Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3231 0 пікір 18 Қазан, 2013 сағат 14:28

Мұндайды естіп пе едіңіз? Мұғалім миллионер атанды

Семейде 2012 жылдан бастап «Қаланың үздік мұғалімі» байқауы өткізіліп келеді.

Жуықта осы байқау аясында қаладағы үздік ұстаздарды құттықтауға арналған салтанатты шарада №1 мектептің биология пәні мұғалімі Светлана Коновалованың еңбегі ерекше бағаланып, оған 1 731 000 теңгенің сертификаты табысталды. Сондай-ақ, жиын барысында жүзден астам мұғалім қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен, 44 мұғалім мен 10 ардагер ұстаз бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бүгінде қаладағы мектептерде 3795 педагог қызмет етіп келетінін айта кеткен жөн. Мұғалімдер құрметіне ұйымдастырылған аталмыш жиынға мәслихат депутаттары мен қала тұрғындары да қатысты.

Abai.kz

0 пікір