Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2016 0 пікір 6 Қараша, 2013 сағат 19:40

Бас редакторлардың Маңғыстауға сапары

Өлкемізге оңтүстік астанадан іссапармен келген республикалық бірқатар басылымдардың басшылары облыс әкімі А.Айдарбаевтың қабылдауында болды, Жаңаөзен қаласына барып қайтты, облыс орталығындағы бірқатар өндірістік нысандардың жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар жергілікті БАҚ өкілдері және өңірдің ішкі саясат саласы қызметкерлерімен кездесу өткізіп, онда түрлі өзекті мәселелер ортаға салынды. Бас қосуды «Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры Ғ.Мелдешов жүргізіп отырды.

Өлкемізге оңтүстік астанадан іссапармен келген республикалық бірқатар басылымдардың басшылары облыс әкімі А.Айдарбаевтың қабылдауында болды, Жаңаөзен қаласына барып қайтты, облыс орталығындағы бірқатар өндірістік нысандардың жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар жергілікті БАҚ өкілдері және өңірдің ішкі саясат саласы қызметкерлерімен кездесу өткізіп, онда түрлі өзекті мәселелер ортаға салынды. Бас қосуды «Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры Ғ.Мелдешов жүргізіп отырды.

Кездесу барысында мерзімдік баспасөз және заманауи интернет-медианың мүмкіндіктері сараланды. «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Р.Сәрсенбаев қай газетке болмасын жаңаша қан, жаңаша леп беріп, жаңа сөз айту, барлық кезде де мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қарау керек екендігін байсалды түрде жеткізді. Маңғыстаулықтардың Ақтаудан АЭС салуға қарсы дәлелді дәйек келтіріп, халық пен биліктің бірыңғай ұстанымда отырғанына қанағаттанғандық білдірді. «Әрине, қанатын жайып келе жатқан елімізге энергетикалық қуаттар керек-ақ. Алайда, АЭС-тен, оның ішінде сенімсіз саналатын ресейлік АЭС-тен бойды аулақ салып, күн, жел, т.б. энергия көздерін пайдалансақ та ұтыла қоймаспыз» дей келіп, Кедендік Одақ тәуелсіз елімізге оң нәтиже бермейді-ау дегендей қаупін де жасырмады. «Централ-Азия Монитор» газетінің бас редакторы Б.Ғабдуллин бүгінгідей медиа-өркениетінде интернет-басылымдар жедел ақпарат беруде де, оқырман санын көбейтуде де тиімді деген өзіндік тұжырымға тоқталса, «Айқын» газетінің бас редакторы Н.Жүсіп бұл реттегі әлемдік тенденция өзгеріп отыратындығын, айталық Жапония мен Оңтүстік Кореяда мерзімдік басылымдарды оқушылар саны күрт артып кеткендігін, жалпы газеттердің ұлттық ағартушылық-танымдық ролінің ешқашан да төмендемейтіндігін, интернет қазақтың тілі мен мәдениетіне айтарлықтай нұқсан келтіретіндігін атап өтті. Осы пікірді құптаған «Жас қазақ» газетінің бас редакторы С.Смайыл жалпы интернеттің адамның ойлау жүйесіне кері әсерін, өзі сапарда болып қайтқан Англияда бәрі күнделік-ті газет оқитынын, шетелдік газеттердің ақпаратқа негізделетінін, сараптамалық дүниелердің журналдарда жарияланатынын айтты. Халықаралық «Түркістан» апталығының бас редакторы Ш.Паттеев интернеттегі жарияланымдарға көп ешкімнің басы ауырмайтынын, ал газетке шыққан, яғни тасқа басылған дүниеге жауап беретінін тілге тиек ете келе, біздің елімізде баспасөзге мемлекет тарапынан жете мән берілмей отырғанын, мәселенки Францияда газеттерге бюджеттен қомақты қаржы қарастырылып, шығарылып, таратылуына дейін оңды жолға қойылғанын атап өтті.

Дөңгелек үстел басындағы еркін әңгімеде сондай-ақ «Время» газетінің бас редакторы Л.Тараков, «Номад» ақпараттық порталының директоры Д.Әшімбаев, «Мегаполис» газетінің бас редакторы И.Шахнович сөз сөйлеп, тақырыпты одан әрі өрбітті. Қоғамдық өмірдің қайнаған ортасындағы ең өзекті мәселелерді өткір жазу, ақиқат пен әділдікті ту етіп сынды күшейту, проблемаларды қозғау, қоғамдық пікір туындату, әрбір басылымның өз позициясы болуы қажеттігі, журналист мамандардың тапшылығы, тағы басқа да елге, жерге, халыққа қатысты мәселелерді батыл көтере, кәсіби біліктілікпен әрі шеберлікпен жаза білу жайлы кеңінен пікір алысу өтті. Кездесу барысында аймақ журналистері де өздерін толғандырған жәйттерді баяндап, жалпы журналистика құндылықтарына адал болу, журналист статусын айқындау мәселесі тақырып өзегіне айналды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2077
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2501
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2129
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612