Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
796 2 пікір 31 Қаңтар, 2024 сағат 13:53

Педофилдерді өмір бойы түрмеге қамау: Депутаттар заң жобасын талқылайды

Депутат Асхат Аймағамбетов Парламент Мәжілісінің қарауына түскен заң жобасы туралы айтып берді.

«Бұл заң жобалары Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленді. Жоба Мемлекет басшысының отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді. Заң жобасында тиісті негізгі нормаларды ұсынып отырмыз. Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу және де жазасын әлдеқайда қатаңдату ескерілген. Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шараларды қабылдау құқығын беру қарастырылған», - деді депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру ұсынылды.

«Сонымен қатар, педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы арнайы норма бар. Суицидты насихаттау немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ескерілген. Бұған қоса, балаларға арналған интернаттық ұйымдарды алдын-ала ескертпей-ақ, кезкелген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылды. Аталған заң жобасы бойынша Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжіліс депутат.

Фото: Егемен Қазақстан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2170
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2455
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672