Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2455 0 пікір 6 Қараша, 2013 сағат 04:55

Назерке Инақанова. Сізге не керек?

Ғарышқа ұшу үшін орыстардан рұқсат сұрау керек. Қазаққа той жасау үшін несие алу керек. Науқасқа тегін медициналық көмек керек. Сыбайлас жемқорлықтың тамырын қию керек. Әскерге бару үшін немесе бармай қалу үшін ақша керек. Қарттар мен балалар үйіне қатысты қатаң заң керек. ЖОО-н бітірген түлектерге жұмысқа тұру үшін дипломмен бірге 3 жылдық тәжірибе керек.  Бала тәрбиесіне көңіл бөлу керек. Бүлдіршіндерге тегін балабақша керек. Бас қалалардың (Алматы, Астана)қазақ мектептеріне қазақша білетін ұстаздар мен оқушылар керек. Мұғалімдер оқушылардан ақша сұрауды қоюы керек. Әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету керек. Әрбір мектептің жылдық жөндеуіне бөлінген ақша тиісті орнына жетуі керек. ҰБТ-дан гөрі оқушыларға тиімдісі билетпен сынақ тапсыру керек. Еліміздің жастарына жан-жақты білім, әсіресе, діни сауат керек. Көп балалы аналарға сатып баспана алатындай салмақты алтын алқа керек. Оңай ақша табам деушілерге бүйректерін сату керек. Мұнайшыларға тұрақты жалақы керек. Әр құрылысқа бір топ өзбек керек. Танымал болу үшін кино түсіру керек. Алматыға созылмалы автобустар, аспаннан салынған автожол, жолақысын қалыпта ұстай алатын басшылық керек. Пәтер табу үшін маклермен ақша бөлісу керек. Көлік жүргізем десең, МАИ отбасын ойлауың керек. Нәрестеге ананың ақ сүті керек. Өлмейін десең шекара қызметіне бармау керек. Алматының метросына жүргінші керек, экологиясына күтім керек.

Ғарышқа ұшу үшін орыстардан рұқсат сұрау керек. Қазаққа той жасау үшін несие алу керек. Науқасқа тегін медициналық көмек керек. Сыбайлас жемқорлықтың тамырын қию керек. Әскерге бару үшін немесе бармай қалу үшін ақша керек. Қарттар мен балалар үйіне қатысты қатаң заң керек. ЖОО-н бітірген түлектерге жұмысқа тұру үшін дипломмен бірге 3 жылдық тәжірибе керек.  Бала тәрбиесіне көңіл бөлу керек. Бүлдіршіндерге тегін балабақша керек. Бас қалалардың (Алматы, Астана)қазақ мектептеріне қазақша білетін ұстаздар мен оқушылар керек. Мұғалімдер оқушылардан ақша сұрауды қоюы керек. Әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету керек. Әрбір мектептің жылдық жөндеуіне бөлінген ақша тиісті орнына жетуі керек. ҰБТ-дан гөрі оқушыларға тиімдісі билетпен сынақ тапсыру керек. Еліміздің жастарына жан-жақты білім, әсіресе, діни сауат керек. Көп балалы аналарға сатып баспана алатындай салмақты алтын алқа керек. Оңай ақша табам деушілерге бүйректерін сату керек. Мұнайшыларға тұрақты жалақы керек. Әр құрылысқа бір топ өзбек керек. Танымал болу үшін кино түсіру керек. Алматыға созылмалы автобустар, аспаннан салынған автожол, жолақысын қалыпта ұстай алатын басшылық керек. Пәтер табу үшін маклермен ақша бөлісу керек. Көлік жүргізем десең, МАИ отбасын ойлауың керек. Нәрестеге ананың ақ сүті керек. Өлмейін десең шекара қызметіне бармау керек. Алматының метросына жүргінші керек, экологиясына күтім керек. Шетелдіктердің Қазақстан азаматтығын оп-оңай алуы үшін жалған некеге (фиктивный брак) келісетін еліміздің азаматы не азаматшасын табуы керек. Сотқа да заң алдында жауап беру керек. Скатқа жарнама үшін жиі-жиі жанжал керек.

Карипов.Б., журналист :

- Әншіге хит ән керек. Продюсерге ар-ұят керек. Мұғалімге үкіметтен қамқорлық керек. Дәрігерге тәжірибе керек. Зейнеткерге сабыр керек. Журналиске жаңа идеология керек. Дінбасыларына ақида, бірлік керек. Президентке лайықты мұрагер керек. Депутатқа бас көтеру керек. Министрге шатақ керек.

Шынат.А., студент:

- Жас отбасына баспана керек. Студентке жатақхана керек. Жазушыға ізденіс керек. Әжеге ақ жаулық керек. Сәбиге бесік керек.

Айтып айтпай не керек, бұл мәселелер шешімін тапсын десек алдымен, тыңдаушы құлақ керек, атқарушыға ұят керек.

Құрметті оқырман, ал сізге не керек?

Abai.kz     

0 пікір

Үздік материалдар