адамға адам неге осы төре боп апты?

Абалап жатқан зеңбірек аузын тоспаған,

Құрамыз неге «Халықаралық Одақты»?!

 

Хайуанның неткен ынтымағы осы келіскен?

Онда адам ұқсап шекара жоқ қой бөліскен?

Несібесін тек тауып жеп қана жүреді,

Қашан да көрсең өз ортасынан – өрістен...

 

Олар да кейде қалады-ау аздап қағысып...

Қағысса сендай «жауым» деп алмас жабысып!

Көрші отырып та абайсыз басса «сызықты»,

Атысасың-ай автомот, танкеңді ап ұшып...

 

Адам-ай, енді шындықты ғана айталық!

Гершілікті ұқсаң жерін бер жаттың қайтарып...

«Ғаламға қожа боламын» деген Шыңғыстай,

Боларсың мықты болғанда...

Бірақ, байқалық!

 

Езбегей елді,

Безбегей енді ұяттан!

«Адаммын» десең, нап-нағыз адам сияқтан!

Ананы қорға,

Баланы,

Нәзік әлемді,

Атаны қорға шежіре шерткен, күй аққан...

 

Орманды қорға,

Өсімдік,

Жәндік,

Тірлікті,

Ауаны қорға,

Төрт мұхит,

Жеті құрлықты...

«Қорғамадың, – деп, – ортаны – өмір ұясын»,

Жоймасын сені ғайыптан келіп бір Мықты!..

 

Осының бәрі тіршілік үшін керектер,

Сенбеймін десең ақылға салып елеп көр!

Барады бәрі таусылып,

Құрып,

Жойылып,

Жойылуына, адам-ай, өзің себепкер!..

 

Адам-ай, оян, ұятың, арың боса енді!

Қайтесің Отан,

Армия,

Сотты,

Көсемді?

Жатырсың бәрің Жершарын ғана мекендеп,

Жершары ғана – Отаның білсең, дос, енді!

Жер – ана«ана – Отаның» деген осы, енді!..

Бағыттама: Қасиетті Құранда күллі ғаламның Раббы Аллаһ тағала: «(Мұхаммед (ғ.с) бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ислам дініне жөнелт (бұр). Аллаһ жаратылыста адам баласын соған арнап (сол дін үшін) жаратқан. Аллаһтың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі (мұны) түсінбейді» (30 – 30). «...Бүгін кәпірлер діндеріңнен (тосудан) күдер үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» (5 – 3), «Аллаһтың қасында шынайы дін Ислам» (3–19), Одан ары: «Дінде зорлық жоқ. Расында туралық азғындықтан ажыратылды. Енді кім жауыздыққа (бұтқа) қарсы келіп, Аллаһқа иман келтірсе (сенсе), сонда ол рас үзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады. Аллаһ бар нәрсені естуші, білуші» (2 – 256-) дейді. Сосын тағы да қадағалай түсіп: «Түп-түгел Аллаһтың арқанына (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер» (3 – 103-). «Әй, мүміндер! Сендер өздеріңді түзелтулерің керек. Өздерің тура жолда (Исламда) болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесірін тигізе алмайды» (5 – 105) деген...

1986 жыл.

Жыңғылды.

Қытай.

Abai.kz

*Ұрпақты құрту – жасанды түсік пен жоспарлы туыт

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624