Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2757 0 пікір 6 Қараша, 2013 сағат 07:29

Жириновскийді желкемнің шұңқыры көрсін!

Сенатор Ғани Қасымов Үкімет басшысы С.Ахметовке  Ресей мемлекеттік думасының депутаты, РЛДП-ның жетекшісі Жириновскийдің Қазақстанға келуіне тыйым салуын сұрап, депутаттық сауал жолдады.

Сенатордың сауал жолдауына Жириновскийдің Ресей арналарының бірінен Орта Азия халықтары туралы айтқан сөздері себеп болыпты. Қасымов Орта Азия халықтарының намысын жыртып, Жириновскийді  желкемнің шұңқыры көрсін, Қазақстанға аяғын аттап баспайтын болсын деген өтінішпен Үкіметке қайырылыпты.

Әйтседе, Жириновский Орта Азия былай тұрыпты, Қазақстанды талай рет жерден алып, жерге салып жамандап, аузына келгенін айтқанын жұрт жақсы біледі. Тіпті, неше рет Қазақстанға келіп те кеткен. Ресейдің либерал-демократ «бұлбұлы» Қазақстан туралы ойына келгенін оттап, «сайрағанда» намыстанбаған Қасымовқа  Жириновскийдің Орта Азия туралы айтқандары жанына шын батқанға ұқсайды. Қайтсін енді...

Жириновскийдің жел сөзіне етіміз үйреніп кеткен. Жындымен бірге жынды боласың ба, енді... Әлде Қазақстанда мемлекеттің абырой-беделі, намысы деген нәрсе қасқалдақтың қанындай қат нәрсе болып кеткен бе, әйтеуір, Жириновский сияқтылар не десе де, үн-түн жоқ отыра береміз. Үнсіздіктің есебінен алып қарасақ, Қасымов мырза кішігірім ерлік жасады деуге болады. Себебі, қазіргі саяси жағдайда Ресейге және оның азаматтарына қарсы сөз айту, қарсы тұру Қазақстанда жеңіл-желпі қылмысқа айналып, қарсы тұрғандардың тірлігі ұлттық ерлікке балана бастады...

Ал, Үкімет Жириновскийдің Қазақстанға келуіне тыйым салмайды-ау... «Атымның сыры өзіме мәлім» дегендей... Біздің Үкімет ондай ерлікке барса, бұ дүние басқаша реңк алар ма еді, қайтер еді...

Жириновский 1946 жылы Алматыда туған. Ресейге Қазақстаннан барған «оралман» десе де болады. Алматыдағы №25 орта мектепте оқыған. Алматыдағы Масаншы көшесінің бойындағы № 79 үйдегі № 3 пәтерде тұрған. Қазір өзінің тарихи Отанының астанасы Мәскеуде. Білдей бір партияның жетекшісі, көсемі. Ресей думасында депутат.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар