Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2855 0 пікір 6 Қараша, 2013 сағат 17:56

Берекелі Бейнеудегі жаңа мектеп

  Бұл мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорын аудандағы талантты оқушыларды қолдау, дарыны мен қабілеттерін ұштап жетілдіру, ғылымға қызығушылығын арттырып, шығармашылық белсенділігін дамыту, мектептерде білім сапасын көтеруге көмек беру мақсатында аудан əкімінің қаулысымен 2011 жылы ашылған болатын. 

Содан бері орталыққа қолайлы орын болмай жүрген. Қашанда ел мүддесі мен ұрпақ қамы үшін тəуекелшіл аудан басшыларының бастауымен, «Шапағат» корпорациялық-қайырымдылық қорының демеушілігімен, аудан кəсіпкерлерінің қолғабысымен қысқа мерзімде ұядай жып-жылы, əсем ғимарат салынып бітті. Айта кетерлігі бұл орын Бейнеу ауылында ең алғаш ірге тасы қаланған, бүгінде орыны күреліп тасталған ескі үйдің орнына салынды. Жаңа нысанның ауласында биік тұғырда сол алғашқы үйдің макеті орналасыпты. Бұл – туған ауылдың тарихы жайлы нақты дерек ретінде көзге жылы ұшырап, өткен жылдар көңілге сағыныш ұялатады.

Жаңа білім ұясының ашылу рəсімінде аудан əкімі Басшы Əзірханов құттықтау сөз сөйледi:

– Бейнеу өңірі дарындылардан кем емес. Ұрпақ үшін тағы да бір жақсы іс жарасым тапты. Санаулы уақыттың ішінде құрылыс аяқталып, бүгін оқу ғимараты ретінде іске қосылып отыр. Бұның бəрі берекелі Бейнеудің азаматтарының бір тілекті бірлескен қажырлы еңбегінің нəтижесі,-деді ол.

Жиналыста ардагер ұстаз Бақыт Алдоңғарова ұрпақ үшін игілікті іс тындырған азаматтарға алғыс айтса, Бейнеу гимназиясының оқушысы, өткен жылғы республикалық пəндік олимпиаданың жүлдегері Тобанияз Бақтыбаев жас ұрпақ атынан ризалық лебiз бiлдiрдi. Бұдан соң салтанатты түрде ғимараттың лентасы қиылып, жиналғандар жаңа нысанның ішін аралады. Заманауи жабдықтармен жарақталған ғимараттың іші жарық əрі əдемі, іші кірсе шыққысыз. Пəн кабинеттері осы заманғы құрылғы-құралдармен жабдықталған, компьютер кабинеттері жəне лаборатория бар. Барлық пəн кабинеттеріндегі қалы кілем төсеніштер талғамға сай сəн беріп тұр. Бұларды жеке кəсіпкер Айсұлу Шамханова жаңа білім ордасына сый есебінде ұсыныпты.

Бiлiм күнi Бейнеуде алып та асқақ Сам орта мектебi пайдалануға берiлдi. Сəн-салтанаты келiскен бiлiм ордасының алдында жиналған жұртшылықтың қуанышында шек жоқ.

Жасампаз рухты əнұран шырқалып, қасиетті көк байрағымыз көкке көтерілген соң, ілкі сөз кезегін аудан əкімі Басшы Əзірханов алып, зəулім мектептің ашылуымен, ақжарма тілек арнады:

– Ел ертеңi – жас ұрпаққа бiлiм мен тəрбие берудiң маңыздылығын алғы кезекке қойған Елбасы осы салаға ерекше назар аударып отыр. Оның нақты дəлелi – алысқа бармай-ақ, өз ауылымызда пайдалануға берiлiп жатқан заманауи талапқа сай жасақталған бiлiм ұялары деп айта аламыз,-деді ол.

Салтанатты жиында еңбек ардагері Сахи Хибасов ұрпақ игілігі үшін ауданда жүзеге асып жатқан істер үшін алғыс арнады:

– Тəуелсіздік жылдарында жыл сайын ауылымызда жаңа мектептерді салып, оның ашылуын білім күнімен тұспа-тұс тойлау дəстүрге айналды.

Міне осындай жақсылықтар Елбасының саясатын жүзеге асырған ел азаматтарының арқасында жүзеге асуда, жаңа білім ордасы құтты болсын, білімді ұрпағымыз көбейе берсін,-деді. Жиында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Өтебаев сөз сөйлеп, жаңа оқу жылының жаңалықтарына тоқталды.

Одан соң алғашқы еңбек жолын Сам орта мектебінен бастағалы отырған жас маман Гүлжанат Утебаева, ата-аналар атынан сөйлеген Халима Бисекенова игілікті істі атқарған азаматтарға рахмет айтып, ұстаздардың қызметіне табыс, шəкірттерге білікті білім тіледі.

Жиында сондай-ақ Қазақстан Республикасы кəсіпорындар арасындағы рейтинг қорытындысымен «Қазақстан көшбасшысы – 2013» ұлттық бизнес одағының мүшелігіне енген «Бейнеусусервис» кəсіпорнының директоры, республикалық ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Қазақстан даңқы» орденімен мараптталған Қашқынбай Таңатаров сөз сөйлеп, жаңа мектептің көгалдануына көмегін аямайтынын айтты. Жаңа мектептің құрылысын жүргізген «Нұржол құрылыс» ЖШС директорының орынбасары Қуаныш Дəулетбаев: 

– Шəкірттер мен ұстаздар мектеп құтты болсын, жақсы оқыңыздар - деп компания атынан көрiмдiк сыйлық ұсынып, мектептің символикалық кілтін мектеп директорының міндетін атқарушы Жеңісбек Күзекбаевқа тапсырды.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2091
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2506
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2167
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1616