Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3007 0 пікір 6 Қараша, 2013 сағат 19:46

«Мұнай, Газ және Инфрақұрылым-2013» көрмесі

Ақтау қаласында «Нұр Плаза» қонақүйінде «ITECA» қазақстандық көрме компаниясы мен ІТЕ халықаралық компаниялар тобының ұйымдастыруымен «Мұнай, Газ және Инфрақұрылым-2013» Маңғыстау аймақтық көрмесінің ашылу рәсімі болып өтті. Көрмеге Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ресми қолдау көрсетіп, «Shell» компаниясы демеушілік жасады.

Көрменің тұсаукесерінде облыс əкімі А.Айдарбаев сөз сөйлеп, оған қатысушы компаниялар мен ұйымдардың өкілдерін халықаралық көрменің ашылуымен құттықтады.

– Сіздерді құттықтай отырып, Итеса компаниясына облысымыз үшін дəстүрге айналған «Мұнай, Газ жəне Инфрақұрылым» 8-Маңғыстау аймақтық көрмесін ұйымдастырудағы жоғары кəсіби шеберлігі үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер!-деді Алик Серікұлы. – Көрменің кең жағырапиясы мен оған қатысушылардың мол саны аймағымыздың дамуына тұрақты қызығушылықты білдіреді. «Мұнай, Газ жəне Инфрақұрылым-2013» көрмесіне Ұлыбританиядан, Қазақстаннан, Қытайдан жəне Ресейден 71 компания қатысуда.

Мұнай-газ саласын дамытудың арқасында облыс экономикасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. Өнеркəсіптік өндірістің көлемі соңғы бес жылдың ішінде екі еседей – 2 триллион 170 млрд. теңгеге дейін өсті, ал бұл – жалпы республикалық көлемнің 13 пайызы.

Ақтау қаласында «Нұр Плаза» қонақүйінде «ITECA» қазақстандық көрме компаниясы мен ІТЕ халықаралық компаниялар тобының ұйымдастыруымен «Мұнай, Газ және Инфрақұрылым-2013» Маңғыстау аймақтық көрмесінің ашылу рәсімі болып өтті. Көрмеге Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ресми қолдау көрсетіп, «Shell» компаниясы демеушілік жасады.

Көрменің тұсаукесерінде облыс əкімі А.Айдарбаев сөз сөйлеп, оған қатысушы компаниялар мен ұйымдардың өкілдерін халықаралық көрменің ашылуымен құттықтады.

– Сіздерді құттықтай отырып, Итеса компаниясына облысымыз үшін дəстүрге айналған «Мұнай, Газ жəне Инфрақұрылым» 8-Маңғыстау аймақтық көрмесін ұйымдастырудағы жоғары кəсіби шеберлігі үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер!-деді Алик Серікұлы. – Көрменің кең жағырапиясы мен оған қатысушылардың мол саны аймағымыздың дамуына тұрақты қызығушылықты білдіреді. «Мұнай, Газ жəне Инфрақұрылым-2013» көрмесіне Ұлыбританиядан, Қазақстаннан, Қытайдан жəне Ресейден 71 компания қатысуда.

Мұнай-газ саласын дамытудың арқасында облыс экономикасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. Өнеркəсіптік өндірістің көлемі соңғы бес жылдың ішінде екі еседей – 2 триллион 170 млрд. теңгеге дейін өсті, ал бұл – жалпы республикалық көлемнің 13 пайызы.

Облыста шамамен 30-дай мұнай-газ өндіру жəне 20-дан астам сервистік мұнай компаниялары жұмыс істейді, олардың арасында Ресей, Қытай, Австрия, Дания жəне басқа елдердің қатысуымен құрылған кəсіпорындар бар. Мұнай-газ саласында жұмыспен қамтылған халықтың саны 37 мыңнан астам адам немесе ол аймақ экономикасында жұмыспен қамтылған адамдар санының 24 пайызын құрайды.

Үстіміздегі жылдың 9 айында шикі мұнай өндіру көлемі 13,4 млн. тонна құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 1,8 пайызға көп.

Аймақтың мұнай-газ саласында көрсеткіштерді одан əрі жақсарту үшін өңірдің минералдық шикізаттық базасын ұлғайту, геологиялық барлау жұмыстарының қарқынын жеделдету, болжамды ресурстарды өнеркəсіптік қорлар санатына көшіру жəне мұнай, газ қорлары мен оларды өндірудің жаңа тиімді технологияларын пайдалану жөнінде міндеттерді шешу бойынша қосымша шаралар қабылдау қажет. 

Каспийдің солтүстігінде тұрған Қашағанды қоса есептегенде барлық теңіз кенорындарына сервистік қолдау Маңғыстау облысының аумағында орналасқан теңіз базаларынан көрсе-тілетіндігін атап өту қажет.

Сонымен бірге облыста көмірсутегі шикізатын геологиялық барлауда, игеруде, өндіруде, дайындау мен тасымалдауда, экономикалық зерттеулерде, экологияда әлемдік және отандық ғылымдардың ықпалдасуына мүмкіндік беретін салалық ғылым үшін зертхана болу келешегі бар.
Оның үстіне облыстың мұнай-газ кәсіпорындары салада, сондай-ақ сервистік индустрияда жаңа кәсіпорындарды дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Бұл облысқа ұлттық жалпы өнімнің айтарлықтай бөлігін, елімізге валюталық түсімдердің үлкен үлесін, бюджетке мол салық түсімдерін қамтамасыз етіп, әлеуметтік бағдарламаларды орындау мен инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысының аумағында басым салалардың жаңа өндірістерін дамыту үшін жеңілдіктер мен преференциялар беретін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейтіндігін ескере отырып, компанияларды аймақтың мұнай-газ секторына бағытталған өндірістер құруға шақырамыз.

