Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Билік 900 5 пікір 6 Ақпан, 2024 сағат 15:35

Дағдарыс-менеджері Олжас Бектенов: Үкіметтің жаңа стратегиясы

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды

Бүгін Парламенттегі доминант партия – «Аманат» Президентке ұсыныс жасады. Олар Үкімет басшысы қызметіне Олжас Бектеновті ұсынды. Ұсынысты Аманат басшысы Ерлан Қошанов жасаған.

Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды

Бүгін президент Тоқаев Мәжіліске Бектеновтің кандидатурасын бекіту үшін келген. Жалпы жиын алдында, Парламент фракцияларының жетекшілерімен жолығып, Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған. Талқылауға «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров қатысқан.

Сонан соң Мәжілістегі алқа-қотан жиынға Президенттің өзі барып қатысқан. Сол жиында жаңа Премьердің кандидатурасы бекітілді. Қазақстан халық партиясы мен ЖСДП дауыс беруден қалыс қалып, қалған партиялар қолдап дауыс берген. Сөйтіп, Қазақстан Үкіметін – 44 жастағы Олжас Бектенов тізгіндеді.

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды

Олжас Бектенов кім?

Бектенов биыл 44-ке толады. Былтыр сәуірден бастап ҚР Президенті әкімшілігін басқарып келген. 2018 жылдан 2023-ке дейін ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінде бірнеше лауазымды қызметтер атқарды. Агенттіктің тізгінін ұстады.

Алматының тумасы. Қазақ мемлекеттік заң академиясын 2001 жылы тәмамдаған. Мамандығы – заңгер. Әр жылдары Алматы, Астана қалаларында, Ақмола облысында, ҚР Президент әкімшілігі, Премьер-министрдің кеңсесі, Әділет министрлігінде мемлекеттік қызметтерде болған.

Бектеновтің еңбек жолы:

2005-2006 жж. – премьер-министр кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы;

2006-2009 жж. – президент әкімшілігінде қызмет істеді;

2009-2012 жж. – әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары;

2012-2014 жж. – экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы;

2015-2016 жж. – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, президенті әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі;

2016-2017 жж. – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы;

2017-2018 жж. – Ақмола облысы әкімінің орынбасары;

2018-2019 жж. – мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;

2019-2022 жж. – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;

2022-2023 жж. – cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы;

2023 жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысының жарлығымен президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі "Айбын" және "Даңқ" ордендерімен наградталған.

Сурет Ақордадан алынды

Тоқаев Бектенов туралы:

Президент Бектеновке сипаттама бере отырып: «Ол тәжірибелі мемлекеттік қызметші, оның Қазақстан экономикасы және басқа да салалар бойынша білімі, ұйымдастыру қабілеті жоғары. Өзі тәртіпті, адал, еңбекқор азамат», -  деді.

Президент экс-премьер министр Әлихан Смайылов отставкаға кетуге өзі өтініш бергенін айтты.

«Үкімет жаңа маңызды әрі шешуші рөлге ие болуы керек. Жедел шешім қабылдауы маңызды. Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беруі керек. Қоғам осыны күтіп отыр. Сондықтан да мен Әлихан Смайыловтың отставкасын қабылдадым», - деді Тоқаев.

Ал жаңа тағайындалған премьер-министр Олжас Абайұлы өзін қолдап, сенім білдірген Президент пен саяси партияларға алғысын айтып, алдағы жоспарларының бірсыпырасын мәлім етті.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар