Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Аймақ 1514 1 пікір 2 Ақпан, 2024 сағат 14:18

Көлдегі балыққа үңілгеннен не күй болады, әкім мырза?

Фото: Арал ауданы әкімдігі

    Жаңа Қазақстанда ауыл тіршілігін жаңа қырынан жандандыру қажет немесе     
     көлдегі балыққа үңілгеннен не күй болады дейсің?!

Қызылорда облысы, Арал ауданының әкімі

Аманжол Сақыпұлы назарына!

Қызылорда облысының ауылдарының ішінде ең алдымен Нағи Ілиясов ауылының мақтанышпен ауызға алынатыны бар. Бұл ауылдың да сонау бір кездері кетеуі кетіңкіреп тұрған кезінде осы ауылдың тумасы, қоғамымызға белгілі азамат әрі кәсіпкер, кезінде Парламентте депутат болған Абзал Ерәлиев өзі бас болып, ауылын жандандыруға атсалысқан. Қазір Нағи Ілиясов ауылын республикалық деңгейде өзгелерге үлгі ретінде көрсетіп жүрміз. Сондықтан Қаретерең ауылын да өзге қырынан түлетуге болатындығы күмән тудырмайтын ақиқат екені мәлім.

Маған келіп жеткен мәлімет бойынша, жұмыссыздықтан күн көріс үшін балық аулайтын жерлестерімнің соңғы кездері жағдайы аса мәз емес секілді. Себебі сол судағы балық тапшы және екіншіден балық аулауға қатысты талаптар тым қатал. Оның өзінде белгілі мерзімде ғана белгілі мөлшердегі балықты аулауға болатын көрінеді. Және бәрінің бірдей балық аулауға ебі бар деуге де келмес. Ебі барының өзіне суда балық әрдайым бола бермейді. «Жығылғанға жұдырық ала жүгіру сықпыты секілді» бір отбасындағы екі бірдей жұмыссыз отырғвн ерлі-зайыптылар мұңын кім тыңдайды сонда?!

Ауылда өнім өндіретін өндіріс атаулының жоқтың қасы. Тіпті жоқ десек те болады. Осындағы мектеп пен дәрігерлік амбулатория және мен білетін шектеулі штаты бар «Арал-Сарыбұлақ» орыны, сондай-ақ «Барсакелмес қорығы» ауылдастардың бәрін жұмыспен қамти алмайтыны айдан да ақиқат нәрсе.

Сондықтан көлдегі балыққа үңіліп қарағанның жәйі не себепті болмайтынын жоғарыда атап өттік. Ендеше, уақыт оздырмай, біздің ауылдан да ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін (макарон өндірісін немесе басқасын) өндірісті ашуды жеделдетіп қолға алу қажет. Себебі, ғажайыптан көлге алтын балық топ етпейтіні, жалпы балық атаулының ешкімнің де тілегін орындамайтыны мәлім..

Сонау бір жылдары ауылымызда аяғы ауыр келіншектердің босанатын орыны болып еді. Енді біраздан бері сәбилі болғысы келетіндер аудан орталығына барып, әлек болып жүр. Ал кезінде ауылымыздағы Қалмаш апаның өзі аналарды аман-есен босандырып алып еді.  Қазіргі кезде апамыз зейнеткер. Осы ретте айтпағым, сонау кездері ауылымызда болған аурухананы Жаңа Қазақстанда қайта орнына келтіруге болатындығы әбден түсінікті жәйт. Бұл ретте ауылдастардың айтуы бойынша, бұрынғы аурухана ескірген және ол почтаға айналып кеткен көрінеді.

Жаңа жедел жәрдем көлігінің өзің ауылымызға әупірімдеп әрең дегенде алғыздық.  Қозғай, қозғай әбден жауыр болған жол азабына байланысты бірнеше мәрте мәселе көтерілгеннен кейін ғана сең қозғалып, іс басталды. Осы жолдың «Жаңақұрылыс-Қаратерең» аралығына қатысты бөлігін енді өз мерзімінде бітірсе құба-құп болар еді...

Әмірхан Алмағанбетов,

журналист

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 353
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 183
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 189
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 195