«Мұнай, Газ және инфрақұрылым-2013» көрмесі отын-энергетика және инфрақұрылым салаларында іскерлік байланыстар орнату мен дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Шаралар аясында өткізілетін кездесулер мен пікірталастар жаңа жобалар мен перспективалар үшін база жасайды.

Көрме жұмысының барысында мұ-най-газ саласы мамандары мен сервистік компаниялардың өкілдері өздері үшін пайдалы әріптестер тауып, сенімді және ұзақ мерзімді өзара ынтымақтас-тықты қамтамасыз етеді деп сенемін-деп, қорытындылады сөзін облыс басшысы. «Iteca» компаниясының сатулар жөніндегі директоры Борис Даниленко көрмені ұйымдастыруға ұйтқы болғаны үшін облыс әкімдігінің атына алғыс білдіріп, оның мұнай-газ және инфрақұрылым саласында елдер мен компаниялар арасында іскерлік қарым-қатынастар мен байланыстарды жолға қоятындығын атап өтті.

Бұдан кейін облыс басшысы бастаған ресми адамдар мен қонақтар лента қию рәсіміне қатысып, көрме экспонаттарын аралап көрді.

Көрмеге дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінен көптеген мұнай-газ компаниялары мен сервистік кәсіпорындар белсене атсалысуда. Олардың ішінде 51 экспонент тікелей қатысу арқылы өндірістік тауарлары мен қызметтерін, жұмыстарын жұртшылықтың назарына ұсынса, 20 компания техникалары мен технологияларын, құрал-жабдықтарын сырттай көрермендер сарабына салуда. Олар мұнай-газ кәсіпшіліктерінің арнаулы техникалары мен аппараттары, жабдықтары мен құралдары, қажетті бөлшектері мен жөндеу аспаптары, мұнай-газ және су сораптары, тұрбалары мен фитингтері, геологиялық барлау аппараттары мен электрлік құрал-жабдықтары, мұнайшылар мен сервистік компаниялар жұмысшы-қызметкерлерінің қысқы кезеңде пайдаланатын киім-кешектері сияқты өнімдерін көрме сөрелеріне «жайып салды».

Көрмеде еліміз ғана емес, сонымен бірге дүние жүзіне танымал болып жүрген ірі мұнай-газ компаниялары мен сервистік кәсіпорындар да аз емес. Олардың ішінде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Өзенмұнайгаз», «Maersk Oil Kazakhstan», «Қазте-ңізкөлікфлот» Ұлттық теңіз кеме қоз-ғалысы компаниясы», «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» акционерлік қоғамдары мен «Shell», «Advantek», «WIKA Kazakhstan», «GMMOS», «Нефтекамск машина жасау зауыты», «Каспий аймақтық машина жасау кешені», «ПавлодарТехСнаб», «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы», «УралТрансСтрой металл құрылғылар зауыты», «Экотех» компаниялары сияқты көшбасшы кәсіпорындар бар.

Ақтөбе қаласындағы көрші елдің дилері Ринат Касаев «Біз Ресей Федерациясы зауыттарының арнаулы техникаларын мұнай компаниялары мен сервистік кәсіпорындарға ұсынып отырмыз. Атап айтсақ, «Орел-Дормаш», «Эксмаш», «Киров зауыты», «ДСТ-Урал», «Челябі автокөлік прицептерінің машина жасау зауыты», «Ирмаш», «Урал арнаулы техника зауыты», «Прохладненск машина жасау зауыты» секілді жабық және ашық акционерлік қоғамдарының арнаулы техникалары мен тракторларын сатамыз» десе, Қытайдың «ОК» компаниясының маркетинг жөніндегі халықаралық менеджері Бай Бинг «Біз түнгі мезгілде жұмыс істеу үшін мұнай кәсіпшіліктерін әртүрлі прожекторлармен қамтамасыз етеміз. Клиенттеріміздің арасында Қазақстанның барлық мұнай-газ компаниялары бар» дейді.

Дүние жүзінің дамыған елдері компанияларының өкілдері қатысқан осындай көрмеге ұйтқы болып отырған Қазақстан Республикасы «қара алтын» қорлары бойынша көмірсутегі ресурстары мол әлемдегі мемлекеттердің алғашқы ондығына кіреді. Сондықтан да еліміз бен Маңғыстауда мұндай салалық көрмелер өткізу Қазақстан үшін өте маңызды. Олар мұнайшылар мен сервистік компанияларға мұнай-газ кешенінде қалыптасқан жағдайды тікелей талқылау, инновациялық технологиялармен және құрал-жабдықтармен танысу, бизнесте әріптестер табу үшін таптырмайтын алаң болып табылады. Сондықтан да үш күнге созылып, ертең де өтетін көрменің маңғыстаулық мұнайшылар үшін берері мол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2081
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2504
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2148
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612